Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қыстайтын құстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектепке дейінгі мекемедегі қазақ тілі мұғаліміне қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Қыстайтын құстар

Мақсаты: Қыстайтын құстар туралы, олардың тіршілік ететін ортасы және қоректері туралы түсініктерін бекіту. Сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, пазл, үлестірме қағаздар

Билингвальдық компонент: торғай-воробей, көгершін-голубь, қарға-ворона,құстар-птицы,ұя-гнездо

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Мен бақшаға барамын,

Ойнаймын,ән саламын.

Тәрбиеші апайлар,

Досы барлық баланың.

-Балалар, қонақтарымызбен д амандасайық! «Сәлеметсіздер ме!»


  • Балалар қазір қай жыл мезгілі? (қыс)

  • Балалар, қыс мезгілінің қай айы? (қаңтар)


Тамаша , балалар! Енді ашық оқу қызметімізді бастайық!


ІІ Негізгі кезеңі

-Балалар, ашық оқу қызметін бастамас бұрын, сендермен бір тапсырманы орындағым келім тұр. Алдарыңда тұрған конвертті ашып, ішіндегі пазлды жинаңдар.

- Ал,құрағанда қандай суреттер шықты?

-Жарайсыңдар, балалар!

-Құстар туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші!


1.Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Ұясына қонбайды.



2.Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз,баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп,

Көгершінді мақтаймыз.


3.Қарға,қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.

Бүгін біз құстар тақырыбын өтеміз, соның ішінде жыл құстары емес, ал қыстайтын құстар туралы. Олардың қандай айырмашылығы бар, кім айтады?


Презентация көмегімен құстар туралы, олардың қорегі туралы ақпарат беріледі.


«Аз,көп» ойыны

(Балаларға интерактивті тақтадан суреттер көрсетіліп, сол бойынша сұрақтар қойылады)


  • Ал, балалар интерактивті тақтадан құстар бойынша тапсырмаларды орындауымыз керек. Тапсырма бойынша «Аз немесе көп» және «Үлкен немесе кіші» деп жауап беріңдер.


Құстың дене мүшесі



Балалар, біз құстардың дене мүшесі туралы айттық. Енді өзіміздің дене мүшелеріміз көрсете отырып, бойымызды сергітіп алайық.


ІІІ Сергіту сәті. «Бас,иық,тізе,аяқ» бейнежазбасы көрсетіледі, балалар билейді.


  • Ал енді, балалар құстардың үйі қалай айтылады? Тақтаға қарап, дұрысын табыңдаршы.

  • Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар, құстың үйін «ұя» деп айтамыз. Ендеше,құсымызды ұяға қондырайықшы.

«Құс ұясы» лабиринті үлестірме тапсырмасы

Балалардың алдына үлестірме қағаздарда тапсырма беріледі. Лабиринттегі дұрыс бағытты таңдап,қарындашпен сызу арқылы тапсырманы орындайды.

  • Тамаша, бәрекелді, достар! Біз достарымызға көмек қолымызды создық! Құсымызды ұясына жеткізіп, қондырдық. Құс сендерге алғысын айтып жатыр.

«Тіл ұстарту» жаттығулары


  • ыс-ыс-ыс келіп қалды құс

  • ос-ос-ос құстар бізбен дос

  • ұс-ұс-ұс ұшып кетті құс


IV Рефлексия

  • Балалар, сендерге бүгінгі ашық оқу қызметі ұнады ма? Оқу қызметін «Бас бармақтар» әдісі арқылы бағалап жіберейікші.


V Қорытынды

  • Балалар, көңіл-күйлеріңнің жақсы болып, бүгінгі ашық оқу қызметі ұнағанына өте қуаныштымын. Ал, біздің достарымыз көмектескендерің үшін сендерге сыйлықтарын беріп жіберді!

Ал, енді қонақтарымызбен қоштасайық! «Сау болыңыздар!»

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: құстарға қатысты тапсырмаларды орындай алады;

Түсінеді: құстардың тіршілік ету ортасын, қорегін;

Қолданады: сөйлеу дағдысында қыстайтын құстардың атауын қолдана алады




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
710
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11