Тоты құс келеді.
-
Сәлеметсіздер ме, балалар, мені
таныдыңдар ма? Сендердің дауыстарыңды
естіп, ұшып келдім. Достарымнан қалып
қойдым, маған қыстайтын жер тауып
алуға сұраймын.
Тәрбиеші:
Балалар, тоты құсқа көмектесеміз бе?
-
Иә.
-
Көмектесетін болсақ бізге орманға
баруымыз керек. Орманға
барсақ өзімізбен не алуымыз керек?
(Үстелдің
үстінде рюкзак, қайшы, жем, мақта
жатады) Керек заттарды сөмкеге салады.
Балалар
орманға тоты құсқа үйшік іздеуге
шықты.
Ағашқа
тап болады (ТСО -құстардың суреттері)
-
Балалар, бұл не?
-
АғашАғаш діңінде ұяғай, бұл ұяда не
тұрады? Бұл құстың аты қалай?
-
Бұл жапалақ
-
Жапалақ қандай құс?
-
Жапалақ күндіз ұйықтап, түнде қоректі
іздеуге шығады. Оның басы үлкен, көзін
ашып жұмады.
-
Мынау қандай құс?
-
Тоқылдақ - орманның дәрігері, ағаштарды
құрттардан тазартады.
-
Келесі?
-
Шымшық, ол орманда мекендейді, кейбір
кезде қалаға ұшып келеді.
-
Балалар, бұл құстар жылы жаққа ұшады
ма?
-
Бұл құстар ағаштың діңінде ұя жасайды,
орманда қыстап қалатын құстар. Олар
орманның қамқоршысы.
Құстың
дыбысы шығады.
-
Балалар, бұл не дыбыс?
-
Құстардың дауысы
Ағаштың
үстінде торғайлар отыр.
-
Балалар, торғайлар тоңып қалыпты.
Оларды жылыту үшін не істеуге болады?
-
Ұя жасап, тамақ беруге болады.
-
Балалар, аяқ астында жатқан бұтақтарды
жинап, одан торғайларға ұя жасап
берейік. Жәмиля, қарап жіберші, сөмкеде
керек заттар бар ма?
-
Иә, мақта бар
Балалардың
көмегімен бұтақтардан ұя жасау.
-
Мақтаны жұмсақ, жылы болу үшін қоямыз
-
Балалар, торғайлар қуанышты сияқты.
Балалар
жем шашады.
-
Енді оларға жылы, жаурамайды. Сендерге
рахмет айтып жатыр.
Судың
дауысы шығады.
-
Балалар, бұл ненің дыбысы? Қане,
жақынырақ барайық.
-
Балалар, судың жағасында қандай құстар
бар?
-
Аққу, шағала, бірқазан
-
Жанел аққу туралы әңгіме айтып берем
дейді
Әңгіме
"Қыста өзенде қалып қойған аққу"
-
Балалар, құстар туралы қандай тақпақ,
жұмбақтар білесіңдер?
-
Сабина, сөмкеде жем бар ма, қарап
жіберші.
Балалар
құстарға жем береді.
Шыршаның
қасына келеді. Оның үстінде бос үйшік
тұр.
-
Балалар, мынау біз іздеп жүрген үйшік
қой, ішінде ештеңе жоқ сияқты. Қане
тоты құстан сұрайық, үйшік ұнады ма?
-
Тоты құстың көңілі жоқ қой. Не болды?
-
Балалар, сендермен жүрген ұнағаны
соншама, жалғыз қалғым келмей тұр.
-
Балалар, тоты құс жалғызсырап тұр,
оған көңілді болу үшін үкі жасайық.
Шыршаның
бүршігінен және ермексаздан балалар
үкі жасап, тоты құстың жанына қояды.
Тоты
құс: Рахмет, балалар, көмектеріңе.
-
Сау бол, тоты құс, пәтерің құтты болсын.
Тәрбиеші:
Балалар, енді балабақшаға қайтатын
уақыт болып қалды. Мында екі жол,
балабақшаға қай жолмен барамыз: ұзын
жолмен ба әлде қысқа жолмен ба?
-
Ұзын жолмен
-
Ендеше ұзын жолға түсейік. Қараңдар,
жол үстінде бірдеңе тұр ғой.
Торға
салынған көгершінді көреді.
-
Бұл қандай құс? Көгершінді торда
ұстауға болады ма?
Балалардың
жауабы.
-
Дұрыс, балалар, көгершінді бостандыққа
жіберейік. Ол бейбітшілік құсы.
-
Сау бол, көгершін.
|