|
Балалар бүгін бізге қонақтар
келді, амандасайық.
-Балалар бүгінгі оқу
қызметіміздң тақырыбы: Қызғалдақ
гүлі
Есік қағады, топқа Маша
кіреді.
Маша: сәлеметсіздер ме
балалар, қонақтар. Балалар маған сіздердің көмектеріңіз керек болып
тұр. Ертең аю досымның туған күні, соған гүл сыйлайын деп едім,
далада қар жауып бір де бір гүл
жоқ.
Тәрбиеші: балалар көмектесеміз
бе?
Балалар: иә
көмектесеміз.
Тәрбиеші: Жақсы Маша біз саған
көмектесеміз, балалар мен бірге отыр да, тыңдай
ғой.
Экранға назар
аударайықшы.
- Сендер не көріп
отырсыңдар?
Гүлдер әсемділігімен көрік
беріп қана қоймай сонымен қатар ауаны да тазартады. Гүлдер жайқалып
өсу үшін гүлдерді үнемі суару керек, күннің нұры қажет
екен.
Қызғалдақ (латын.-Tulipa, түрік-Lale,
орыс.-Тюльпан) екен.
Бір қызығы: екі жыл өмір сүретін бұл нәзік гүл көктем келіп, шуақты
Наурыз айы туғанда, бар жоғы 7 күн, кейде 15 күнге дейін гүл ашып
тұрады екен. Қазақстанда 32 түрі бар. Оның 11 түрі –
Қазақстан жерінің эндемигі болып саналады. Қызғалдақтың тамырлары
жердің температурасы – 6-10⁰ болғанда жақсы
дамиды
-Балалар сендер қандай гүлдің
түрлерін білесіңдер?
Балалар: раушан – роза,
түймедақ – ромашка, қызғалдақ -
тюльпан
–Гүлдердің түстері қандай
болады?
Қызыл-красный, ақ-белый,
қызғылт-розовый
-Гүлдердің қандай бөлшектері
болады?
-Гүлдерді қандай мейрамдарда
кімге сыйлаймыз?
-Аналар мейрамында, туған
күнге, досымызға сыйлаймыз.
Маща
ойнатады:
Дидактикалық ойын: «Қызғалдақ
гүлін жинау»? Шарты: Көп гүлдердің арасынан қызғадақ гүлін таңдап
жинау.
Тәрбиеші: Маша саған көп
рахмет, балалар серігіп
қалды.
Тәрбиеші: Шығу
тарихы
Мынау қызғалдақ гүлі.
Қызғалдақ көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі
кездеседі.
Қызыл түсті қызғалдақ
тіл қатса, не дер
еді?
Қызыл қызғалдақ сүйіспеншілігіңізді білдіргіңіз келген адамға қызыл
қызғалдақ сыйлауыңызға әбден
болады.
Сарғалдақ не мағына
береді?
Сарғалдақ – сүйіспеншілік пен төзімділікті білдіреді. Сондай-ақ, ең
көп сыйға тартылатын сорттарының бірі болып
саналады.
Қызғылт түс не мағына береді?
Бұл реңк мейірім мен адалдықты білдіреді. Үміт пен тыныштық
сыйлайтын бұл түспен кейбіреулер бақшаларын, кейбіреуі үйі мен
қабырғаларын безендіреді.
Ақ түс не мағына
береді?
Ақ түс –кішіпейілділік, тазалықтың белгісі болып
саналады.
Сергіту
сәті:
Маша: мен де қызғалдақтар
туралы мәлеметтер айтайыншы.
Тәрбиеші: Жақсы, кәне Машаны
тыңдап көрейік. Маша: балалар сендер білесіңдер ма, қазақстанда да,
шет елдерде де қызғалдақ фестивалі болад екен.Түркістанда,
Қызылордада, Шымкентте қызғаладақ фестивалі жыл сайын өтеді, ол
жерде қызғалдақ мүсіні
орнатылған.
Сингапурда да Қазақстан
тәуелсіздігінің 30 жылдығына араналған қызғалдақтар көрмесі өткен.
Оңтүстік Кореяда қызғалдақ көрмесімен фестивальдар өтеді екен, олар
өздері қызғалдақ өсірмесе де Түркия мен Нидерландтан арнайы әкеледі
екен. Амстердамда қызғалдақ күні бар екен. Олар теріп алып дострына
сыйлайды екен.
Тәрбиеші:Ал енді балалар біз
Машаға көмектесейік, досы аюдың туған күніне қызғалдақ гүлін жасап,
сыйлайық.
Мына үстел үстінде тұрған
қыстырғыш, желім, жапырақтар мен қызғалдақ қиындысынан
жасаймыз.
Үлгі бойынша
жапсырады.
Балалар енді осы қызғалдақ
гүлдермізді келген қонақтарымызға және Машаның аю досына туған
күніне сыйға тартайық.
|