15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ «Қыздар сұлу көрінер өнерімен»
Мортық №34 негізгі мектебі
«Қыздар сұлу көрінер өнерімен»
Джамалиев Б.М.
«Қыздар сұлу көрінер өнерімен»
Сайыстың мақсаты: игі салт,озық дәстүрді білу,әдептілік,инабаттылық,өнер секілді асыл қасиеттерді бойға сіңіру.
Сайыста 5 оқушыдан 2 топқа бөлінеді.Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1-кезең: салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтел мағынасын топ басшылары түсіндіреді.
2-кезең: табақ тарту дәстүрі.
3-кезең:I топ-жұмбақ жасыру,II топ-жұмбақты шешіп,соған мақал- мәтел айту (керісінше)
4-кезең: өздері тоқыған бұйымдарын көрсетіп түсіндіру.
5-кезең: Ұлттық киімдерді сипаттау.
Көрнекілік: тақырып ілу,плакат,түрлі шар.
Жүргізуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Шешеннің тілі ортақ,шебердің қолы ортақ» дегендей,қазақ қыздарының өмірдегі,өнердегі шеберлігін шыңдауға ортаға бүгінгі кештің күәгерлерін шақырамыз.
«Өнер қуып шеберлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Сайысқа түскен он шебер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін»
Қонақжайлылық,мейманды қабылдау ата-бабаларымыздан қалған аса қастерлі салтымыз,әрі дәстүріміз.
Салт-дәстүрдің көрінісі қонақжайлылық туралы айтылған мақал-мәтел мағынасын түсіндіру
1-кезең
Жүргізуші:1топқа сұрақ. « Барымен базар», « Құдайы қонақпын» дегенді қалай түсінесіңдер?
Жауап. Келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, шамасы келгенше сый-құрмет
көрсетіп аттандыру парыз.
II топқа: «Қырықтың бірі-Қыдыр» дегенді қалай түсінесің?
Жауап. Қонақты қума,оның шарапаты тиеді, бірінен болмаса, екіншісінен құт келеді дегенді білдіреді.
1топқа:»Қонақпен бірге құт келеді» деп неге айтқан? Қонақ күту рәсімдеріне не жатады?
Жауап. а) Қонақты қарсы алу;
ә)Шай жабдығына кірісу;
б) Қонақтың өзіндік сыбағасын дайындау.
II топқа: «Адам болар бала қонаққа үйір»
Жауап: Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады.
2-кезең. Жүргізуші:Табақ тарту дәстүрі. Қазақта қонаққа тартылатын табақтың түрлері көп.
Қазақ дастарқанының өзіндік тарихы және дәстүрі бар.Қазақтың ұлттық тағамдарының дені еттен жасалады.Келген қонаққа арнайы мал сойылмаса,өкпелеп кететіндері де болған.Піскен етті ұсыну үшін немесе басқа да той табаған жасау үшін ет аспаздық бөліктерге бөлінбестен,жіліктелген күйінде дастарқанға қойылады. «Ойы байдың сөзі бай», «Жасында байқары жоқтың,үлкейгенде айтары жоқ» дегендей,халқымыз жас шағында көп нәрсеге зер салып,байқап жүруге бағдар береді. Ендігі кезекте сайысқа түскен оқушыларымыздың «табақ тарту рәсімін» байқайық. Үстелде үлестірмелі қағаздарда жасырулы тапсырмалар тұрады.Соны алып кеспе қағаздағы суреттер бойынша табақ жасайды.
-
Бас табақ /аса қадірлі қонаққа тартылады /
Кәделі мүшелер:бас,жамбас,ортан жілік,белдеме,сүбе,қабырға,жылқыдан қазы-қарта,жал-жая.
2.Сый табақ – бас табақтың кәделі мүшелері салынады.
3.Орта табақ – ортан жілік,жауырын,тоқпан жілік,қабырға,омыртқа салынады.
4. Күйеу табақ – асықты жілік,төс.
5. Келін табақ – ұлтабар,жүрек,сүбе,қабырға.
6.қыз табақ – жүрек,бүйрек,тіл,қабырға.
7. Қол жіліктерді ата /жауырын,тоқпан,кәрі жілік/
8. Аяқ жіліктерді ата / асық,жамбас,ортан жілік/
9. Астың пісуіне байланысты ұлттық уақыт өлшемдерін ата?
1.Ас пісірім – 2-3 сағаттың мерзімі.
2.Ет пісірім – 2-3 сағат шамасы.
3.Ет түсірім – асқан ет пісетіндей уақыт.
4. Ет қайнатым – қазанға салынған ет қайнайтындай мерзім.
10. Азық-түлікке қатысты өлшемдерді ата?
Бір асым /ет/, бір елі /қазы/, бір жапырақ /ет/, жұдырық басындай /ет,қазы/
3-кезең. Сөздің көркі мақал-мәтел мен жұмбақ (кесте)
4-кезең. Жүргізуші:
«Өнер,білім,еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы тұнған бір
Өнер қуған ұрпақпыз» - дегендей,екі топ өздерінің тоқыған бұйымдарына жеке-жеке тоқталып,тоқылу технологиясын түсінддірулері тиіс.
5-кезең. Жүргізуші:
Ата салтым,асыл мұрам,ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын,
Сан ғасырда қалпын бұзбас,қадірлі
Өткенімді бүгінгімен жалғадым.
«Қазақтың ұлттық киімдерінің» суреттерін жасырып қойып,біреуін алып,ондағы киімдерге сипаттама беру.
Осымен бүгінгі «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенің білу үшін әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Жеңген топты марапаттау.
Мұғалім: -Балалар,бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып,тамаша өнер көрсеттіңіздер,сайысқа қатысқан барлық балалар мен көрермендерге үлкен алғысымызды айтамыз!
|
Жұмбақ |
Жауап |
Мақал- мәтел |
|
Тап-тап тап жорға Табаны жоқ, боз жорға. Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе таптырмас. |
Ине |
Сабақты ине сәтімен |
|
Қарны жуан қампиған, Қос құлағы қалқиған. |
Қазан |
Қазаны басқаның, Қайғысы басқа. |
|
Қимылдаса қос шебер Қыруар-қыруар іс өнер. |
Қол |
Шебердің қолы көпке ортақ. |
|
Басы да екеу, аяғы да екеу. |
Қайшы |
Асыл ұайшы пішуге сән Күміс қасық ішуге сән. |
|
Дос үйіне түстіңбе? Түгел соның үстінде. |
Дастарқан |
Қоныс көркі-там Дастарқан көркі нан. |
|
Күн шыға апам піседі, Ішінен көп май түседі. |
Күбі |
Бос күбі күңгірлек |
|
Сүйегі бар, қаны бар Бірақ емес жануар. |
Балық |
Егінші жылда арманда, Балықшы күнде арманда. |
|
Құрғақ жерде сақтайсың Онсыз тамақ таппайсың. |
Тұз |
Доссыз адам-тұссыз ас |
|
Бір сусын бар жұртымда Ішсең уыз ұртыңда Бәрі содан шығады Ірімшік,май,құртыңда. |
Сүт |
Жылқыда өт жоқ Құста сүт жоқ |
АСЫҚТЫ ЖІЛІК
ТӨС
ҰЛТАБАР
ЖҮРЕК
СҮБЕ
БҮЙРЕК
ТІЛ
БАС
ЖАМБАС
ОРТАН ЖІЛІК
ЖАУЫРЫН
ТОҚПАН ЖІЛІК
ҚАБЫРҒА
ОМЫРТҚА

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген