400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қысым"

Материал туралы қысқаша түсінік
1. білімділік: қысымды анықтау туралы оқушылардың алған білімдерін нақтылау,білім деңгейін тексеру,бақылау; 2. дамытушылық: оқушылардың қызығушылығын, ойлау, ете сақтау қөабілеттерін дамыту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы Қысым

Сабақтың мақсаты:

  1. білімділік: қысымды анықтау туралы оқушылардың алған білімдерін

нақтылау,білім деңгейін тексеру,бақылау;

  1. дамытушылық: оқушылардың қызығушылығын, ойлау, ете сақтау қөабілеттерін дщамыту;

  2. тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ұқыптылыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың әдісі: баяндау, есептер шығару, тәжірибе жасау, тест тапсырмаларын орындау.

Көрнекілігі: суреттер ,тест тапырмалары

Пәнаралық байланыс: математиа, биология, еңбек.

Сабақың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу,назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Ой қозғау»

Тақтада Ньютонның алма ағашы ілінген,олардың артында сұрақтар жасырылған.Әр оқушы сұрақты оқып,жауабын айтады.

1.Күш дегеніміз не?

2.Ауырлық күшінің анықтамасы

3.Ауырлық күшінің формуласы

4.Үйкеліс күшінің анықтамсы

5Күшті өлшейтін құрал

6.Деформация дегеніміз не?

7.Үйкеліс күшінің түрлері.

8.Гук заны

9.Үйкеліс күшінің формуласы.

10.Дефомация түрлері

Өткен тақырыпты қысқаша қорытындылау

Оқушылар кестені кезектесіп толтырып шығады, тек соңғы бағанды бос қалдырады,оны жаңа сабақтың соңынан толтырады

''INSERT стратегиясы

Өткен тарау бойынша не білеміз?

Жанадан нені білдік

Алдағы уақытта не білгіміз келеді?








ІІІ.Жаңа сабақ

Жаңа абақты бастамас бұрын оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару үшін сыныпқа мынадай логикалық сұрақтар қоямын.

1.Айдос пен Жандос оппа қармен келе жатыр.Айдос шаңғымен, ал Жандос жаяу.Кімге оппа қармен жүру оңай?Неге?

2.Неге шөл далада аттан гөрі түйемен жүрген ыңғайлы?

3.Қасқыр мен киіктің массалары жуық шамамен бірдей.Қасқыр жерге киікке қарағанда аз қысым түсіреді екен.Неге деп ойлайсыңдар./қасқыр 16 кПа,киік 50 кПа/






Осы сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптарын тыңдау.Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін жаңа сабаққа назар аударамыз.Сабақ соңында осы сұрақтардың жауабын білетін боласыздар.

Топтармен жұмыс/постер арқылы жаңа сабақты түсіндіру/

І топ Қысым

Shape2 Shape1 Қысым қысым=күш/аудан

Shape4 Shape3 P=F/S F=pS S=F/p

1Па = 1 Н/см2



гПА= 100 Па, кПа= 1000 Па, МПа= 1000000Па

Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына да тәуелді болады. Дәлірек айтсақ: қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

ІІ топ Қосымша материалдармен жұмыс

IV Сабақты бекіту: ''INSERT” стратегиясына,логиалық сұрақтарға қайта тоқталамыз.Тақырыпқа байланысты 2 есеп шығарамыз.

1 есеп І топ

Массасы 48 кг, ал аяқ киімінің табанының ауданы 320 см2 болатын бала еденге қандай қысым түсіреді.

2 есеп ІІ топ

Розеткаларға 37,5 кН күшпен әсер ете отырып, арнаулы кеспелектермен престейді.Розетканың ауданы 0,0075 м2 .Розеткаға қандй қысым түседі?

V.Сабақты қорыту.

Жоғарыда қойылған сұрақтарға қайта оралып, жауаптарын тексереміз

Рефлексия 3 сұрақтан тұратын тест жұмысы.

Рефлексия

оқушының аты-жөні________________________________________________________________

Тест сұрақтары

Жауаптары

1 Мен сабақты

а/ түсіндім

б/түсінбедім

в/жартылай түсіндім

2.Есепті шығарғанда

а/өзім шығара алдым

б/шығара алмаймын

в/ басқаларға түсіндіре аламын

3.Мен өзіме бүгінгі сабаққа ..... деген баға қоямын

а/ 3

б/ 4

в/ 5



VI Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу ,15 ж /1/ ,жеке дара жұмыс

VII.Бағалау.Үй тапсырмасы, қойылған сұрақтар,шығарылған есептер,оқушылардың өзін-өзі бағалауларына қарап, оқушыға тиісті баға қойылады.

Турсынбаева Галина Карибжановна

Павлодар облысы, Май ауданы , Ақжар ауылы

Ақжар жалпы орта білім беретін мектептің

физика пәні мұғалімі


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі