Ашық сабақ Қыстырма сөз 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қыстырма сөз 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мугалимдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Күні: 22.11.2017 Сыныбы: 4 «а» Мұғалімі: Дүйсекенова А.Б


Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздер.

Сабақтың мақсаты:

а/Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін,жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңктерін байқату;сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге,қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету.

ә/Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру

б/ Дұрыс,мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа білімді игеру.

Әдісі: Сұрақ-жауап.Түсіндіру.Қайталау. Жаттығу.

Көрнекілігі: Кестелер, топшамалар.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық

Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ.

Шынында,ол кезде бәріміз жас едік.


Осының бәрін,әрине,өзі жалғыз істеген жоқ.


Жақып түсінігі бар бала,меніңше.


Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөзді қыстырма сөз деп атайды.Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.Мысалы:Осының бәрін,әрине,жалғыз істей алмайсың.Жаңылмасам,сені бір жерден көрдім.

Қыстырма сөздер сөйлемде үтір арқылы бөлінеді: а) сөйлемнің басында келсе,үтір одан кейін, ә) ортасында келсе,екі жағынан, б) соңынан келсе,одан бұрын қойылады. Мағынаны тану

59- жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қыстырма сөздердің астын сыз.

Қыстырма сөз сөйлемге қандай үстеп тұр?Қыстырма сөздердің тыныс белгісіне назар аудар.

Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз:
1 ..., бұл мәселе бүгін шешілетін сияқты.
2. Болашақта аты шыққан әнші болар,...
3 ..., биыл қыс жылы болады.

Керекті сөздер: меніңше, шамасы, бәлкім.


Топтық жұмыс

І – топ. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қыстырма сөздерді тауып, астын сыз.

1. Анамның айтуынша, сәбіз, қызылша, пияздың адам денсаулығына пайдасы көп. 2. Шынында, мейірімді адамның қайырымды қолымен отырғызылған гүл тез қаулап өседі. 3. Меніңше, жақсы сөз жан сүйсіндіреді деген рас екен. 4. Өкінішке орай, ертең біз саяхатқа шыға алмаймыз.

ІІ - топ Қыстырма сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр.

Неге екенін кім білсін, айтпақшы, рас, сірә.

ІІІ – топ Мәтіннен қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгілерін қой.

Мектепке мұғалімдер жиналған. Нұғман ағай:

  • Қане бір ән салшы, дауысыңды естиік, - деді.

Бұрын концерттерде ән салып үйреніп қалғандікі ме әйтеуір іркілгем жоқ.

Балалардың біреуіне орындық алғызып, соның үстіне шықтым да, шырқай жөнелдім.

Меніңше тыңдаушылар ұнатып отырған секілді. Қысқасы әннің арқаснда оқуға түстім.

Сөйлемдерге қыстырма сөздер қосып жаз.

Асқар ауылда он күн демалды. Телефон нөмірін қате тердім. Құтжал Әділге үйреніп қалды.


Семантикалық карта

р/с

Сөйлемдер

Дара мүш.

сөйлем

Күрделі мүш. сөйлем

Бірыңғай

мүш-і бар сөйлем

Қыстырма сөзі бар

1

Гүлнұр кітапты тез оқыды.

+




2

Болашақта мен ғарышкер болармын, бәлкім.




+

3

Сен, әуелі, есебіңді шығар.




+

4

Дастархан үстінде құрт, ірімшік, қаймақ салынған ыдыстар тұр.



+


5

Менің ойымша, оның айтқаны рас.




+

6

Айгүл шай құя бастады.


+




Ой толғаныс

.- Қыстырма сөз дегеніміз не?

- Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келеді?

Қыстырма сөзді алып тастаса сөйлемнің мағынасы өзгере ме?

(мысал келтір)

Үйге тапсырма

60- жаттығу. Ережелерді қайталау.

Бағалау

р/с

Оқушының аты-жөні

59-жаттығу


Топтық жұмыс


Семантикалық карта

Барлығы







     




Қыстырма сөздер

Тапсырмалар

1. Суретке қарап сөйлемдер қарап жаз.

Shape1









2. Осы сөйлемдерге қыстырма сөз қосып жаз.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3. Сөйлемдерге қыстырма сөздер қосып жаз.

Асқар ауылда он күн демалды. Телефон нөмірін қате тердім. Құтжал

Әділге үйреніп қалды.



4. Өзің білетін алты қыстырма сөз жаз.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




Топшамалар

Shape2

  1. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қыстырма сөздерді тауып, астын сыз.

Анамның айтуынша, сәбіз, қызылша, пияздың адам денсаулығына пайдасы көп. 2. Шынында, мейірімді адамның қайырымды қолымен отырғызылған гүл тез қаулап өседі. 3. Меніңше, жақсы сөз жан сүйсіндіреді деген рас екен. 4. Өкінішке орай, ертең біз саяхатқа шыға алмаймыз.
















Shape3

2. Қыстырма сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр.



Неге екенін кім білсін, айтпақшы, рас, сірә.














Shape4

3. Мәтіннен қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгілерін қой.

Мектепке мұғалімдер жиналған. Нұғман ағай:

  • Қане бір ән салшы, дауысыңды естиік, - деді.

Бұрын концерттерде ән салып үйреніп қалғандікі ме әйтеуір іркілгем жоқ.

Балалардың біреуіне орындық алғызып, соның үстіне шықтым да, шырқай жөнелдім.

Меніңше тыңдаушылар ұнатып отырған секілді. Қысқасы әннің арқаснда оқуға түстім.



























қ


ұ

р

м

а

л

а

с






ж

а

й

ы

л

м

А


















с

ө

з

-

т

і

р

к

е

с

І







т

ұ

р

л

а

у

л

Ы





б

і

р

ы

ң

ғ

а

Й













т

ұ

р

л

а

у

с

ы

з






п

а

й

ы

м

д

а

У















д

а

р

а


















































Аты – жөні:

Семантикалық карта

р/с

Сөйлемдер

Дара мүш.

сөйлем

Күрделі мүш. сөйлем

Бірыңғай

мүш-і бар сөйлем

Қыстырма сөзі бар

1

Гүлнұр кітапты тез оқыды.





2

Болашақта мен ғарышкер болармын, бәлкім.





3

Сен, әуелі, есебіңді шығар.





4

Дастархан үстінде құрт, ірімшік, қаймақ салынған ыдыстар тұр.





5

Менің ойымша, оның айтқаны рас.





6

Айгүл шай құя бастады.








Аты – жөні:

Семантикалық карта

р/с

Сөйлемдер

Дара мүш.

сөйлем

Күрделі мүш. сөйлем

Бірыңғай

мүш-і бар сөйлем

Қыстырма сөзі бар

1

Гүлнұр кітапты тез оқыды.





2

Болашақта мен ғарышкер болармын, бәлкім.





3

Сен, әуелі, есебіңді шығар.





4

Дастархан үстінде құрт, ірімшік, қаймақ салынған ыдыстар тұр.





5

Менің ойымша, оның айтқаны рас.





6

Айгүл шай құя бастады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
926
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі