400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ашық сабақ "Р" дыбысын буында, сөзде бекіту 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед мұғалімдерге қажет ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Р дыбысын бекіту»
Сабақтың мақсаты:
1. Фонематикалық қабылдауын дамыту
2. Артикуляциялық моторикасын дамыту
3. Сөйлеу тілін дамытып, анық дұрыс сөйлеуге үйрету .

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, балалар! Қонақтармен амандасамыз.

  • Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

  • Қыс (балалар жауап береді)

  • Қыста не жауады?

  • Қар (балалар жауап береді)

  • Кәнеки, балалар, алдымызда жатқан қар ұлпаларын үрлейік. Мұрнымызбен демді алып, аузымыздан ауаны шығарамыз.

  • Жарайсыңдар, балалар!

  • Қыста ауа-райы қандай болады?

  • Суық (балалар жауап береді)

  • Күн суықта біздің қолдарымыз тонып қалады. Тонып қалған қолымызды жылытайық. Аузымызбен демді алып, аузымыздан ауаны шығарамыз.

  • Жақсы балалар жылынып алдық.

2.Артикуляциялық жаттығу

«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып, астыңғы ерінге ұстап тұру керек.

«Кесе» - ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.

«Тізімізді тазалаймыз» - Бала, ерінің күлген секілді жасап, тілімен төменгі тістерінің ішкі жағынан,  сосын үстіңгі тістерін тазалағандай қимылдар жасату.

«Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек – д-д-д.

3.Суреттерге қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. Бірнеше суреттер көрсетіледі, бірінші дыбыстарын айту.

«Р» дыбысы дұрыс шығуы үшін «Р» дыбысының артикуляциясына назар аударамыз.

-ерін аздап дөңгеленіп тұрады.

-жоғарғы, төменгі тістер арасы алшақ келеді.

-тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі.

-тіл мен таңдай арасында ауа толқын еркін өтеді.

-тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады.

-жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаны мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады.

-дауыс шымылдықтары қатайып бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.

-ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.

4.Сурет бойынша жұмыс жасау.

-Иттің ырылдауын келтіру(қатты). –Күшіктің ырылдауын келтіру(ақырын)

-Трактор дүрілдеуі(қатты). –Машина дүрілдеуі(ақырын)

5. Сергіту сәті. Видео

6. Балалар, біздің күннің көзінің шуақтарын бұлт басып кетіпті. Бұлттар кету үшін мына тапсырманы орындау керек. «Р» дыбысын буында және сөзде дұрыс айту.

Ра-ра-ра ар-ар-ар ра-ра-ра-ара

Ро-ро-ро ор-ор-ор ор-ор-ор-бор

Ри-ри-ри ир-ир-ир ри-ри-ри-сори

Ру-ру-ру ур-ур-ур ру-ру-ру-бару

Біз тапсырманы орындадық, бұлттар кетіп, күннің көзінің шуақтары ашылды.

7. «Ойлан тап» ойыны. Сөз ойлап табу.

Ра - тара, қара, дара, ара.

Ар – қар, тар, жар, шар.

Ор – бор, тор, қор.

Ры –тары, сары

8. Музыкалық жаттығу.

Балалар музыка мұғалімімен айтады.

Бра-бра-бра (минус)









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі