жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ "Қыстың ғажайып сəттері"
Мерзімі:25.01.2017жыл
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Білім беру бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: Қыстың ғажайып сәттері
Мақсаты: Балаларғаайналамен таныстыру сабағы бойынша қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Балалардың
ой- өрістерін дамыту, еркін сөйлеуге, сурет бойынша әңгіме құрастыру және қысмезгілінің ерекшілігімен таныстыру, анық сөйлеуге, есте сақтау қабілетін
дамыту.
Көнекіліктер: Қыс мезгілінің суреттері.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық. |
Жылулық шеңбер. Самал жел бізді желдетші, Күн нұры бізді жарқырат. Таза ауа бізге дем берші, Мөлдір су бізді салқындат. |
Тәрбиешімен бірге қайталау. |
|
Ұйымдастыру іздестіру. |
Балалар бүгін бізде қандай күн қане апта күндерін айтып өтейікші. Сенбі, жексенбіде біз не істейміз? Олай болса бүгін қандай күн екенін қайтадан қайталап айтып қандай күн екенін табайық. Дұрыс айтасыңдар бүгін сонда қандай күн екен? Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қандай мезгілі? Ендеше қыс айларында қандай айлар бар екен айтайықшы қалай аталады екен? Сонда қазір бізде қандай ай? Балалар қыс айында ауа-райы қандай болады? Далада не жауады? Қардың түсі қандай? Оны қолымызға ұстағанда неге айналады? Ал, суды аязға шығарсақ ол неге айналады? Олай болса балалар біз енді оқу қызметімізді бастайық. Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз Қоршаған ортамен таныстыру Ал, оқу қызметіміздің тақырыбы: «қыстың ғажайып сәттері» деп аталады. Балалар мына суреттерге қараңдаршы ненің суреттерін көріп отырмыз қане айтайықшы?
Жарайсыңдар балалар дұрыс айтасыңдар міне осы көрген суреттердің барлығы қыс мезгілінде ойналатын ойындар түрлері мен ойнауға пайдаланатын ойын құралдары болып табылады. Сонымен қатар қыс мезгілінде болатын үлкен мереке «жаңа- жыл»мерекесі. Балалар айтыңдаршы жаңа- жылда біз не құрамыз? Шырша қайда өседі? Шыршаның түсі қандай? Шыршаны құрғаннан кейін оны не істейміз? Шыршаны біздер немен безендіреміз? Балалар осы жаңа- жыл мерекесінде біздерге кім келеді? Аяз ата мен ақшақар бізге не сыйлайды? Балалар айтыңдаршы осы сыйлықтарды аяз ата мен ақшақардан қалай аламыз? Балалар айтыңдаршы шана бізге не үшін керек, онымен не істейміз? Ал, шаңғы, конькимен не істейміз? Дұрыс айтасыңдар Бірақ шаңғымен қандай жерде сырғанаймыз? Ал, конькимен қайда сырғанаймыз қар үстінде ме? Дұрыс айтасыңдар балалар Ал, балалар айтыңдаршы қармен қандай ойындар ойнаймыз? Содан кейін ше?,қардан не жасаймыз? Дұрыс айтасыңдар бірақ, осы аққаланы қалай жасаймыз? Бірінші несін жасаймыз? Содан кейін ше? Ал, көздерін неден жасаймыз? Көмірдің түсі қандай? Көмірдің пішіні қандай? Көмірмен не істейміз? Ал,мұрнын неден жасаймыз? Сәбіздің түсі қандай? Пішіні қандай? Дәмі қандай? Оны қайда қолданамыз? Балалар айтыңдаршы аққаланың пішіні қандай болды? Түсі қандай? Көзі қандай? Ал, мұрны қандай? Балалар аққаланы жылы жерге қойсақ не істейді? Ерігенде ол неге айналады? Ал, суды аязға шығарғанда ол неге айналады? Дұрыс айтасыңдар балалар енді қане сергіту сәтін жасап шынығып, бой жазып алайық. Сергіту сәті Боран соқты оң жақтан, Боран соқты сол жақтан. Қарды жинап аламыз, Алысқа лақтырамыз. Қолымызды қағамыз, Орнымызға барып отырамыз. |
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. демаламыз. Дүйсенбі, сейсенбі, Сәрсенбі, бейсенбі, жұма сәрсенбі қыс желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қаңтар Суық, аяз, боран. қар ақ суға мұзға Шана,шаңғы, конки, аққала, сырғанақ теуіп ойнаған балалар, қар лақтырып ойнаған балалар, шаңғы теуіп ойнаған балалар, шырша және аязата мен ақшақар. шырша орманда жасыл безендіреміз ойыншықтармен аяз ата мен ақшақар сыйлықтар тақпақ айтамыз, би билейміз, ән айтамыз балабақшаға келеміз,сырғанақ тебеміз онымен де, сырғанаймыз қардың үстінде жоқ, мұз үстінде қар лақтырысып, аққала жасап қарды домалатып басын ішін және аяғын көмірден қара дөңгелек от жағамыз сәбізден қызыл сопақша тәтті тамаққа дөңгелек ақ қара қызыл еріп кетеді суға мұзға Тәрбиешімен бірге 3-4рет қайталау |
|
Рефлексивті түзетушілік |
Балалар сонымен бүгін аптаның қандай күні болды?, қазір жылдың қандай мезгілі?, ауа-райы қандай?, далада не жауады?, оның түсі қандай?, қолымызға ұстағанда неге айналады?, ал, аязға шығарсақ неге айналады?, бүгін бізде қандай тақырып болды?, бізде сабақ не туралы болды?, қыс мезгілінде қандай ойындармен ойнаймыз, нелермен сырғанаймыз?, қардан не жасаймыз?, қыста қандай мереке болады?, онда бізге кім келді?, бізге не сыйлады?. |
Сұрақ-жауап арқылы барлық бала түгелдей оқу қызметке жақсы араласып отырды. Қыс туралы |
|
Қорытынды |
Ойын Балалар міне мынау бізде қар осы қарды екі бала ортаға шығып, кім бірінші болып көп қаржинап алады екен ойнын ойнайық. Бірінші болып көп қар жинаған бала жеңімпаз болады. |
4-5рет қайталатып ойнату |
|
Нені білді Нені меңгерді |
Балалар апта күндерін, жыл мезгілдерін, оның ауа-райын, далада не жауғанын оның түсін неге айналатындарын, қандай сабақ болғанын онда қандай сабақ өткендерін, олардың түрлерін ерекшіліктерін білді, меңгерді. |
|
|
|
Сергіту сәті Армысың қайырымды аспан ата! Армысың мейірімді жер ана! Армысың шұғұлалы алтын күн! Қуан, шаттан алақай! Күліп шықты бүгін күн! Сау болыңыздар қонақтар, апайлар. Бүгінгі біздің сабағымыз осымен аяқталды. |
Тәрбиешімен бірге қайталау. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін,әсемділіктерін сезіну
Қалыптасқан түсінік: Қыс мезгіліндегі ойындар мен мерекелерді
Орындаушылық қабілеті:Аққаланы жасай білді
Оқушылардың қарым- қатынас дағдыларын дамытуға арналған
ойындар мен жаттығулар.
Баланың басты психикалық іс-әрекеті – ойын. Төменгі сынып балалары негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде де ойнауын бірден тоқтатпайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Бірақ жағдай өзгерілгендіктен оның ойынға бұрынғыдай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта : «Баламен ойнама шаршарсың», «Бала – құлыншақ, бала – ұрыншақ», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді», - деп тегін айтылмаған.Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады.
М.Жұмабаев бала ойынына мынадай мән берген: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала 7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық даму жағынан қаурыт қимыл-әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнасада шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі. Ойын арқылы бала айнала қоршаған өмірді таниды. Өмір сүрудің белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік мінез-құлық нормаларын игереді, зейін, ес, қиял, ерік, ойлау сияқты психикалық процестерді біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік алып, сөйлеу тілі дамиды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі танып білуі жетіле бастайды. Осы жаста ойын арқылы бала адамгершіліктің ең парасатты мінез-құлықтарымен қарым-қатынас жасай бастағанын байқаймыз. Адамгершілік қасиеттердің жетілуі – оқу- тәрбие жұмысының нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі өлшемі.
Ойын оқушылар сабақтан жалыққан кезде олар сергітіп, сабаққа ынталандыра түсу үшін пайдаланылды.
Осы ойын түрлері « не үшін қажет?» деген сұраққа атақты психологтер өз енбектерінде былай деп жауап береді:
1- ден, «ойын мінез –құлықтын ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, яғни, мектебі», - дейді психолог Д.Б. Эльконин.
2- ден, әйгілі психолог А.Н. Леонтьевтің айтуы бойынша, ойын іс - әрекеттегі әдептілікке үйрену мектебі болып табылады
3- ден, «ойын мінез –құлықтын ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, яғни, мектебі», - дейді психолог Д.Б. Эльконин.
Жаттығу «Күн шуақты алаңқай»
Мақсаты: Қатаю дан арылу, жылы достық қарым – қатынастық қалыптастыру.
Нұсқау: Елестетіңіз, күн шуақты көк шалнын алаңқайда, дем алып отырмыз. Күн шуағы қөздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрыныңызға, ауызыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты.
«Күн шуақты алаққай» қызыл – сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. өз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.
Сергіту ойыны.
Екі қол, он қол, сол қол
Оң қол, сол құлақ
Сол қол, оң құлақ
Оң қол, ауыз (мұрынды ұстау, жаңылдыру)
Сол қол, бас
Оң қол, бес саусақ
Сол қол , бес саусақ
Екеуін қоссақ (9 саусақ, жаңылдыру)
10 саусақ балалардың жауабы.
«Қонақ келді» ойыны
Екі қолдын алақанын беттестіріп, екі бас бармақты бір – біріне ашып – жауып, «Ала – ала», балан үйрек саусақ «Немене?» шылдыр шумек саусақтар «Қонақ келді», кішкене бөбек саусақтар «келсе, келсін» ортан
терек саусақтар «Амансыз ба, амансызба?» содаң соң барлық саусақтар «Амансыз ба, амансыз ба?» деп бір бірмен амандасады.
«Ұшақтың екі ұшқышы ушуға дайындалды»
Саусақ және алақан ойындары балаларға ерте жастан пайдаланды.баланың сөздік және ойын қорын дамытуға пайдаланды. Бұл ойында жүргізуші мен баланың қолы, қимылы бірге қозғалуы тиіс.
|
Біз қонуға дайынбыз Рейс аяқтылды. Бәрі жақсы. |
Саусақтын қозғалысын баяулата отырып, қолды төмен түсіру тудырықты үстелге қою. |
«Тік ұшықтар»
|
Тік ұшақтын екі ұшқышы Ұшуға дайындалды -мен дайынмын! -мен де дайынмын |
Жудырықты үстелге қойып, бармақты жоғары көтеріп.Баспармақпен сол және оң жақты қозғалту. |
|
Біз жоғары ұшамыз Әне, төменде ағаштар, төбелер, жолдар және егістік далалар.бұл үлкен жер Біз онда да мұнда барғымыз келеді Біз ұшамыз!3 |
Бармақпен ызылдап отырашеңбер жасау бармақпен тез – тез айналдыру. Баланың қалауы бойынша бөлме ішінде жүгіру. |
|
Біз қонуға дайынбыз Рейс аяқтылды. Бәрі жақсы. |
Саусақтын қозғалысын баяулата отырып, қолды төмен түсіру тудырықты үстелге қою. |
«Қолғап»
|
Қызықты сөздер |
Саусақ қозғалысы |
|
Жуырда күн суытады Онда не істейміз? Бір қолда бір қолға Киінуге көмектеседі |
Қолды ауызға апарып, алақанды жылыту. |
|
Жылы, үлкен тон киіп ал Қалай жақсы болғаны. |
Бастапқы оң қолдың үш саусақтың басын бармақпен басынан соңына дейін сипау |
|
1,2,3 бірінен соң бірі Киініп алғанын қарашы |
Сол сияқты сол қолдың үш саусақғын сипалап өту. |
|
Есінеп тұр ол бала Не қилып тұрсын киін |
Кішкентай бөбекті екі рет сипау. |
|
Осы қозғалыстарды басқа қолымен қайталау |
|
|
Барлығы өз орында: Қолында қолғап |
Қолды жоғары көтеріп, оған қарау, саусақтарды қозғалту |
«Кім жоғын тауып ал»
Ойыншылардың барлығы көздерін жұмуы керек.Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенің тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші кім тауып дәл осылай қиялдаңыз немесе ұйықтар алдына тіпті күні бойы осылай армандаңыз». Енді бір оқушы сыртқа шыға тұрсын, ал, сіздер балалармен қенесіп алып, қандай да бір сүретті алып тастай тұрасыз, т.б. Енді сыртта тұрған бала шақырып аламыз, ол адам мына жерде не жетіспейтінін айтыу керек
«Бірге ән айту» жаттығуы.
Топтың мүшелері бір-бірінің қолдарынан ұстап дөнгелене тұрады да, ыңылдау арқылы кез – келген нота бойынша әндете бастайды. Осылайша олар бірте – бірне дөнгелектің ортасына бір – біріне жақындай қозғала бастайды. Олар бір ырғақпен музыканы бірге айтуға тырысу керек. Тек сол кезде ғана олар бір – біріне деген жақындықты сезінеді. Жаттығудың шарықтау шегі – ойыншылардың хормен әндетуі
Егер тренинг кезінде ойыншылар шаршай бастаса, осы жаттығуды орындату керек.
«Не жетіспейді?»
Бұл ойынды балалар стол басына келгенде ұсынуға болады. Біріншіден, үстөлде сүреттер жатыр не бар, соны зейін қойып, карап алыңыздар және естерінде сақтандар деп ескертуіміз керек Мысалы: жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ
баласы біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады; шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды, балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіреді, құда түсіреді» - деген.
«Әйнек арқылы ойыны»
Қатысушылардың біреуі параққа бір мәтінді жасырады, оны әйнек арқылы, яғни, ым – ишарамен, мимикамен келесі адамдарға жеткізеді, олар ұққандарын айтады. Берілген және жазылған мәтіннің
сәйкестік денгейі қарым – қатынас орната білуге болады.
«Пікір – талас» ойыны.
Топ «үштікке», яғни, үш –ұштен бөлінеді. Әрбір үштікке міндеттері бөлініп беріледі.Қатысушылардың біреуі «керең және мылқау» рөлін ойнайды: ол ештене естімейді, сөйлей алмайды, бірақ оның қатысушы құзырында көру, ым – ишара, пантомимика бар, екінші қатысушы «керен және сал адамның» рөлін ойнайды: ол сөлей және көре алады; үшіншісі: «соқыр және мылқау». Ол тек естуге және көрсетуге қабілетті..барлық үштікке ұсынылатын тапсырма:
кездесу орны, уақыта және мақсаты жайында келісу.
«Карусель» ойыны.
Топ мүшелері «карусель» принципі бойынша, яғни, бір – біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады: ішкі шеңбер қозғалыссыз, ал, сыртқы шеңбер қозғалмалы болады.
Ситуация мысалдары:
- Сіздің қарсы алдынызда өзініз жақсы танитын, бірақ, ендәір ұзақ уақыт бойы көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге куаныштысыз...
- Сіздің қарсы алдыңызда таныс емес адам тұр. Онымен танысыңыз...
- Сіздің қарсы алдыңызда кішкентай бала тұр, ол әлденеден шошынған. Оған жақындап барыңыз және оны жұбатыңыз.
Байланыс орнатуға және әңгімелесуге 3-4 минут беріледі. Содан сон жүргізуші белгі береді және тренингке қатысушылар келесі қатысушыға жылжиды.
Ертегі елінедегі ғажайып математика
|
Әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациалық қозғаушы |
Балалар шеңберге тұрады Армысың Әлем! Армысың, жарық Күн! Армысың, абзал Адам! Здравствуй мир! Здравствуй свет! Здравствуй , добрый человек! Good morning,Good morning,Good morning to you, Good morning, Good morning, l am glad to see you |
|
|
Іздену ұйымдасты- рушы |
Қыс мезгілі жайында балаларға сұрақ қойылады. - Балалар ,қазір қандай жыл мезгілі? - Қыс айларын атап беріңіздерші? -Дұрыс айтасындар балалар, сендер қыс мезгілі жайлы жақсы біледі екенсіндер. - Балалар қандай ертегілер білесіңдер? Олай болса Маша мен аю ертегісін тамашалаймыз. Бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндерімен танысамыз. «Ертегілер»әні ойналады. Ерте, ерте , ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүреді, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай депті. Маша: О,шіркін? Менің мынандай сарайымда көп достарым болса ғой? Мен олармен есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім. Осы кезде біреу есік қағады. Мен аюмын, мына сарайда кім тұрады? Мен Машамын. Аю: Мен саган үшбұрыш акелдім, сені таныстыруға, оның 3 бұрышы, 3 төбесі, 3 қабырғасы бар , ол тура сенің үйінің төбесіне ұқсайды. Маша: Олай болса , менің тапсырмаларымды орында. Бір аптада неше күн бар және атап бер. Қасқыр: Мен қасқырмын, менің қолымда төртбұрыш бар, оның 4 бұрышы, 4 қабырғасы бар,ол теледидарға ұқсайды. Маша: Үйге кіру үшін мына тапсырмаларды орында, 1-5 дейін сана және кері санап бер. Қоян: мен қоянмын мен таныстыруға дөңгелек әкелдім,оның бұрышы жоқ, допқа, күнге ұқсайды. Маша: үйге кіру үшін тапсырма орында. Алма ағашта бес алма Қандай тәтті жесе алма Бесеуінде жеп қойсаң Қалады онда неше алма? Тәрбиеші:Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын, кім шешеді? 4 қонжық орманда Келе жатқан қорбандап Біреуі шаршады Әрмен қарай бармады Балалар 1-5 дейін санамақ айтып берейік. 1-дегенім бесік 2-дегенім елім Сергіту сәті. Оң қолымда 5 алма Сол қолымда 5 алма Қосып едім екеуің Болып шықты 10 алма Балалар енді аңдарды шақырып отырғызайық. 1. Пішіндерді үйрендім Қабырғасы тік сайлы 3бұрыш бұл үйлердің Шатырына ұқсайды 2. Бөлініп ап екіге Отырған сәт шетінде Төртбұрыш ұқсайды Үстелдің бетіне. Д/О: «Шырша ойыншықтары» Ойын шарты: балалар шыршадағы ойыншықтарды оң жақ- сол жақ, үстінде- астында ұғымдарын айтады. Сандар шығып такпақтар айтады.
Мен таяқша бірмін Барлық санға жол бастап Ең басында тұрамын 2саны. Бірден кейін тұрамын Сандар іші тұрағым Бірге бірді қосқанда Иіліп мен шығамын
3 сны боп қаламын Қос мүйізі майысқан Ұлттық ою саламын
5ке бірім жетпейді Бірақ 3ке ағамын Жақсысымын бағанын
Шықпас тегін ол естен Біліп санның шамасын Мысал ойлап табасын. |
Қыс мезгілі Ақпан
1 аптада 7 күн бар. Апта күндерін атап береді.
Санайды және кері санап береді
Қоян: 0 алма
Балалар жауабы
Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Балалар пішіндер туралы тақпақтар айтады
Балалар ойынға түгел қатысады
Балалар сандар туралы тақпақтарын айтады. |
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
Сабақты қорытындылау. Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Біздерге қонаққа нелер келді? Қандай пішіндермен таныстық? Атап беріңіздер? Сандарды,апта кундерін атап беріңіздер? |
Балалардың жауабы |
Ертегілердегі өлшем бірліктер
Білім – арзан,
білу – қымбат
Зерттеудің тақырыбы: Ертегілердегі өлшем бірліктер
Зерттеудің мақсаты:
Қазақы өлшемдер жайлы іздену, мағлұматтар жинау және қазақ
ертегілерінде кездескен қазақы өлшемдерді табу
Зерттеудің нәтижелері:
Мектеп бағдарламасында, күнделікті өмірде қазақы өлшемдердің нақты
қолданылмауы, қазақ ертегілерінде кездесетін өлшемдерді мысал
ретінде сабақта жиі қолданса, оқушаларға кеңінен мағлұматтар
берілуге бағытталған ұсыныстар.
Халық өлшемдерінің түрлері
- ұзындық өлшемі
- салмақ өлшемі
- көлем өлшемі, мөлшері
- уақыт және мезгіл өлшемдері
- ауа райы өлшемдері
Көлем өлшемі, мөлшері
Бір шымшым бір шөкім, бір уыс, қос уыс, бір тілім (нан), бір түйір,
бір қолтық, бір шүйке, бір құшақ, бір қап, бір шелек, бір қасық,
бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір арба, бір табақ, бір шоқ (үкі,
тал), бір топ (адам), бір қарын, бір сандық, бір қалта.
Көлемі мен аумағына қарай
бармақтай, шынтақтай, жұдырықтай, құмалақтай, етектей,
алақандай
Ұзындық өлшемдері
елі (1; 5 см), екі елі, үш елі... тұтам, сынық
сүйем (14 - 15 см), сүйем (17 - 18 см), қарыс, кере қарыс (20 -
22см), кез(50см), аршын (75см), құлаш (1, 80 - 2 м), жарты құлаш,
т. б.
Қашықтық өлшемдері
адым(қадам) (1м), таяқ тастам (10 - 15м), «әй» дейтін жер (100м),
дауыс жететін жер (250 - 300м), шақырым (1км), иек астында, бір
төбе астында (4 - 5км) қозы көш жер (5 - 6км), көз ұшында (6 -
7км), тай шаптырым (4 - 5км), құнан шаптырым (8 - 10км), ат
шаптырым
(25 - 30км), бір күндік жер, айшылық жол, т.
б.
Тақырыбы: Қасиетті
жеті
Мақсаты: Жеті санына қатысты қасиетті
ұғымдарды пайдаланып, халықтық педагогика негізінде математикадан
білімдерін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тез
есептеудің әдістерін көрсету арқылы есептеу дағдыларын дамыту,
математиканың жұмбақта қызықты есептерімен таныстыра отырып, ойлау
қабілеттерін дамыту
Көрнекілігі: плакат, слайд, проектор, қима
қағаздар
Әдісі: Сыныпаралық
сайыс
Қатысатын сыныптар:
7-10-сыныптар
Барысы:
Жүргізуші:Шығыс елдерінде 7 санын әсіресе
құрметтеген, жер дүниені 7 мен
белгілеген.
Вавилондықтардың сенуі бойынша жер астындағы
жұмаққа жету үшін негізгі жеті қақпадан өту керек деп
пайымдаған.
Бұл жерге келмейді ешкім ермек
үшін,
Есеп-қисап, сан цифр термек
үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын
қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін-деп «Қасиетті
жеті» атты кешімізді
бастаймыз.
Әділқазылар алқасын
сайлау
Оқу ісінің меңгерушісі Садуов
Ж.Ш
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Китапбаева
Ж.Т
І. Топтардың амандасуы (Топтың аты, ұраны,
киімі)
7-сынып Фигура
тобы
8-сынып Алғырлар
тобы
9-сынып Алғырлар
тобы
10-сынып Эврика
тобы
ІІ. Есепке кім
жүйрік.
Жеті шал келе жатыр. Әрқайсысының жеті
балдағы бар, әр балдақта жеті бұтақ бар, әр бұтақта жеті дорба бар,
әр дорбада жеті самса бар, әр самсада жеті торғай бар. Барлық
торғай қанша?
(117649)
ІІІ.Жұмбақ
жарыс
7-сынып
1) Бірдей санды бірнеше
рет,
Көбейтуден
тұрады.
Егер оны
ықшамдасаң,
қандай атау болады.
(Дәреже)
2) Күшіне сенген бір
мықты,
жығып салып сегізді.
(Шексіздік)
8-сынып
1)Егіз туған қос
жүйрік,
Жарыса шауып
терлейді.
Бірін-бірі
көрмейді,
Дамылсыз қанша
шапсада
Бір мәреге келмейді. (Параллель
түзулер)
2) Айналған шешу
құралына,
Төрт саны араласқан
құрамына,
«Теңдеудің түбірлері нешеу»
-деген
Қандай сан жауап береді сұрағыма?
(Дискриминант)
9-сынып
Оң сандарға қол
шатырдай,
Қалпақ болған
беделі,
Квадраттасаң егер
оны,
Жоғалтасың сен оны. (Квадрат
түбір)
2) Атадан он
баламыз
Бір-бір жастан
арамыз,
Қосылып кейде
басымыз,
Азайып кейде
қаламыз.
Бөлініп кейде
арамыз,
Көбейіп те аламыз. Ол не? (0мен 9 арасындағы
сандар)
10-сынып
12 бұтағы бар алып
емен.
52 шыбық тарап, өсіп
өнген.
Шыбық сайын 7-ден
жапырағы,
Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген. (1 жыл,
12 ай, 52 апта, 7
күн)
2) Нәрселерді
санағанда,
Керек ол бізге
ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай
сан,
Жан-жағыңа қарамай. (Натурал
сандар)
IV. Үй тапсырмасы (Өз өнерлерін
көрсету)
7-сынып Тоқтарбаева Дана. Ән «Туған
жер»
8-сынып Зейнелханов Нариман. Ән
«Ана»
9-сынып Шаймарданов Бекарыс және Арманұлы
Әліби . Күй
10-сынып Түркістанова Назыкеш пен
Әбдрахманова Гүлім. Ән «Сезімді
қайтейін»
V. Кім епті? Моншақ тасу арқылы есеп
шығару
100:
1/2+0,5*2-3/10:1/10
VІ. Презентация
қорғау
Әлемнің 7 кереметі
10-сынып
7 қазына
9-сынып
Әз Тәукенің 7 жарғысы
8-сынып
7 жұт
7-сынып
VІІ. 1) Кім
шебер?
Бір-бірінен үзбей бес геометриялық фигура
қиып көрсет
2)7-сынып
Бір-бірімен
жарысқа,
Төрт аю, бір
арыстан.
Екі қой мен бір
түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
(8)
8-сынып
Түйе, бота маң
басқан
Төрт аяғын тең
басқан,
Бие бар құлын
емізген,
Қос ешкі туған
егізден.
Үш қозы мен екі
қой
Бәрі қанша ойлап қой?
(15)
9-сынып
Дүкеннен мен сабын
алдым
Оның және қабын
алдым
Екі дәптер бір
қарындаш
Тіс ысқышты тағы да
алдым.
Есептеші сонда
бәрі
Қанша боды қолда бары?
(6)
10-сынып
Түйе, бота маң
басқан
Төрт аяғын тең
басқан,
Шұнақ құлақ бір
ешкі,
Қос лақты қос
ешкі,
Төрт қозы мен екі
қой
Бәрі қанша ойлап қой?
(15)
VІІІ. Логикамыз
қалай?
Егер Азамат атлетикада жарыста алдынан 25-ші
орын алса, артынан 25-ші орын алса, жарысқа барлығы қанша адам
қатысқан? (49)
Суретші мектеп бөлмелерін номерлеуге тиіс.
Бөлме саны 100 болса, қанша рет 9 цифрын жазу керек
(19)
Мерзімі:
Білім беру
саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»,
«Денсаулық»
Білім беру
бөлімі: Тіл дамыту, Қоршаған ортамен таныстыру,
Музыка.
Тақырыбы:
Ертегіге
саяхат
Мақсаты:
Білімділік:
Балаларға көктем мезгілі туралы түсінік беру,
жабайы аңдар туралы түсініктерін арттыру, тілдерін дамыту, сөздерді
таза анық айтуға дағдыландыру, білімдерін
кеңейту.
Тәрбиелік:
Жан-жануарларды ,табиғатты қорғауға, қамқор
болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу,балалардың достық
сезімдерін қалыптастыру, бір-біріне деген көмек көрсете білу
сезімдерін нығайту.
Дамытушылық:
Ертегі кейіпкерлерінің іс-қимылдарын мәнеріне
келтіріп, ойнау қабілеттерін
дамыту.
Түрі:
Саяхат
сабақ.
Оқыту
технологиясы: Ақпараттық коммуникациялық технология,
ойын.
Әдіс-тәсілдері:
Түсіндіру, көрсету,
әңгімелеу.
Оқыту
құралдары: Аңдар, шырша, ойыншықтар, суреттер, ертегі
кейіпкерлері.
Билингвалдық
компонент: қоян-заяц, көктем-весна,
орман-лес.
|
Әрекет кезеңдері |
Оқытушы қызметі |
Балалар қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Әдемі әуенмен балалар музыка залына кіреді,
жарты шеңберге тұрып келген қонақтармен
амандасады. |
Балалар қонақтармен амандасады. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Үлкендерді құрметтеп Бас иеміз біз. |
|
Іздену- ұйымдастырушы |
-Балалар ертегі кейіпкерлерін көргіміз келе ме?
-Ол үшін біз қайда баруымыз
керек?
Енді балалар біз қазір ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегілер еліне бару үшін көзімізді жұмып отырайық.
-Мінеки балалар орманға да келіп
жеттік.
Сылдырдан
қорқады
Орман жалпақ
даладан
Шырша саясы –
күркесі
Өзі айлакер, өзі
қу
Сұрғыл тартқан түсі
бар «Мақта қыз бен мысық » -Қандай ертегі еліне келдік? -Сендер бұл ертегі туралы білесіңдер ме? -Олай болса мына суретте қандай ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көріп тұрсыңдар? Ертегі туралы сұрақтар қою: -Мысық қатық сұрап нелерден көмек сұрайды? -Мысыққа нелер көмектеседі? -Мысық қандай дос? -Балалар ертегі көргілерің келе ме? -суреттерді көрсетіп ертегіні қуыршақ театры арқылы қойылым көрсетемін. -Балар ертегіні тамашалап көңілімізді көтеріп те алдық.
Ендеше бойымызды сергітіп
алайық «Қасқыр мен жеті лақ» Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. -Қандай ертегі еліне келдік? -Ой, балалар мына жерде ешкі жылап отыр екен. Кәнекей, не үшін жылап отыр сұрап көрейік. -Ешкі, ешкі сен неге жылап отырсың? Ешкі: Менің лақтарымды қасқыр босатпай жатыр, егер тапсырмаларымды орындасаң ғана босатамын дейді. Ал, мен тапсырмаларды орындай алмай отырмын. Балалар ешкінің жағдайы мәз емес екен. Кәнекей, тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе? 1.1-ден 10- ға дейін тура және кері санау.
Дидактикалық
ойын: «Көрші санды
тап» Жан-жаққа кетті зымырап, Мысықтан қорыққан тышқандар Қорапқа кірді біреуі, Артынан кетті екеуі, Тығылды сонда нешеуі?
Ағаш басында сегіз торғай отыр, оның үшеуі ұшып кетті. Барлығы қанша қалды? 3.Балалар музыкада неше нота бар екенін атап бере аласыңдар ма? Қасқыр: Жарайсыңдар, сендер барлық тапсырмаларды белсенді орындадыңдар, мен лақтарды босатамын. Ешкі риза болып, қоштасып кетеді. |
Көргіміз келеді.
Қорықыпаймыз
-Көктем.
1.Наурыз келді
шуақты
-Қоян
-Аю
-Тиін
-Түлкі
-Қасқыр
Мақта қыз бен мысық ертегісі
Балалар қойылымды тамашалайды Мысықты орыс тілінде кошка деп айтамыз
-Қасқыр мен жеті лақ
Балалар қызығушылықпен сұрақтарға жауап
береді. 3 тышқан 5 торғай қалды 7 нота. До,ре,ми,фа,соль,ля,си Ешкімен қоштасады |
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
Балалар осымен бүгінгі саяхатымыз аяқтала
келеді, бәріміз көзімізді жұмып балабақшамызға
қайтайық. -Қандай ертегіні
тамашаладыңдар? |
-Ия,
ұнады. Балалар
қоштасады |
Күтілетін
нәтиже:
Баланың
білуі: Адамдар бір-біріне қиын жағдай туғанда
көмектесу керек екенін білді. Көктемнің ерекшеліктерін біледі.
Орманда мекендейтін жануарларды
біледі.
Баланың
меңгеруі: Қоршаған орта туралы көзқарас. Табиғатқа
қамқор бола білу. тілдері дамиды, сөздік қорлары
молайды.
Мерзімі:
Білім облысы: «Шығармашылық»
Білім бөлімі: «Музыка»
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: 1. Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау арқылы білімдерін қорытындылау;
Сурет салдыру арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету. Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, салыстыру.
Көрнекіліктер:Ертегілер суреттері, атрибуттар, 1-ден 10-ға дейінгі сандар.
Сөздік жұмысы: Ертегі, кейіпкер.
|
Жұмыс барысы |
Тәриешінің іс—әрекеті |
Балалардың іс—әрекеті |
|
Мотивациялықшығармашы лық |
Ән-күй залына кіріп, дөңгеленіп отырады. Тақтаға ілінген ертегілер, үлестірмелі материалдар қойылады. Интерактивті тақта пайдаланылады. Таңғы жиын: Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Таза ауаны жұтайық, Жүрекке жылу сыйлайық, Жинаған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық. |
Балалардың назарын ертегілер саяхатына аудару.
Балалар шеңберге тұрып, жүреккке жинаған жылы шуақтарын сыйлайды. |
|
Ізденіс-ұйымдас- тырушылық |
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Қай қалада тұрамыз? -ҚР-ң елбасы кім? -ҚР-ң рәміздерін ата Енді балалар біз қазір ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегілер еліне паравоз болып барайық. «Қарлығаш пен Дәуіт» -Қандай ертегі еліне келдік? -Сендер бұл ертегі туралы білесіңдер ме? Ертегі туралы сұрақтар қою: -Қарлығаш балапандарын құтқаруға нелерден көмек сұрайды? -Қарлығашқа не көмектеседі? -Дәуіт қандай дос? -Қарлығаш қай мезгілде ұшып келеді? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Кім көктем туралы тақпақ біледі?
-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?
-Құстар туралы кім тақпақ, мақал-мәтел, тыйым сөздер біледі?
Дидактикалық ойын: «Құстарды ажыратып, орналастыр» Ойынның шартымен түсіндіру. Сергіту сәті: Кәне қанат жазайық, қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық. Қарлығаш болып ұшайық, торғай болып қонайық. Сауысқан болып секіріп, тоқылдақ болып тоқиық. «Жыл басына таласқан хауанаттар» Балалар әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. -Балалар қандай ертегі еліне келдік? Дұрыс, айтасыңдар. -1 жылда неше ай бар? — 12 айды кім атап береді?
— Жыл басын ең бірінші көрген кім?
Енді балалар тышқан деген сөзді буынға бөліп, сөйлем құрап, дыбыстық талдау жасайық. Ең алдымен сөйлем құрайық.
-Неше сөзден құралып тұр? — Неше буын бар? Дыбыстық талдау жасайық. -Дыбыс дегеніміз не? -Дыбыс нешеге бөлінеді? -Кім атап береді? Үстел үстіне отырып, жолаққа текше арқылы дыбыстық талдау жасайды. Тақтаға бір бала шығарып, дыбыстық талдау жасату. -Неше дауысты және дауыссыз дыбыс бар? Шаршағанымызды басып, мына жердегі кедергілерден қоян, аю, түлкі т.б жануарлар тәрізді өтейік.
«Қасқыр мен жеті лақ»
Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. -Қандай ертегі еліне келдік? -Ой, балалар мына жерде ешкі жылап отыр екен. Кәнекей, не үшін жылап отыр сұрап көрейік. -Ешкі, ешкі сен неге жылап отырсың? Ешкі: Менің лақтарымды қасқыр босатпай жатыр, егер тапсырмаларымды орындасаң ғана босатамын дейді. Ал, мен тапсырмаларды орындай алмай отырмын. Балалар ешкінің жағдайы мәз емес екен. Кәнекей, тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе? 1.1-ден 10- ға дейін тура және кері санау. Дидактикалық ойын: «Жоғалған санды тап» 2. Кім санамақ біледі? 3. Сандардың көршісін тап.
4.Ауыр және жеңіл, сұйық және сусымалы заттарды ажырат. 5.Мына суреттер қандай пішіндерден құралған? 6. Қандай таңбаларды білесің? 7.Логикалық есептерді шеш: Жан-жаққа кетті зымырап, Мысықтан қорыққан тышқандар Қорапқа кірді біреуі, Артынан кетті екеуі, Тығылды сонда нешеуі?
Ағаш басында сегіз торғай отыр, оның үшеуі ұшып кетті. Барлығы қанша қалды? Қасқыр: Жарайсыңдар, сендер барлық тапсырмаларды белсенді орындадыңдар, мен лақтарды босатамын. Ешкі риза болып, қоштасып кетеді. Балалар кілемшеге отырып, психологиялық жаттығу жасап шаршағанымызды басайық. Психологиялық жаттығу: Кәнекей, балалар шөпке отырайық, көзімізді жұмайық (құстардың, судың дыбысы естіледі), не естіп тұрсыңдар? О, қандай әдемі салқын жел соғып тұр. Сездіңдер ма? (балалардың бетіне желпеуішпен желдету), Кәне, терең демалып, тыныс алайық. Таза ауа сезілді ма? (балаларға хош иіс сездірту). Енді көзімізді ашайық. Орманның таза ауасы, құстардың дыбысы сендерге ұнады ма?
«Менің сезімдерім» Балалар енді өзіміздің осы сабақтан алған әсерлерімізді мына жүрек арқылы білдірейік. Жүректі боятып, өз көңіл-күйлерін білдіртіп, қиып жапсырту. Кәнекей, балалар өзіміздің салған суреттерімізді мына үлкен жүрекке жапсырайық. |
-Қазақстанда -Астана -Н.Ә. Назарбаев -Ту, Елтаңба, Әнұран Балалар ертегілер еліне саяхатқа даярланады.
-«Қарлығаш пен Дәуіт» -Ия, білеміз.
-Көкек, Қарға
-Дәуіт -Жақсы дос -Көктемде
-Көктем -Күн жылынады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді. — 3 ай бар,Наурыз, Сәуір, Мамыр —Дос: Көктем келді шуақты, Балаларды қуантты. Алақай-ау, алақай! Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты. Дала гүлге толыпты, Аққу көлге қоныпты. Алақай-ау, алақай! Көктем қандай көрікті. -Қарлығаш, Көкек, Тырна,
Айнұр: Кезек-кезек шөп әкеліп, Ұлпа жүнді көп әкеліп. Таңдап алып қия жарды, Қарлығаштар ұя салды. Альтайр: Жаршысымын көктемнің Көкек дейді мені жұрт Өз атын айтар құс менмін. Көктемді күтсең мені күт. Мақал-мәтел: Мая: Қарға-қарғаның көзін шұқымас. Дана: Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады. Айғаным: Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.
Балалар құстарды ажыратып, өз орындарына орналастырады.
Қимыл-әрекеттер арқылы жасайды.
— «Жыл басына таласқан хауанаттар»
-12 ай бар -Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз. -Тышқан Әлібек: Тышқан деген батырың, Таңды көзбен атырды. Төбесінен түйенің, Жылды көріп қатырды. Барлығына қараңдар. Жылды көрген тышқанды, Жылбасы деп санаңдар.
-Тышқан ін қазды. -Тышқан жыл басы. — 3сөзден құралып тұр. -Екі буын бар.
-Естиміз, айтамыз. — 2 бөлінеді -Дауысты, дауыссыз. Өз беттерімен дыбыстық талдау жасайды.
-Екі дауысты, төрт дауыссыз дыбыс бар. Балалар кедергіден жануарлар тәрізді өтеді.
-«Қасқыр мен жеті лақ»
— Көмектесеміз
-Балалар тура және кері санайды.
Санамақ: Ернар: Бір дегенім — бесік, Шықтым содан өсіп. Екі дегенім — елім, Далам, тауым, көгім. Сымбат: Үш дегенім — үміт, Үміт артар жігіт. Төрт дегенім — төзім, Төзе білем өзім. Ислам: Бес дегенім — бақыт, Бағалайтын уақыт. Алты деген — ақыл, Тыңдағаның мақұл. Адина: Жеті деген — жалау. Жүректегі алау. Сегіз деген — сөзің, Серт беретін кезің. Мұхамедәлі: Тоғыз деген — тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он дегенім — Отан, Қорға соны ботам! 5,3,6 сандардың көршісін табады. Тас ауыр, мақта жеңіл. Сұйық заттар: су, айран, сүт, қымыз. Сусымалы заттар: құм, қант, күріш, тары.
Сурет бойынша пішіндерді ажыратады. Қосу, азайту, тең
-Үшеу
— Бесеу
Балалар кілемшеге отырып, психологиялық жаттығу жасайды.
Балалар жүрек арқылы өз көңіл-күйлерін бейнелейді. Өздері салған жүректерін қиып, үлкен жүрекке жапсырады. |
|
Рефлексті—коррективті |
Сабақты қорытындылау: Диаграмма жасау: -Бүгін біз қайда саяхат жасадық? -Бірінші қандай ертегіге кездестік? -Онда қандай тапсырма орындадық? — Екінші қандай ертегіге кездестік? — Онда қандай тапсырма орындадық? -Үшінші қандай ертегіге кездестік? -Онда қандай тапсырма орындадық?
-Өз сезімдерімізді қалай білдірдік? Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.
Кәнекей балалар шеңбер құрайық, Қонақтармен қоштасайық. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық. |
-Ертегілер еліне -«Қарлығаш пен Дәуіт» -Тақпақ, мақал-мәтел, тыйым сөз, дидактикалық ойын ойнадық. -«Жыл басына таласқан хауанаттар» -Сөйлем құрадық, буынға бөлдік, дыбыстық талдау жасадық. -«Қасқыр мен жеті лақ» -Сандарды тура және кері санадық,ауыр, жеңіл, сұйық,сусымалы заттарды, пішіндерді ажыраттық. -Жүрек арқылы білдірдік.
Шеңберге тұрып, қонақтармен қоштасады. |
Білуі тиіс: Жыл бойындағы өткен сабақтарды, ертегілерді, санауды, сусымалы, сұйық заттарды, сөйлем құрауды, буынға бөлуді, табиғатты қорғауды, өз сезімдерін жеткізе біледі.
Болуы қажет: Жыл бойы өтілген білімдерін тиянақтау.
Жасай алады: Тілдері дамыған, дыбыстық талдауды, сандарды, өз еркімен сурет салуды, қайшымен жұмыс жасауды жасай алады.
1.Наурыз келді
шуақты
Шаттанбаған бар ма
алап?
Жылғалармен су
ақты
Бүрін жарды
тал-ағаш
2.Сәуір келіп жетті
енді
Дала гүл-гүл
жайнады
Жырға қосып
көктемді
Әнші құстар
сайрады
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.
Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай-ау, алақай!
Көктем қандай көрікті.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген