жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Қызықты тапсырмалар"
Тәрбиеші: Тоқсабаева Э.Т.
Бөлімі: Сауат ашу. Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Тақырыбы: Қызықты тапсырмалар.
Мақсаты: Дыбыс және әріп, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сізге дыбыстық талдау жасау, суретке қарап сөйлем құрастыра білу білімдерін жетілдіру. 1 -ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау. Қосу азайту амалдарына арналған логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын молайту. Үлкендерді құрметтеуге, достарымен тату болуға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қима әріп және қима сандар, суреттер, дидактикалық материалдар, слайд.
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық
шеңбері
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Тәрбиеші: Балалар сендер білесіңдер балықтар суда өмір сүреді.
Сусыз яғни ашық таза ауда өмір сүре алмайды. Балалар балық етінде өте көп пайдалы микроэлементтер бар. Мыслы, көзіміздің жақсы көруіне-балық майы, сүйектеріміздің берік болуына-кальций, жүйке, тыныс алу жүйелеріміздің дұрыс жұмыс істеуіне-темір, фтор, бор, иод деген микроэлементер көптеп көмектеседі. Сондықтан балалар сендерге аптасына кем дегенде бир рет балық етін жеп туру керек. Балалар менің балық туралы айткан себебім, бүгін бізге келетін қонағымыздың да балыққа қатысы бар.
Тәрбиеші: Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естіліп жатыр. Ненің дыбысы? -(Балықтың дыбысы)
Тәрбиеші: Бізге алтын балық келіпті. Алтын балық не дейді, тыңдап көрейікші.
Алтын балық: Сәлеметсіздер ме, балалар? Мен ертегідегі алтын балықпын. Мен сендердің білімдеріңді тексерейін деп жағаға шықтым. Мен ұсынған тапсырмаларды орындасаңдар, мен сендердің тілектеріңді орындаймын.
1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
1. Әліпбиде қанша әріп бар? – 42 әріп.
2. Дыбыс дегеніміз не? - естиміз және айтамыз.
3. Әріп дегенізім не? - жазамыз және көреміз.
4. Дыбыс нешеге және қандай түрге бөлінеді? – 2.
5. Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?- дауыстыны қызыл ал, дауыссызды көк түстпен белгілейміз.
2-тапсырма: Нан, бақа, ара, ат сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
3-тапсырма: Ара, әже, сан сөзін қима әріптермен жеке жұмыс жасау.
Сергіту сәті: Көктем келді әдемі,
Бақ бақ гүлі гүлдеді.
Бақбақ гүлі солғанда,
Алып балдар үрледі.
Көзімді мен ашайын,
Жоғары, төмен қарайын.
Кірпігімді қағып ап,
Оңға солға қарайын.
4-тапсырма: 1-ден 10-ға. 10-нан 1-ге тура және кері санау.
Тәрбиеші: Балалар тауық балапан басып шығарыпты, санайықшы нешеуін басып шыққанын. Ол үшін қима сандарды алып ретімен орналастырамыз.
5-тапсырма: «Кім тапқыр», дидактикалық ойыны: ойынның шарты: берілген суреттердің дұрыс жауабымен сәйкестендіру. Есептің дұрыс жауабын табу.
6-тапсырма: Логикалық есептер:
1. Асқарда тоғыз машина бар еді, оған анасы тағы бір машина сатып әперді. Асқарда барлығы қанша машина болды. -10
2. Ағашта бес құс отыр еді, екеуі ұшып кетті. Ағашта барлығы қанша құс қалды? -3.
3. Терезеде неше бұрыш бар? -4.
4. Шеңберде неше бұрыш бар? – бұрышы жоқ.
5. Айжанда төрт кәмпит болған, екеуін Алмасқа берді. Айжанда қанша кәмпит қалды? -2.
6. Үйдің төрт бұрышында бір бір мысықтан отыр, бір кезде әр бұрышқа тағыда бір мысықтан келіп қосылды. Сонда барлығы қанша мысық болды? – 8.
Сабақты қорытындылау
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Алтын балықтың барлық тапсырмаларын орындадық. Балалар, бірақ Алтын балық өз үйіне кеткісі келіп тұр екен.
Алтын балық: Балалар жарайсыңдар, сендер өте білімді балалар екенсіңдер, олай болса көздеріңді жұмып тілек ойлаңдар. Мен сендердің тілектеріңді орындаймын. Қош сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар кәнекей барлығымыз көзімізді жұмып ішімізден тілек тілейміз.
Тәрбиеші: Балалар бүгін кімнің тапсырмаларын орындадық?
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің сабағамызда не ұнады?
Балаларды мадақтайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: түбіт, ірімшік, шұлық, қымыз.
