Қызықты
математика
Қызылорда облысы облысы, Жаңақорған
ауданы,
Бірлік ауылы «Нұрбақ-С»
балабақшасы
Ермаханова Гүлім
Тұрахметқызы
Білім беру
саласы: Таным
Ұйымдастырылған
оқу-қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру
Тақырыбы: Қызықты
математика
Мақсаты:
Балалардың сандық ұғымдары туралы білімдерін
кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін
арттыру.
Дамытушылық:
Балалардың қол
саусақ маторикасын дамыту, тіл байлығын, ой өрісін
дамыту.
Тәрбиелік:
Балаларды
ұқыптылыққа, жүйріктікке, тапқырлыққа
баулу.
Көрнекіліктер:
теледидар, Кюизенер, Воскобович ойындарының,
құралдары.
Дьенеш әдісі
бойынша қажетті үлестірмелі
материалдар.
Дидактикалық
ойындарға арналған
құралдар.
Әрекет
кезеңдері:
I.
Мотивациялық қозғаушы
кезең
Ұйымдастыру
кезеңі. Шаттық шеңбері.
Бақыт - біздің
сиқырлы шеңберіміз,
Бақыт - біздің
достарға сенгеніміз.
Бақыт - таңнан
біреумен достасуың,
Бақыт - кеште
достармен қоштасуын.
Қайырлы таң
досым!
Қайырлы күн
болсын!
Бүгінгі күн
қуаныш,
Сәттілікке
толсын.
Сәлематсыздар
ма, қонақтар!
II. Іздену -
ұйымдастырушы кезең
- Балалар мен
сендерге жұмбақ жасырайын. Шешуін тез табамыз
ба?
- Жұмбақтың
шешуін тез табамыз.
- Көкшіл айна
үйдегі
Көрсетеді
киноны.
Жаңалықты
жинайды
Жұртшылыққа
сыйлайды
Ол не?
(Теледидар.)
( Теледидармен
жұмыс)
- Балалар бір
жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда
төрт мезгіл бар.
- Жыл
мезгілдерін кім атайды?
- Жыл
мезгілдері: қыс мезгілі, көктем мезгілі, жаз мезгілі, күз
мезгілі.
- Жылдың қазір
қай мезгілі?
- Жылдың қазір
күз мезгілі.
- Күз
мезгілінде неше ай бар?
- Күз
мезгілінде үш ай бар.
- Күз айларын
кім атайды?
- Күз айлары:
қыркүйек, қазан, қараша.
- Күз
мезгілінің ерекшеліктері
қандай?
- Күзде ауа
райы суытады, ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі, құстар жылы
жаққа ұшып кетеді, біз жылы киімімізді
киеміз.
- Балалар осы
жыл мезгілдерінің ауысымы қай ғаламшарда
өтеді?
- Жыл
мезгілдерінің ауысымы жерде
өтеді.
- Жердің пішіні
қандай?
- Жердің пішіні
дөңгелек.
Балалардың
назарын теледидарға аудару.
- Балалар,
теледидардан нені көріп
тұрсыңдар?
-
Пішіндерді.
- Пішіндерді
атап айтайық.
- Шаршы,
үшбұрыш, дөңгелек.
- Балалар,
Бельгияның ұлы педагогы Кюизенердің таяқшалары арқылы пішіндерді
орналастырайық.
Балалар
таяқшалар арқылы пішіндерді
орналастырады.
- Балалар, жер
шары дөңгелек дедік, дөңгелек пішінге ұқсас тағы қандай нәрселерді
білесіңдер?
- Доп,
машинаның аяғы, күн, қарбыз, моншақ, т.
б.
- Балалар,
біздер осы моншақты қай жерімізге
тағамыз?
- Біз моншақты
мойнымызға тағамыз.
- Моншақты не
үшін тағамыз?
- Моншақты
әдемілік үшін тойға, қонақтарға барғанда
тағамыз.
- Олай болса,
балалар, Воскобович ойыны бойынша қуыршаққа моншақ
жасайық.
Балалар
қуыршаққа моншақ жасауға
кіріседі.
- Ойын ойнап
көңілді,
Қызыққа толы
мол игі.
Енді кезек
берейік,
Санамақ пен
қаламақ,
Құпия сырлар
әлемі.
- Балалар
сендер қандай санамақтар пен қаламақтар
білесіңдер?
Есқара: - Бір
дегенім -
Орныңнан жылдам
тұр дегенім.
Балабақшаға тез
жүр дегенім.
Мұхаммед: - Екі
дегенім
Санап, жазып,
оқы дегенім.
Білімді бойыңа
тоқы дегенім.
Алтынай: - Үш
дегенім
Еліңді сүйіп
құш дегенім
Биікке самғап
ұш дегенім.
Балалар, тағы
қандай санамақтар
айтасыңдар?