15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде?" 6-сынып
ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
Тарих, география пәнінің мұғалімі Ермекбаева Кенжегул Несиптаевна
Ашық сабақ жоспары:
«Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде?»
ҰМЖ бөлімі: 7-бөлім. 8-бөлім Сауда, қолөнер және әлемді игеру |
Мектебі: М.Әуезов атындағы орта мектебі |
|
Күні: 27.02.2019 жыл |
Мұғалім: Ермекбаева К.Н. |
|
Сынып: 6 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Қытайлықтар мен айырмашылығы неде? |
еуропалықтардың теңіз |
саяхаттарының |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру; 6.2.4.3 - картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау |
||
Сабақ мақсаттары |
Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының ерекшеліктерін талдау. |
||
Бағалау критерийлері
|
|
||
Тарихи концепт
|
Ұқсастық пен айырмашылық |
||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология Әлемді ашу, зерттеу саяхаттары, варварлар, алым-салық Тұрғылықты халық санының өсуі/кемуі, қоршаған ортаның өзгерісі, адамдардың жаппай орын ауыстыруы, аурулардың таралуы, өсімдіктер мен жануарларды өзара алмасу, еуропалық отаршылдар, құлдар, «оқ-дәрі империялары» Христофор Колумбтың ашуынан кейінгі алмасулар Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Қысқаша
мазмұнды жазу-мысалдар Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарының бағыты сақталды, өйткені ... Ең маңызды фактор ... болды Анағұрлым пайда тапқан мына адамдар ... Бәрінен айрылғандар мына адамдар ...
Сұрақтар-мысалы:
Қорғау-мысалы:
Өңдеу
– мысалы: Пайымдау-мысалы Өзгерістерге қорытынды жасау қиын, өйткені... |
||
Құндылықтарды дарыту
|
- патриотизм; - өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту; -тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; |
||
Пәнаралық байланыстар |
География (Ұлы географиялық ашулар) |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. |
||
Бастапқы білім
|
Оқушылар сауда, экономикалық және мәдени байланыстар бойынша алдыңғы бөлімдердегі және Қазақстан тарихындағы қарастырған тақырыптарында алған білімдерін қолдана алады. |
||
-
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
0-5 мин
Ұйымдастыру.
Топқа бөлу: «Сұрақтар мен жылдар» 3 топқа бөлінеді: №1, №2, №3
Оқушылардың жартысына сұрақтар, қалған жартысына жауаптар беріледі. Сұрақты оқыған оқушыға жауабы бар оқушы келіп, жұптасып бір топқа отырады. Сұрақтар 3 түрлі сандармен жазылады. Топтарға осы сандар бойынша отырады.
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:
1.Ұлы жібек жолын 6 ғасырда қай мемлекет бақылауында ұстады? Түркі қағанаты
2. Ұлы жібек жолы қай ғасырға дейін Шығыс пен Батыс қатынасының маңызды жолы болды? 16 ғасырға дейін
3. Қытайдың жібегі осы жолмен қай аймақтарға тасылды?
Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға
Қытай тарихында 1368-1644 жылдары билік басында болған империя қалай аталды? Мин империясы
1403-1424 жж. билік құрған Мин императоры кім? Чжу Ди (Юнлэ)
15 ғасырда Қытай кемелері қай мұхит арқылы 7 рет теңіз саяхатын жасады? Үнді мұхитымен
1. Қытай эскадрасын бастаған Қытай елшісі адмирал кім?
Чжэн Хэ
2. Чжэн Хэ флоты қанша кемеден тұрды?
250
3. Чжэн Хэнің экспедициясы қанша адамнан тұрды? 27-28 мың адамнан
3. Орта Азия, Батыс Азия, Еуропадан Қытайға қандай заттар тасылды? Шыны, жақұт, дақылдар, хош иісті заттар, дәрі-дәрмектер
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Ортақ портрет»
«Ой қозғау» Оқушыларға әртүрлі кемелердің суреттерін көрсету:
Үнді мұхитымен сапар шеккен Юнлэ императордың билігі тұсындағы (1402-1424 жж.) Мин әулетінің қазынасы артылған кеме (қазіргі қытайлардың өлшемімен ұзындығы 146 метрге дейін);
1492 жылы Христофор Колумбтың Солтүстік Америкаға жүзіп барған кемесі (ұзындығы 18 метрдей )
Екі кеменің суретінен қандай ой түйіндеуге болады?
Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауға бола ма?
Презентация «Кемелер суреті»
Сабақтың ортасы
3 мин
Топтық жұмыс
12 мин
Бейнематериал көрсету
3 минут
Топтық жұмыс
12 минут
Білу және түсіну
1-қадам: Оқулық мәтінімен танысу, топта талдау.
1-топ- «Х.Колумб»
2-топ – «Васко да Гама»
3-топ - «Ф.Магеллан»
ҚБ: «Шапалақ соғу»
Қолдану
«Зерттеу қадамы»
1-топ- Венн диаграммасы -«Х.Колумб пен Чжэн Хэ саяхаты»
Дескрипторлар:
Қытайлықтар мен еуропалықтардың саяхат бағыттарын, жетістіктерін, нәтижесін салыстырып, ұқсастықтарын анықтайды.
2-топ – «Кім? Қайда? Қашан? Қандай?» кестесі- «Саяхатшыыылардың теңіз экспедициялары»
Саяхатшылар
Кім?
Қашан?
Қайда?
Нәтижесі қандай
Дескриптор
Суреттегі саяхатшылардың кім екенін анықтайды;
Саяхатшылардың қашан саяхат жасағанын атайды;
Саяхатшылардың қайда саяхат жасағанын анықтайды;
Саяхатшылар саяхатының нәтижесін анықтайды.
3-топ - «Картамен жұмыс» - Саяхатшылардың барған географиялық орындарын сызбаға толтырып, слайдтағы картадан көрсету.
Талдау
«Кинометафора» әдісі - «Бейнематериалды тыңдау арқылы проблемалық сұрақтарға талдау жаса.
1- топ – «Саяхатқа шығу себептері мен тоқтату себептерінің тізімі» /3 маңызды себебін анықтандар. Маңызды деп санау себебін түсіндіріндер/
Олар өздерінің күшімен, байлығымен және мәдениетімен басқа «варвар халықтарын» таң қалдыру үшін флотты жіберді.
Олар «варварлар» қазынасымен сауда жасайтын болды
Олар варварлардан ақша жинап, қайтар кезде императорға сыйлық әкелу үшін флотты жіберді.
Қытайлықтарда ұзақ сапарға шығу үшін кеме жасау технологиясы болды.
Олар жаңа жерлерді ашу арқылы тарихта қалғысы келді
Олар императордың билігін нығайтқысы келді
«Саяхатқа шығуды тоқтату себептері»
Саяхатқа шығу өте қымбатқа түсті
Жаңа император мен оның ескі сарай қызметкерлерін варварлар қызықтырмады және олар Қытай кемелерін саяхатқа жіберуге сенбеді
Чжен Хе бұрынғы өлген императордың сүйіктісі болды, ал жаңа император оған сенбеді.
Қытайлықтарға шетелге шыққан ұнайтын
Флотиладан варварлармен сауда жасау жеткілікті табыс әкелмейді
Қытай бүкіл әлемді жаулап алуды жоспарлады.
Жаңа император қытайлық шекараны қорғауға ақша жұмсауды маңызды деп есептеді
2-топ – «Ұлы Географиялық ашулар кезіндегі еуропалықтардың теңіз саяхаттардың себептері» (оқушыларға теңіз саяхаттарының себептерін жазуды тапсыру және оқушылар жауабын слайдтағы жауаптармен салыстыру, осы себептерден ең маңызды себептерді анықтау)
Ұлы географиялық ашылымдардың себептері:
- Шығыс елдеріне теңіз сауда жолдарын іздеу
- Еуропада толық топырақтың сарқылуы
- Жаңа навигациялық құрылғылардың пайда болуы
- Еуропадағы алтын мен күміс кен орндарының таусылуы
- Жердің толық карталарының пайда болуы
- Сауда жолдарының еуропалықтардан осман-түріктерге ауысуы
- Қалалардың өсуі, қолөнер бұйымдары мен сауданың дамуы
- Жаңа байлық көздерін іздеу
- Компас өнертабысы пайда болды
- Кемелердің жаңа түрлерін салу - жоғары жылдамдықтағы, ұзаққа созылған теңіз саяхаттарына бейімделген каравеллалар.
- «Ұлы Жібек жолы» бойындағы сауданың төмендеуі
3-топ- ПТМС талдау - «Батыс Еуропа мен қытайлықтардың зерттеу саяхаттары»
Позиция (біз солай санаймыз, Батыс Еуропа мен Қытайдың теңіз саяхатының мақсаты бірдей болды, Батыс Еуропа мен Қытайдың теңіз саяхатының мақсаты бір-бірінен ерекшеленді, өйткені …)
Түсіндіру (....себебі,мынадай басты маңызды себеп болды …)
Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)
Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....)
Оқулық
Сызба, кесте, саяхатшылар суреті (слайд)
«Ұлы географиялық ашылулар» картасы, слайд
Бейнематериал: Чжан Хэнің теңіз айдаһарлары
https://www.youtube.com/watch?v=e_Yd7BI_izk
Презентация
Қосымша 2
таратпа қағаздар
«Ұлы Географиялық ашулар кезіндегі еуропалықтардың теңіз саяхаттардың себептері», слайд
ҚБ
2 минут
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
«Ф. Магелланның Жер шарын айналып шығу жолын картаға белгіле»
Дескриптор арқылы
Аяқталуы
3 минут
Рефлексия: «Аралға саяхат»
Үйге тапсырма: «А.Веспучи»оқуға
Қорытындылау
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелеріАКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
РефлексияСабақ / оқумақсаттары
шынайы ма?Бүгін оқушылар
не білді?Сыныптағы ахуал
қандай болды?Мен жоспарлаған
саралау шараларытиімді болды ма?
Мен берілгенуақыт ішінде үлгердім бе? Менөз жоспарымақандай түзетулеренгіздім жəне неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген