Ашық
ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім
беру саласы:
«Қатынас»
Бөлімі:
логопедия
Тақырыбы:
«Қызығы толы бұл әлем» (зообаққа саяхат)
Мақсаты:
Балаларды әлемде сирек кездесетін жан
– жануарлармен, олардың ерекшеліктерімен
таныстыру. Таза айтқыштар арқылы
балалардың сөздік қорын, дидактикалық
ойындар арқылы логикалық ойлау
қабілеттерін, ұсақ моторикасын,
фонематикалық есту қабілеттерін дамыту.
Ұжыммен
жұмыс жасауға, өз – өздеріне қызмет ете
білуге, жан – жануарларды күтіп –
баптауға тәрбиелеу.
Қолданылатын
көрнекі құралдар:
глобус, карта, жан – жануарлардың
суреттері (экран арқылы), аудиодыбыстар,
суреттер.
Қолданылатын
әдіс – тәсілдер:
Сұрақ – жауап, сипаттау, көрсету,
қайталау, ойын ойнату.
Билингвалдық
компонент:
піл – слон, керік – жираф, бақыт құсы –
павлин, зообақ – зоопарк.
Сөздік
жұмыс:
глобус, карта
І.
Кіріспе бөлім
-
Саламатсыңдарма балалар! Көңіл күйлерің
қалай?
Балалар
мен сендерге уәде еткендей бүгін сендерді
зообаққа апарғым келіп тұр. Ол үшін
арнайы автобус шақырттым.
Балалар
қуанады. Автобусқа мінеді.
Балалар
зообаққа кіру үшін кассадан билет алу
қажет. Қане, кассадағы апайға ақша төлеп
билет сатып алайық.
Балалар
зообаққа кіреді. (слайдпен жұмыс)
Балалар
қараңдаршы бірінші тұрған қандай
жануар?
Піл
Балалар
піл әлемдегі ең үлкен жануар екен, оның
биіктігі 2,5-3,5 метрге болғанда, салмағы
5,4 тонна болады екен. Табиғатта үнді
пілдері 60-70 жыл, ал ырқынан тыста 80 жыл
өмір сүреді. Піл табиғи жағдайда Африка
мен Оңтүстік-Шығыс Азияда ғана тіршілік
етеді. Пілдің Африка және Үнді пілі деп
аталатын екі түрі болады.
Піл
–
төрт
тізелі жалғыз
жануар.Пілді
орыс тілінде «слон» деп айтамыз.
Ал
келесі тордың ішін қарайықшы қандай
жануар?
Зебра
Зебраның
дене тұрқы 200 – 240 см, биіктігі 120 – 140
см (шоқтығынан алғанда), құйрығының
ұзындығы 47 – 57 см, салмағы 350 кг-дай.
оларды қолға үйрету өте қиын. Зебралар
– өте сақ, тез жүгіретін жануарлар.
Негізінен шөптесін өсімдіктермен қоректенеді.
Зебра
қандай жануарға ұқсайды.
Жылқыға
ұқсайды
Ал
мынау жануар керік деп аталады. Бұл
әлемдегі ең ұзын жануар екен.
Олардың
биіктігі – 6 метр, ал салмағы 1,5 тоннадан
асады. Керіктердің
(жираф) тілі қара түсті, ұзындығы 45 см.
Керік
туғанда оның төлдері бір жарым метрден
құлайды. Олар тұрып ұйықтайды және
ұйқысы 10 минуттан аспайды.
Керікті
орыс тілінде «жираф» дейміз.
Балалар
мынау жануар сендерге таныс па? Ия бұл
панда. Ең сүйкімді жануар. Жыртқыш аңға
жатқанымен ешқашан шабуыл жасамайды.
Бұл
көңілді жануарлар мұрнынан құйрықтың
ұшына дейінгі ұзындығы 1,5 метрге жетіп,
100-ден 150 кг-ға дейін жетеді. Жабайы
табиғатта үлкен панда 14 жылдан 20 жылға
дейін өмір сүреді. Хайуанаттар бағының
шарттарында олардың өмір сүру ұзақтығы
сәйкесінше 26 және 19 жасқа дейін өседі.
Балалар
мынау жерде кім жатқаны көрінбейді
екен, бірақ бір дыбыс естіледі, ненің
дыбысы?
Жылан
ысылдап жатыр.
Дұрыс
айтасыңдар. Әлемдегі ең улы жылан тайпан
Маккоя деп есептеледі. Осындай бір
жыланнан алынған удың 100 адамды
өлтіретіндей күші бар. Оның уы кобраның
уынан 180 есе күшті
Жыландар 3 жыл қатарынан тамақтанбай-ақ
ұйықтай алады.
Жыландарда танау бар, бірақ олар бұның
көмегі арқылы иіс сезе алмайды. Жыландар
қоршаған ортадан бөлшектерді жинап,
оларды талдауға ауыз қуысына салатын
айыр тілінің көмегі арқылы иіс сезеді.
Түрлерге байланысты жыландар 4 жылдан
30 жылға дейін өмір сүреді.
Жыланды
орыс тілінде «змея» деп айтамыз.
Балалар
мынау сұлулыққа қараңдаршы, қандай
әдемі құс. Бұл – бақыт құсы деп аталады.
Дауысы да қандай әдемі. Орыс тілінде
– «павлин » деп айтады
Балалар
біздің зообақта жүретін уақытымыз
аяқталды. Балабақшамызға қайтайық.
ІІ.
Негізгі бөлім:
Балалар
сендерге зообақ ұнады ма?
Жануарлардың
қай елде өмір сүретіндерін глобустан
және картадан көрсету.
Артикуляциялық
жаттығулар:
«Піл»
«Ат
шауып келеді»
«Жылан»
Сергіту
сәті:
Балалар
мен сендерге сурет таратып беремін,
сендер осы суреттерге қарап, таза
айтқыштар құрап көріңдерші
Тан
– тан – тан, айбатты арыстан
Ік
– ік – ік, мойны ұзын керік
Кі
– кі – кі, айлакер түлкі
ІІІ.
Қорытынды бөлім.
Балалар
біз қазір екі топқа бөлініп ойын ойнайық.
Бірінші
топ «Домино» ойынын, ал екінші топ
«Мекенін тап» ойынын ойнайды.
Балалар
сендерге бүгінгі оқу – қызметі ұнады
ма?