400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Р дыбысы және әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге және сөздерден сөйлем құрай алуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Р р дыбысы және әрпі
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілетін дамыту. Р дыбысымен таныстыру, р дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға үйрету.

Білімділігі: Балалардың Р р дыбысы мен әрпімен таныстыру. Буын туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылығы: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге және сөздерден сөйлем құрай алуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелігі: Балаларды достыққа, мейірімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: шар, ара суреттері, кеспе әріптер, буындар текшелер, әріп элементі иттің суреті.

Оқу іс-әрекетінің барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрып: Достар, бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге Қуанышпен еніңдер

Өткен сабақты қайталап өту.
П дыбысын еске түсіру

«П» Бала отыр партада
Оқы, үйрен шаршама
«П» дыбысы дауыссыз
Мәлім болды баршаңа

ІІ. Негізгі бөлім. Мысал оқиды: Алмас иті Ақтөспен тоғайға келді. Тоғайда шөп қалың екен. Ақтөс шөп арасынан кірпіні көріп қалып, оған ырылдай жөнелді. Итің ырылын салдыру. Балалар барлығы қосылып: р-р-р дейді. Алмас кірпі, ырылдау деген сөздерді буынға бөлу.

1. Р дыбысымен таныстыру. Қазір біз сол Р әрпімен танысамыз. Р әрпі дауыссыз дыбыс, р әрпін айтқанда тіліміз, жоғарғы қызыл етімімізге тісімізге тиіп р дыбысы шығады. Р дыбысы бар буындарды оқыту. (хормен). -ра, -ре, -ру, -ро. Тісімізге, тілімізге, ернімізге кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Сондықтан Р дыбысын көк текшемен белгілейміз.

Мынау Р дыбысының әріп таңбасы баспа түрі, ал мынау-жазба түрі
2. Педагог бірнеше сөздерді оқиды, балалар р дыбысы кездесетін сөздерді айтады. Р дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын және сол сөздерді буынға бөліп айтады.Р әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында кезігеді. Р әрпі бар сөздерді айтамыз. Қала, қар, қамыс, қарға, қатық, рақат, радио, домбыра, жаңбыр, көгершін т. Б

3.Артикуляциялық жаттығуларды жасау

«Саңырауқұлақ». Ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

«Сағат». Тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап козғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Тәтті тосап». Жалпақ тілді шығарып жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару /15 рет қайталау/.

«Таңдайды сырлау».

Тістің артына тілімізді қойып д-д-д дыбысын айту
4. Жұмбақ жасыру. Қонатыны гүл, Жинайтыны нәр. Шешуі: Ара Ара деген сөзге дыбыстық талдау жасайық а - р - а деген сөзде 2 дауысты 1 дауыссыз 3 әріп, 3 дыбыс бар.

5. Буындарды қайталау

Ра-ра-ра-рас Ар-ар-ар-қар

Ро-ро-ро-ром Ор-ор-ор-тор

Ры-ры-ры-рыс Ыр-ыр-ыр-отыр
6.
Тіл ұстарту жаттығуы. Ра-ра-ра Айжан шашыңды тара.

Ыр-ыр-ыр-ырылдайды қасқыр Ра-ра-ра-бал жинайды ара Мір-мір-мір-қап-қара көмір

Тоқылдақ ағашты қалай тоқылдатады? Тр-тр-тр. Мысық қалай дыбыстайды? Мр-мр-мр. Қарға қалай қарқылдайды? Қар-р-р.
7.Ойын ойнайық

Аспазшыға көмек керек.

«Р» дыбысы бар жемістерден Тамақ пісіру үшін көкөністерді

сусын жасау. дұрыс айтып беру.

8.Жануарлардың дыбысын салу

9.Суреттерге қарап, «р» дыбысының орнын айту.
10.Қателеспе» ойын

Мен бірнеше дыбыс, буын, сөз айтамын. Ал сен «Р» дыбысын естісең, қол көтер.

А, с, л, м, р, ш, т, д, р, у, қ.

Ас, ат, аш, ар, ба, до, ро, ри, ла, са, ша, ра.

Ата, қаз, шар, тас, жол, ара, қара.

10. (Сурет) Трактор дүрілдеуі(қатты).

Машина дүрілдеуі(ақырын)

11.Сурет бойынша жұмыс

Машинаның суретін екі қолмен кезектесіп басып бояу.

Оң қолмен Сол қолмен

12.Жаңылтпашты жатқа айту. Ақ шар бар, .Көк шар бар. Көп шар бар, Төрт шар бар.

Орта қойдым Торта қойдым Жорта қойдым Орта қойдым

Ай, ай Айдарбай, Иір мүйіз сиырыңды Үйіріне айдай бар.

Дәптердегі буындар мен сөздерді оқыту. Р әрпін үлгі бойынша үзік сызықтарды қосу арқылы жаздыру.Дәптердегі соңғы тапсырманы балаға өздік жұмыс ретінде беруге болады.

саусақ жаттығулары: «Шынжыр», «Саусақтар жүреді», «Доп»,

ІІІ. Қорытындылау.Суреттер көрсету, «р» дыбысын тапқызу, әріп текшелермен осы сөздерді құрастыртып жазғызу. Буынға бөлгізу. Өз ойларынан р дыбысын қатыстырып, сөз құрастыру. -ра, -ро, -ру буындарын бірнеше рет хормен және жеке-жеке айтқызу.
Бүгін қандай әріппен таныстық. Қандай текшемен белгілейміз?


Р әрпі дауыссыз дыбыс.
Барлық әріп бағалы.
Айтып әділ бағалы.
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз болмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.11.2021
1049
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі