Н.Мейірманов
атындағы жалпы білім беретін орта
мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Қыстырма сөз
Қазақ
тілі 4-сынып
Өткізген:
Саматқызы Құралай
Сабақтың
тақырыбы: Қыстырма сөз
Сабақтың
мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушылардың
қыстырма сөз туралы білімдерін одан
әрі кеңейтіп, мағынасына қарай ажырата
білу, бекіту.
2. Дамытушылығы: Олардың
сын тұрғысынан ойлауын, оқу мен жазу
арқылы таным белсенділігін арттыру,
тілін дамыту. Өз ойын нақты, дәл жеткізе
білуге үйрету.
3. Тәрбиелігі:
Шығармашылыққа, адамгершілікке баулу.
Көркем, таза жазуға тәрбиелеу.
Түрі:
Жаңа білімді бекіту.
Әдісі: түсіндіру,
жаттығу жұмысы, ойлау, өзіндік ізденіс,
көрнекілік, жұппен жұмыс, ой қозғау,
Ойлан, Жұптас, Бөліс
Пәнаралық
байланыс: ана тілі, дүниетану,
музыка.
Сабақтың көрнекілігі: интер.
тақта, сызбалар.
Сабақтың барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі.
«Ширату
жаттығуы»
Қайырлы
таң көздерім! Ояныңдар
Қайырлы
тан құлақтарым! Ояныңдар
Қайырлы
таң қолдарым! (шапалақтау)
Қайырлы
таң аяқтарым! (тарсылдату)
Қайырлы
таң күн! (күнге қол созу)
Оқушыларды
топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.
54-жаттығу «Тұсау кесу»
тақырыбына әңгіме
55-жаттығу
«Жалғасын тап » ойыны
Жаңа
сабақ.
1.
Сөзжұмбақ шешу.
Қыстырма
сөз
Енді сөзжұмбақты шешу арқылы қыстырма
сөзін шығарып алайық.
Сабағымыздың
мақсаты қыстырма сөз туралы білімімізді
одан әрі кеңейтіп, бекіту. Мағынасына
қарай ажырата білу.
- Қыстырма сөз
дегеніміз не?
- Қыстырма сөздер
мағынасына қарай қандай топтарға
бөлінеді?
/тақтада сызбаны көрсету/
Енді
мына тақтадағы мәтінге көз жүгіртіп
қарап жіберейік. Ішімізден оқып қыстырма
сөздерді табайық.
Сірә
–
бұл қыстырма сөз, өйткені ол сөйлемдегі
ойға қатысты сөйлеушінің сенер -
сенбестіктен айтылғанын білдіріп тұр..
Сен білесің бе?
Қыстырма
сөздер үтір арқылы бөлінеді:
Сөйлемнің
басында келсе, үтір одан кейін
ортасында келсе , екі жағынан үтір
соңында келсе ,одан бұрын қойылады
Мысалы:
Шынында, ол кезде бәріміз жас едік.
Осының
бәрін, әрине, жалғыз өзі істеген жоқ.
Жақып
түсінігі бар бала, меніңше
Көру
диктанты.
Болашақта,
бәлкім, сен дәрігер боларсың.
Байқаймын,
сен кітап оқығанды жақсы көретін
сияқтысың.
Әрине, оқуымды
жалғастырамын.
Мені танымай тұрсың
- ау, сірә.
Шынымды айтсам, өзің, бір
қызық жан екенсің!
/бір - бірін тексеріп
бағалайды./
«Сәйкестендір» ойыны.
1.
Демек, кітапханаға таңертең барамыз
ғой.
2. Болашақта мен ғарышкер болармын,
бәлкім.
3. Сен, әуелі, есебіңді шығар.
4.
Айтпақшы, мен ертең жол жүргелі
жатырмын.
5. Бүгін жаңбыр жауады - ау,
шамасы.
Сергіту сәті.
«Ой
қозғау»
« Бәріміз бірге» кезеңі,
сабақты түсінуге дайындық жұмысы ретінде
орындалады.
57-
жаттығу.
Қарамен
жазылған сөздерге назар аудар.
Сөйлемдерді
қарамен жазылған сөздерсіз айтып
көр.
59
- жаттығу. Берілген қыстырма сөздерді
қатыстырып сөйлем құрау.
Қыстырма
сөздердің астын сыз
Ойлан,
Жұптас, Бөліс
Бос
орынға қыстырма сөзді қойыңыз:
1.
, мұндай да қызық болады екен – ау!
2.
, маған ортадағы ат қатты ұнады.
3.
, балаларға мақтанайын деген
шығар.
4.
, тұлпар атым болса ғой!
Үйге
тапсырма: 63-жаттығу
Сөйлемдерді
тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп
жазу . Ереже жаттау
Бағалау.