жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Қызғалдақ, өсімдіктер әлемі 5-сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
Мектеп: №8 мектеп-кешені |
|||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Аскарбаева Меруерт Ахметкалиевна |
|||||
|
Сынып: 5 "Ә" сынып, қазақ тілі |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қызғалдақ, өсімдіктер әлемі |
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіннен омоним, синоним, антоним сөздерді таба алады; |
|||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Омоним, синоним, антоним сөздерді таба алады, сөйлемдер құрай алады |
||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, омоним, синоним, антоним сөздерді тауып, көркемдік ерекшеліктеріне қарай қолданып, жинақы мәтін құрай алады |
||||||
|
Бағалау критерийі |
- Мәтіннен омоним, синоним, антоним сөздерді таба алады - Антоним, синоним, омоним сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне қарай қолдана алады |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушы орындай алады: Түсініп оқи отырып, мәтіннен негізгі тірек сөздерді таба алады |
|||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қызғалдақ - күрделі сөз - біріккен - кіріккен сөз |
||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
||||||
|
Құндылықтарға баулу |
"Мәңгілік ел" жалпыұлттық тармағында айтылған идеялар мәтіндегі айтылатын ақпараттармен ішінара іске асады. |
|||||
|
Пəнаралық байланыс |
Әдебиет, биология |
|||||
|
Алдыңғы білім |
|
|||||
|
Жоспар |
||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы 5мин |
1. Оқушылармен сәлемдесу. Көк аспанда күн күлсін. 2. Қызғалдақ гүлінің түсіне сай топтарға бөлу |
Қызғалдақ гүлдерінің ақ, сары, қызыл түстері |
||||
|
Сабақтың ортасы 30 мин |
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Ж. 1. Коктейль таяқшалары арқылы сөйлемдерін тексеру. 2. "Алты қадам" стратегиясы арқылы синоним, антоним, омоним ережелерін еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ. "Пазл" стратегиясы Т. оқушыларға қызғалдақ суреттері бейнеленген өиынды пазл бөліктері таратылады. Құралған суретке түсініктеме береді. Сол арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Дәптерлеріне күн, сынып жұмысы, тақырып жазылады. "Қызығушылықты ояту" стратегиясы "Қызғалдақ" гүлі жайлы аңызбен таныстыру. Ертеректе... Күндердің бір күнінде байлығына сан жетпес бай болыпты,бірақ жауызы еді. Жан баласын жанына жолатпайтын дөкірлеу бір мінезі тағы бар еді. Сол байдың ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, ажарлы, сұлу жүзі бал-бұл жайнаған бойжеткен қызы бар еді. Күндердің бір күнінде шыңдары ақша бұлттармен таласқан, биік таудың етегінде, жайқалған жасыл желек, құлпырған хош иісі аңқыған алуан түрлі гүлдер арасында сыңғырлай күле қызы серуендеп жүреді. Әкесі қызының сыртынан бақылап қарап тұрып, ойға кетеді. «...Мына қызға ертең біреу үйленсе, сол ие боп қалады ма малыма?!» деп жауыз байды пасық ойлар басын торлай бастайды. Арам ойға қатты берілген бай, дәулеті мен байлығын қызғанып, жалғыз перзентін қанжар сұғып өлтіреді. Қатыгездіктің жазасынан қайғырып, күн тұтылып, айды жұт басады. Жазығы жоқ жанның қанын жұта алмай, қара жер де қамығыпты. Құдайдың құдіреттілігі керемет қой! Қыздың қаны тамған жерге бір күні, жалғыз ғана бір түйір гүл өсіп шығыпты. Қызғылт ымырт. Күн еңкейіп батып барады. Оқиғаны естіген ел, шошынғандарынан жағаларын ұстап шулап жатты. Өздігінен өскен гүлді көрген адамдар: "Бұл - Қызғалдақ, қыздан қалған дақ!" десіпті. Содан бері талай заман өтті. Бұл оқиға ұмыт болады. Ал қызғалдақ гүлі тек көктемде, үш-ақ күн, адамдардан алыста қырда өсетін болыпты. "Қазына іздеу" стратегиясы Т. Топтарға мәтін бөліктері таратылып беріледі, сол бөліктерден асты сызылған сөздерді синоним, антоним, омоним сөздерді тауып, ажыратып жазады. Қалыптастырушы бағалау: смайликтер арқылы жүргізіледі ІҮ. Бекіту С. Релаксация жүргізу. Мен сендерді таңғажайып өсімдіктер әлеміне саяхатқа демалып қайтуға шақырамын. Өздеріңді таңғажайып, алуан түрлі гүлді алқапта тұрғандай сезініңдер. табандарыңды жұмсақ, майда шөп қытықтауда. Айнала қызылды-жасылды құлпырған, жұпар иісін жан-жағына нұрлана шашқан қызғалдақтар. Өздеріңді әсем де, сұлу гүлдер патшалығында жүргендей сезініңдер... "5 минуттық жазба" Оқушылар әуеннен алған әсерлерін сипаттап, қағаз бетіне түсіреді. мәтіндерінде синоним, антоним, омоним сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдануды жүзеге асыру керек. Қалыптастырушы бағалау :"Бағдаршам" тәсілі арқылы жүргізіледі |
Табан суреті бейнеленген парақтар, Қызғалдақ суреттері бейнеленген қиынды парақтар Мәтін қиындылары
|
||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс: "" тәсілі - Ендігі кезекте, балалар, бүгінгі сабақтан не білдік, қандай ой түйдік, соны анықтау мақсатында "" парағын толтырып, бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. Қалыптастырушы бағалау: Қол шапалақтау әдісі арқылы жүргізіледі |
Ақ парақ |
||||
|
Қосымша мәлімет |
||||||
|
Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
||||
|
"Бағдаршам", "Бас бармақ" , смайликтер, қол шапалақтау тәсілдерін оқушылардың сабақ мақсатына жету әрекеттерін бағалауда қолданамын. |
|
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|
||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген