400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қысқы орманға саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аңдардың қысқы тіршілігіне қызығушылықтарын тәрбиелеу. хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып қысқа әңгімелер құрастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 05.01.2021ж.

Тәрбиеші: А.А.Сулейменова

«Қатынас» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Аңдардың қысқы тіршілігі»

Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат» /сурет бойынша әңгіме /

Мақсаты:

Тәрбиелік: Аңдардың қысқы тіршілігіне қызығушылықтарын тәрбиелеу

Дамытушылық: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып қысқа әңгімелер құрастыру іскерлектерін дамыту.

Оқыту: Балаларды өз пікірлерін айта білуге, өз ойын дұрыс тұжырымдап айта білуге үйрету

Педагогикалық технологиялар: АКТ Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, сұрақ –жауап, әңгімелесу

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қандай ай?

Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

Ал сендер қысқы ормандағы аңдардың тіршілігі жайлы білгілерің келе ме?

2.Негізгі бөлім:

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Суретте қандай жыл мезгілі?

Қандай аң қыста тонын өзгертеді?

Неліктен?

Қоян қорегін қалай табады?

Қоян түні бойы жүгіріп қорегін іздейді.

Ал күндіз бұта астына жасырынып демалады.

Құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп қоректенеді.

Мынау не?

Иә бұл аюдың апаны ғой.

Аю қыста не істейді?

Аю қашан ұйқысынан оянады?

Олар жемтігін қалай табады?

Суықтан қалай сақтанады?

Жазда аю қорегін кез келген жерден таба алады.

Аю араның балымен қоректенсе, аш кезінде шөп пен ағаштың тамырымен қоректенеді.

Аю қысқы ұзақ ұйқының алдында жақсылап қоректеніп, денесіне май жинап алады да табанын жалап ұйықтайды.

Аю ұйықтап жатқанда кішкентай қонжықтары дүниеге келеді.

Аюдың баласын не дейді?

Сергіту сәті.

Жүр көжегім топ – топ бас

Сұр қасқырым қолың соқ

Міне былай қолың соқ

Жүр аюым билей ғой

Міне былай билей ғой.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп –теріп алайық

Қалтамызға салайық.

”Ата және есінде сақта”.Сөйлемді аяқта:

Қасқыр(қандай?)-сұр,ашулы,аш,қауіпті,тісі өткір,жабайы, ....

Аю(қандай?)-... .

Түлкі(қандай?)-... .

Кірпі(қандай?)-... .

Қоян(қандай?)-... .

Тиін(қандай?)-... .

Түлкі баласы ­ жәутік
Қасқыр баласы ­ бөлтірік
Аю баласы ­ қонжық
Қоян баласы ­ көжек

Жұмбақ:

Өзі бір қу, жүрген жері айқай шу

Бұл қандай аң? Қайда тіршілік етеді?

Түлкінің іні болады , оның мұрны иісті жақсы сезеді, ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді. Құстарды жейді.

Түлкі, қасқыр, қоян қысқа азық дайындамайды.

Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ, иіс сезуі жақсы жетілген.

Жүндері қалың суық өтпейді.

Қасқыр апанда әлі жететін аңдармен, құстармен қоректенеді.

Д /о «Қай жануардың құлағы?



Мнемокестемен әңгімелеу:


3.Қортынды:

Қандай аңдарды білесіңдер?

Неге оларды жабайы аңдар дейді?

Қоян, түлкі, аю, қасқыр немен қоректенеді?

Балаларды мақтау, мадақтау.

Shape1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі