15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Қысқы серуен"
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қысқы серуен (әңгіме құрастыру).
Мақсаты: a) Сурет бойынша әңгімелетуді жалғастыру.
ә) Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркесін дұрыс айта білуге жаттықтыру.
б) Табиңатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: №18 демонстрациялық материал ( қысқы серуендегі балалардың суреттері), №18 үлестірмелі материал (аққала шырша суреттері).
Алдын -ала жүргізілетін жұмыс: қысқы серуен-шана тебу, аққала соғу.
Әдіс-тәсілдер: : Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қостілдік құрам: аққала-снеговик, шана-сани, қар-снег.
Оқу іс-әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Ұйыдастырушылық-ізденістік.
Рефрекциялық түзетушілік |
Сәлеметсіндер ме, балалар! Қазір жылдың қай мезгілі? Ауа райы қандай? -Дұрыс, қазір қыс мезгілі. Қыста ауа райы суық болады. Қар жауады. Балалар қармен ойнайды. Енді мен сендерге осы қыс мезгілі туралы өлең оқып берейін. Аяз қысып, өрнек сызып, Терезенді торлайды. Қарға омбығып, бет домбығып, Сырғанап жастар ойнайды. Бөбектерім айтындаршы, Бұл қай кезде болады. (Ш.Ахметов) . №18 демонстрациялық материалмен жұмыс. -Балалар, жылдың қай мезгілі суреттелген? -Далада не жауып тұр? -Балалардың киімдері қандай? Балаларға өз ойларын атуға мүмкіндік берді. Қыста балалар немен сырғанайды? -Суретте Сәбит Айгүлді шанамен сырғанатып жүр. Айгүл көнілді ме? -Не үшін көнілді? -Арман мен Асхат не істеп жатыр? -Аққала қандай? Аққала-қардан соғылған домалақ қыс кейіпкері. -Иә балалар қысқы серуенді өте көнілді өткізіп жатыр. Билингвальды компонент: аққала-снеговик, шана-сани, қар-снег. №18 үлестірмелі материалмен жұмыс. Шарты: аққала мен шыршаны жабыстыру. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан қандай қыстық ойындарды білетінін сұрау. Сергіту сәті: (орындарында тұрып жүгіреді). «Қыста не болады?» дидактикалық ойыны. Шеңбер құрып тұрады. Допты бір-біріне лақтырып бере отырып, қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады. Тәрбиеші көмек беріп тұрады. -Балалар, мына суретте не бейнеленген екен? -Жылдың қай мезгілі екен? -Балалар немен ойнап жүр? -Өлең не туралы? |
-Сәлеметсіз бе?
-Қыс мезгілі. Ауа райы суық.
Өлеңді тындайды.
Қыста. Балалардың жауабы: -Қыс мезгілі. -Қар жауып тұр. -Жылы киінген.
-Шанамен сырғанайды. -Көнілді. -Оны ағасы шанамен сүйреп жүр. -Аққала соғып жатыр. Аққала үлкен , аппақ,домалақ. Аққала-снеговик, шана-сани, қар-снег сөздерін қайталайды.
Аққала мен шыршаны жабыстырады. Қимылдар тәрбиешімен бірге жасалады. Допты бір-біріне лақтырып бере отырып, қыс мезгілінің ерекшеліктерңн айтады. Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтежие:
Орындайды: сурет бойынша әңгімелеуге берілген тапсырманы:
Түсінеді: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін білдіретін сөздерді қолданып, сипаттау мәтінін қалай құрастыру керектігін;
Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген