«Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Айгөлек»
бөбекжайы»
ҚМҚК
«Көбелек» тобының
ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні: «09» желтоқсан 2020
ж.
Тәрбиеші: Жамелова
А.Е Білім беру
саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене
шынықтыру
Өтпелі
тақырып: «Менің
Қазаақстаным»
Тақырыбы: «Қысқы орманға
саяхат»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Балаларды бір-бірін сыйлауға
тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Балаларды қысқы ойындармен
таныстыру. Шапшаңдылық, ептіліктерін
дамыту.
3.Оқыту: Гимнастикалық орындық арқылы
жүру,еңбектеп жүру.Орындықтын көмегімен жаттығу
жасау.
Ойын жарыс:
«Шаңғышылар»
Педагогикалық
технологиялар: Ойын.
Ресурстармен қамтамасыз
ету: құралдар,
слайд.
Билингвалдық
компонент: Шаңа-сани, шаңғы-лыжи,
қыс-зима.
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық
кезеңі
Балалар топқа кіріп бір
қатарға тұрады. Амандасу.
Сәлеметсіндер ме, ұлдар мен
қыздар! Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс. Ал сендерге қыс мезгілі
ұнайды ма? Ия. Қандай қысқы ойындарды білесіндер? (Шанамен ойнау,
қармен атысу, қарға аунау)
Билингвалдық
компонент: Шаңа-сани,
шаңғы-лыжи.
Балалар сендер білесіндер ме
неге қазір барлық адамдар масқа тағып, қолдарына перчатки киіп
жүргенін? Ия өйткені короновирус ауруы пайда болды. Дұрыс
айтасындар сондықтан да біз денсаулығымызды күту керекпіз ол үшін
таза ауада жүрген дұрыс, жаттығулар орындау керек. Соның барлығы
біздің денсаулығымызды нығайтады. Сонда біз ауырмайтын боламыз.
Витаминдер көп жеу керек, қолымызды жуып тазалық сақтап жүру
керекпіз.
Балалар менің үстіме
қарандаршы бұл нелер? Микробтар. Балалар біз топта отыра берген сон
үстімізге микробтар мініп алыпты,олардан құтылу үшін далаға
серуенге шығып жаттығулар орындайық па?
Ия.
Олай болса жолға дайындалайық.
Шеңберге отырып орындау. Балалар далада тонып қалмау үшін не
істейміз? Қалың киінеміз.
Тактильдік массаж ойын
«Серуенге дайындаламыз»
-
Шалбар, шұлық кию – аяқты
сыйпау
-
Күрте кию – қолдарды және
ішті сыйпау
-
Етік, пима кию – аяқтың
башпайларынан бастап тізеге дейін
сыйпау
-
Бас киімді кию – басты
сыйпау, жеңіл массаж, жібін байлау.
-
Куртканы киіп, түймелерін
салу – мойыннан ішке дейіңгі нүктелі
қозғалыстар.
-
Қолғап кию – қолдарды
сыйпау.
-
Мойын орағышты
тағу
Имитациялық жаттығу
«Қарлармен жүреміз»
Бәріміз киініп дайын болдық.
Енді орманға да баруға болады.
-
Шеңбермен жай
жүру.
-
Алдыда омбы қарлар – аяқты
көтеріп, адымдап жүру.
-
Ал енді мұздан өтеміз -ақырын
аяқтың ұшына тұрып жүру.
-
Қарлар ұшып жерге қонды, аяқ
астымызда қытырлады – өкшемен жүру.
-
Ал енді қарға түсіп кетпеу
үшін тез-тез жүгіреміз
-
Ағаштардың арасынан көңілді
жүгіреміз – жыланша ирелендеп жүгіру.
-
Ал енді шанаға отырып
жүреміз.
ІІ. Негізі
бөлімі
Балалар, қарандаршы менің
үстімдегі кейбір микробтар кетіпті? Бұл балалар жаттығу мен таза
ауаның көмегі.Ал енді әрі қарай жаттығулар орындайық, сонда барлық
микроптар кетер мүмкін.
Шаңаларға отырамыз. (Балалар
орындықтарға отырады)
Жалпы дамыту
жаттығулары: (Орындықпен)
-
Орындықта отыру -оңға-солға
бұрылып қарау
-
Орындықта
отыру, қолды
арқаға тығу, қолдарды
тәрбиешіге көрсету (Қолбақтарын) қайтадан қолдарын тығу. 8
рет
-
Орындықтың қасына тұру, екі
қолды жоғарыға
көтеру алдыға еңкейіп
орындықтың отыратын жеріне екі қолын тигізу. (шананы
тексеру)
-
Орындыққа отыру, екі қолмен
орындықты ұстап, екі аяқты тіке қөтеру және түсіру. (шанамен таудан
сырғанап келеміз)
-
Орындықтың артында тұрып,
орындықтан ұстап отыру және тұру.
(Тығылдық-көріндік)
-
Орындықтың артында тұрып, екі
аяқпен секіру. (30 сек)
Тыныс алу
жаттығуы: Балалар қарды қолдарына ұстап
үрлейді.
(Тағы да кішкене микробтар
кетеді)
Ал енді арықарай жол жүрейік.
Бір колоннамен зал бойынша жүру.
Негізгі
жаттығулар:
-
«Қысқы көпірден өту»
Гимнастикалық орындықтан жүру, екі қол екі жақта. Тәрбиеші
балаларға көмектеседі.Гимнастикалық орындықтан қос аяқпен секіріп,
тізені бүгіп қалу.
-
«Құлап қалған ағаштан өрмелеу»
Алақан және тізе арқылы гимнастикалық орындықтан
еңбектеу.
-
«Ағаштардан секіреміз» Қос аяқпен
секіру.
Балалар қазір біз сендермен
екі командаға бөлініп жарысамыз.
Ойын жарыс:
«Шаңғышылар»
Мақсаты: Балалардың ептіліктерін
дамыту. Жылдам болуға үйрету. Жеңіске деген құштарлыққа
тәрбиелеу.
Шарты: Балалар екі командаға
бөлінеді. Орындыққа отырып шаңғыны киіп,жарысып жүреді.Кеглиден
айналып артқа келеді. Осылайша кезекпен жүре
береді.
ІІІ.
Қорытынды
Балалар менің үстіме
қарандаршы біз сендермен жаттығулар
орындап таза ауада жүрген сон барлық микробтар кетіп
қалды.
Рефлексия. Балалар біз шаршадық, кәне
бәріміз жерге жатайық, көздерімізді жұмып терең тыныс алып дем
алайық. Балалар көздерін ашқанда сыйлық тұрады. Баалалар қарандаршы
бұл не? Сыйлықтарды балаларға таратып
беру.
Ал енді топқа
кайтайық.