Билингвалды компонент: түбіт-пух, ірімшік-сыр, шұлық-носки, қымыз-кумыз.
Оқу іс-әрекеттің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекетті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Қайырлы таң! Ормандарлар мен далалар Қайырлы таң! Достасқан бар балалар Қайырлы таң! Біздің балабақшамыз Қайырлы таң! Жора-жолдас, ұл мен қыз. |
Балалар шаттық шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайалайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Кіріспе әңгіме -Балалар, бүгін біз «Төлдер айтысы» ертегісін оқып, мазмұнын айтуға тырысамыз. «Төлдер айтысы» ертегісін оқып беру.
Билингвалды компонент: түбіт-пух, ірімшік-сыр, шұлық-носки, қымыз-кумыз.
Сергіту сәті Бала, бала, балапан, Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Балалар сүт, ірімшік дегеніміз не екенін білесіңдер ме?
Ертегіні мазмұнына қарай сахналайды. |
Иеміз кімді жақсы көреді
Балалардың жауабы.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап, қимыл қозғалыстар жасайды
Балалардың жауабы.
Үй жануарлары
Балалардың жауабы. |
Рефлекциялық-айқындағыш |
Ертегіні жақсы сахналағаны үшін мақтау сөздер айтылады |
Ризашылықтарын білдіреді |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: ертегінің мазмұнын.
Игереді: ертегі кейіпкерлеріне баға беруді.
Меңгереді: жақсы қасиеттерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Күні: __________ Тәрбиеші: ____________________
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Көркем әдебие».
Тақырыбы: «Үш аю» ертегісі.
Мақсаты: 1. Балаларды ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін, жүріс тұрысын талдауға, оларға баға беруге өз ойларын айта алуға үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, ойыншықтар.
Сөздік жұмыс:
Билингвалды компонент: Үш аю- три медведя, асүй-кухня, тостаған-тарелка, кереует-кровать.
Оқу іс-әрекеттің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекетті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Қоңырау біздің сиқырлы, Сыңғырлап тағы ән салды. Шақырды түріп ұйқыңды, Шеңберге тұр, - деп баршаңды! |
Балалар шаттық шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайалайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Кіріспе әңгіме -Балалар, бүгін біз «Үш аю» ертегісін оқып, мазмұнын айтуға тырысамыз. «Үш аю» ертегісін оқып беру.
Билингвалды компонент: Үш аю- три медведя, асүй-кухня, тостаған-тарелка, кереует-кровать. Сергіту сәті Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық.
Педагог балаларға «Үш аю» ертегісін сахналауға жетекшілік етеді. |
Ертегінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Үш аюдың.
Екі бөлме.
Үш тостаған және үш орындық.
Ең кішісі Мишутка.
Балалар қайталайды.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап, қимыл қозғалыстар жасайды
Балалар рөлдерге бөлініп қызыға ойнайды. |
Рефлекциялық-айқындағыш |
Ертегіні жақсы сахналағаны үшін мақтау сөздер айтылады |
Ризашылықтарын білдіреді |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: ертегінің мазмұнын.
Игереді: ертегі кейіпкерлеріне баға беруді.
Меңгереді: жақсы қасиеттерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Күні: __________ Тәрбиеші: ____________________
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Қияр мен орамжапырақ».
Мақсаты: 1. Балаларды ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін, жүріс тұрысын талдауға, оларға баға беруге өз ойларын айта алуға үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, ойыншықтар.
Сөздік жұмыс:
Билингвальды компонент: Қияр-огурец, орамжапырақ-капуста, өзен-речка.
Оқу іс-әрекеттің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекетті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Армысың, Әлем! Армысың, Жарық күн! Армысың, абзал Адам! Армысың, менің досым! |
Балалар шаттық шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайалайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Кіріспе әңгіме -Балалар, бүгін біз «Қияр мен орамжапырақ» ертегісін оқып, мазмұнын айтуға тырысамыз. «Қияр мен орамжапырақ» ертегісін оқып беру.
Билингвальды компонент: Қияр-огурец, орамжапырақ-капуста, өзен-речка. Сергіту сәті Қане қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Білімде алда болайық. Педагог балаларға «Қияр мен орамжапырақ» ертегісін сахналауға жетекшілік етеді. |
Ертегінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Өзенге. Қияр.
Балалар жауаптары
Балалар қайталайды.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап, қимыл қозғалыстар жасайды
Балалар рөлдерге бөлініп қызыға ойнайды. |
Рефлекциялық-айқындағыш |
Ертегіні жақсы сахналағаны үшін мақтау сөздер айтылады |
Ризашылықтарын білдіреді |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: ертегінің мазмұнын.
Игереді: ертегі кейіпкерлеріне баға беруді.
Меңгереді: жақсы қасиеттерді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген