Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қысқы табиғат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу қызмет ересек топ. "Балдаурен бөбекжай-бақшасы" Тақырыбы: "Қысқы табиғат" Құлыншақ тобы Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық,Таным
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық,Таным Ашық оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, Сурет салу,Математика негіздері
Тақырыбы: Қысқы табиғат Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігі  туралы түсінік беру.Қысқы табиғаттың әсемділігін тамашалап, шығармашылық жұмыстарды орындау дағдысын қалыптастыру,аққаланың бейнесіне назар аудару арқылы түсін,пішіндерін ажырату.Қыс кезіндегі қыстап қалатын құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Құстар туралы жұмбақтар, тыйым сөздерді айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Әдіс - тәсілдері:Мнемокесте қолдану, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті, сурет салу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, интерактивті тақта. Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрайық.

Жылулық шеңбері: Біз балдырған тең басқан Дос құшағын кең ашқан Тілегіміз тыныштық Ашық болсын көк аспан Мықты болсын іргеміз Бәрімізде біргеміз! 

Т: -Балалар, қараңдаршы мына жерде қиынды суреттер жатыр екен.Бәріміз бірге құрастырып көреміз бе? Б: Қиынды суреттерден қыс мезгілінің бейнесін құрастырады. Т: - Балалар, қандай сурет шықты? Б:- Қыс мезгілінің суреті шықты. Т: Дұрыс балалар қыс мезгілінің суреті шықты.Олай болса бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміз қыс мезгіліне арналады. Т: -Балалар жан жағымызға назар аударайықшы не көріп тұрмыз. Б: - Аққала. Т: -Балалардан Аққаланың ерекшелігін сұрау. Аққаланы жылдың қай мезгілінде жасайды? Аққала неше бөліктен құралады? Балалардың жауабы «Аққаланың бас киімі» арқылы топқа бөліну. /Қызыл, жасыл/ Т: - Балалар мына үстелдің үстінде кішкентай аққалалар бар.Олардың да бас киімдері қызыл және жасыл.Өздеріңе ұнаған аққаланы таңдаймыз.Қызыл бас киімді аққаланы таңдаған балалар үлкен қызыл аққаланың қасына, жасыл бас киімді таңдаған балалар жасыл үлкен аққаланың қасына бөлініп отырады.

Тақтаға назар аудару. Интерактивті тақтадан қыс мезгілінің,қысқы ойындардың суреттерін көрсете отырып әңгімелеу. Дымбілмес келеді:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне – торғай, жаңа ғана ұстап алдым.

(Балалар таңырқай қарайды)

  • Ой, балалар сендер неге қуанбайсыңдар.Сендерге не қызық емес пе ?

  • Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе? Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Сенің қыстайтын құстар туралы білгің келе ме? Онда балалармен бірге отырып тыңда. 

Дымбілмес: -Жарайды ендеше тыңдайын.

-Жарайды мен енді құстарды ұстап алуға болмайтынын білдім.Ендеше мен сендермен қоштасамын.Сау болыңдар

  • Интерактивті тақтадан құстарды көрсетіп,таныстыру.

  • Қыстап қалатын құстарға қарға, көгершін, сауысқан,суық торғай,сары шымшық, торғай жатады екен. Балалар,жылы жаққа ұшпайтын суыққа төзімді құстарды қыстап қалатын құстар деп атаймыз.Қысқа қарай олардың қауырсындарының астындағы мамық жүндері қалындайды, сондықтан олар суықта тоңбайды,төзімді болады. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген. Құстар қыс кезінде адамдар тұратын жерге жақын ұшып жүреді.Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.


Дидактикалық ойын:

Үстел үстіндегі қыстап қалатын құстарды атауларына қарай ажыратып,ағашқа қондыру.

- Мадина қарғаны тауып алып ағаштың төменгі қондыр.
- Айсезім сен торғайды тауып ағаштың сол жағына қондыр.

Қане Жанель сен сауысқанды тауып ағаштың оң жағына қондыр.

Мирас сен көгершінді ағаштың жоғарғы жағына қондыр.
- Құс нешеу?
- Көрдіңдер ме балалар олар бір ағашқа сыйып тату - тәтті өмір сүреді.


Т: Қызыл бас киімді аққала тобы құстар туралы тақпақ айтады.

Айару:

Құс ұясын бұзбаңдар,

Балапанын алмаңдар

Құстар біздің досымыз.

Обалына қалмаңдар.

Раяна:

Үйге кірші торғайым,

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашамын жегейсің.

Үйшік жасап берейін.


Т: Жасыл бас киімді аққала тобы құстар туралы тыйым сөздер айтады.

Айсезім: Мнемокесте арқылы тыйым сөз

Құс ұясын бұзбайық.

Обалына қалмайық.

Байназар:

Құстың ұясын бұзба

Жанел:

Құстың жұмыртқасын жарма

Аружан:

Аққуды атуға болмайды,

Досыңды сатуға болмайды.

Т: Екі топтың балалары бір-бірлеріне жұмбақтар жасырады.

Қызыл бас киімді аққала тобы

Мадина:

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там-тұмдап. (қарға)

Кәусар:

Бейбіт құсы аталады,

Бар әлемге жар салады.

Танисың ба ол құсты

Аты қалай аталады? (көгершін)

Жасыл бас киімді аққала тобы

Айсезім:

Жапалақтап жауады,

Жердің бетін басады.

Бұл не аппақ мақтадай?

Кәнекей, кім табады? (Қар

Аружан:

Ол көңілді сайқымазақ емес, Үш қабатты бірақ үй емес Қайырымды бірақ дәрігер емес (Аққала)

Сергіту сәті

Аппақ ақ қар түсті де,

Қыс ызғарын сыйлады.

Мен де кидім үстіме

Жылы тон мен пиманы.

Құлақшыным басымда

Қолда жылы қолғабым,

Аттанамын бақшаға

Енді неден қорқамын.

Шығармашылық жұмыс

«Қар жамылған ағаш» бейнесін салу

  • Қызыл қалпақты аққала тобының балалары кофемен ағаш діңін бояп, желім жағып, тұз сеуіп қар жамылған ағашты бейнеледі.

-Жасыл қалпақты аққала тобының балалары құстың ұясын құрастыру.

Қорытынды:

Кері байланыс:«Ашық микрафон»

Сұрақ- жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау. Балаларды мадақтау.

























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2021
1267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12