|
Ұйымдастырушылық
-ізденістік
|
- Балалар,бүгін біз не туралы
әңгімелейтінімізді жұмбақ шешу арқылы білетін
боламыз.
Жұмбақ:
Шанамен зырлап
желетін,
Шаңғы,коньки
тебетін.
Аққала жасап
ойнайтын,
Қай мезгіл деп
ойлайсың?
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың
қандай мезгілі?
Қыс мезгілінде табиғатта
қандай өзгерістер болады?
Есік қағылып ішке торғай
келеді, аузына хат қыстырып алған.
Тәрбиеші: Балалар бізге кім
келді?
Тәрбиеші: Балалар
торғайдың аузындағы хатын алып
қарайықшы, бұл хат жәй хат емес екен балалар, торғай бізді өзімен
бірге орманға серуендеуге шақырып
келіпті.
Балалар
торғаймен бірге серуендеуге барамыз ба?
Балалар орманға барғанша жолда әртүрлі
кедергілер кездесуі мүмкін, сол кедергілерден жайлап жүріп
өтейік.Балалар мына жердің бәрі қалың қар екен осы қарға
құлап қалмай мына көпірден ақырындап өтейік.
Сурет пен
жұмыс.
-Балалар,жылдың қай
мезгілі суреттелген?
-Далада не жауып
тұр?
-Балалардың киімдері
қандай?
Балалар өз ойларын
айтуға мүмкіндік береді.
Қыста балалар немен
сырғанайды?
-Суретте Сәбит
Айгүлді шанамен сырғанатып жүр.Айгүл көңілді
ме?
-Не үшін
көңілді?
-Арман мен Асхат не
істеп жатыр?
-Аққала
қандай?Аққала-қардан соғылған домалақ қыс
кейіпкері.
-Иә,балалар қысқы
серуенді өте көңілді өткізіп жатыр.
Сергіту
сәті:
Енді балалар кішкене
көңілімізді көтеріп сергіту жаттығуын
жасап жіберейік.
Бір,екі,үш,
Қане қанат
қағамыз.
Бір,екі,үш,
Қарлығаш боп
ұшамыз.
Бір,екі,үш,
Жинап алжық
күш.
Тәрбиеші:
Балалар міне орманға да келіп жеттік. Орманның ауасы қандай таза?
Ауамен аздап демалайықшы . Таза ауада демалған қандай жақсы
.Балалар қараңдаршы не көріп
тұрсыңдар?Қоянның аузында хаты бар екен, алып оқимыз
ба?Қоянға көмек керек шығар , мұңайып отырған
сияқты.
№1үлестірмелі
материалмен жұмыс.
Қыс мезгіліне сай
суреттерді жабыстыру.
Жеке жұмысты қажет
ететін балаларға тәрбиеші көмек беріп
тұрады
«Қыста не болады?»
дидактикалық ойыны.
Шеңбер құрып
тұрады.Допты бір-біріне лақтырып бере отырып,қыс
мезгілінің
ерекшеліктерін
айтады.
|
Қызығушылық
танытады.
Мұқият
тыңдап,шешуін
табады.
-Қыс
мезгілі.
Балалар: Қыс
мезгілі
Балалар: Қар жауады, боран
болады, аяз соғады, күн мұздай болады, күн суытады, қыста аққала
жасаймыз, шанамен сырғанаймыз,
Балалар:
Торғай
Балалар торғаймен
серуенге баруға келіседі.
Балалардың
жауабы:
-Қыс
мезгілі.
-Қар жауып
тұр.
-Жылы
киінген.
-Шанамен
сырғанайды.
-Көңілді.
-Оны ағасы шанамен
сүйреп
жүр.
-Аққала соғып
жатыр?
-Аққала
үлкен,аппақ,домалақ
Тәрбиешімен бірге
қимылдарды қайталайды
- Балалар:
Қоян
Балалар:
иә
Қыс мезгілінің
суреттерін жабыстырады.
Допты бір-біріне
лақтырып бере отырып,қыс мезгілінің
ерекшеліктерін
айтады
|