400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Рационал сандарды бөлу. 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныпқа дайын қмж.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2.А. Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп:

«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Күні: 13. 11. 2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Дюсалиева И Д

Сынып: 6 «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды бөлу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.16 Рационал сандарды бөлуді орындау;

Сабақтың мақсаттары

-Таңбалары әртүрлі сандарды бөлу,таңбалары бірдей сандарды бөлу ережелерін біледі, түсінеді ;

-Рационал сандарды бөлу ережесін қолданып,бөлуге берілген өрнектің мәнін табады, өрнекті ықшамдайды.

-Рационал сандарды бөлу ережесін қолданып, логикалық және күрделі есептерді шешеді, бөлшектерді тиімді тәсілмен есептейді.

Бағалау критерийлері

-Таңбалары әртүрлі сандарды бөлу, таңбалары бірдей сандарды бөлу ережелерін біледі, түсінеді ;

-Рационал сандарды бөлуге берілген өрнектің мәнін табады;

-Логикалық және күрделі есептерді шешуде рационал сандарды бөлу ережесін ұтымды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- екі теріс санның бөліндісі туралы сипаттайды;

- есептер шығаруда рационал сандарды бөлу амалының ережелерін түсініп қолданады.

Пәндік лексика және терминология: таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды бөлу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  1. Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту үшін.......................

  2. Санды 0-ге көбейткенде ........

  3. Екі теріс санды көбейткенде ................

  4. Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды .......... сандар деп атайды.

  5. Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін..........

  6. Натурал санды бөлшекке бөлу немесе бөлшекті натурал санға бөлу үшін.........

  7. Теріс санды 0-ге көбейткенде....

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру

Тақырып бойынша алдыңғы білім

1.Рационал сандарды көбейту.

2.Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері .

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


5 минут














І. Ұйымдастыру:

1.1. Сынып оқушыларымен амандасу

1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.3. Оқушыларды түгендеу

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Оқушылар ортаға шақырылып шеңбер бойына тұрады, осылайша бір-бірін қошеметке бөлейді).

Күлім қағып қолымды

One, two, three деп, соғайын.

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайынан сипайын.

Үй тапсырмасын «Тақтайша» әдісі арқылы тексеру.


1. Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту үшін.......................

2.Санды 0-ге көбейткенде ........

3.Екі теріс санды көбейткенде ................

4.Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды .......... сандар деп атайды.

5.Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін..........

6.Натурал санды бөлшекке бөлу немесе бөлшекті натурал санға бөлу үшін.........

7.Теріс санды 0-ге көбейткенде....

8. Рационал сандарды қосу үшін...

9. Рационал сандарды азайту үшін...

10.Оң санды 0-ге көбейткенде...

Қалыптастырушы бағалау: "Үш шапалақ" әдісі арқылы оқушылар жауаптарына қарай бірін-бірі бағалайды.Егер жауап толық болмаса шапалақ саны азаяды.


"Миға шабуыл"

Оқушылар қане, енді біздер мына ребусты шешіп көрелік:


,,,, ,,,,, ,,

10


1,2,3,4,5 ды ,,, ,, ,


Шешімі: "Рационал сандарды бөлу".

Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз да осылай аталады.

Бүгінгі сабақта біздер "Рационал сандарды бөлу" әдістерімен, ережелерімен танысып, оларды амалдар орындауда қолданатын боламыз.
















Оқушылар барлығы айтады.






.



















Оқушылар ребустың шешімін табады.

Сабақтың ортасы/сабақ- тың негізгі бөлімі

30 мин

















































Жаңа сабақпен танысу.

Балалар, сендер рационал сандарды көбейту ережесін білесіңдер, олай болса бөлуге есептер шығарып көрелік:

Топтық жұмыс:

"Болжау" әдісі.(Топтық жұмыс-Оқулықпен жұмыс)

1-топ. 2-топ.

№ №







3-топ. 4-топ.

№ №






Теріс санды теріс санға бөлу үшін, бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек.


(-):(+)=(-)

(-):(-)=(+)

(+):(-)=(-)

(+):(+)=(+)

Дескриптор:

-Теріс санды оң санға бөле алады;

-Оң санды теріс санға бөле алады;

-Теріс санды теріс санға бөле алады;

-Рационал сандарды 0-ге болмайтындығы туралы ережені тұжырымдай алады.

2) bilimland.kz сайтынан тапсырма орындау


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы беріледі.(ҚБ тапсырмалар жинағы жоба).

6.1.2.16 рационал сандарды бөлуді орындау

Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Рационал сандарды бөлуге берілген өрнектің мәнін табады

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі

Тапсырма:

Амалдарды орындаңыз:

  1. -32,2:0,23=-14

б) = ·(- )=-3

с) -2 :(-1 )2=- · =-1

д) -(1 )2:(- )=- ·(- )=2

е) (-2,4-6,1): +(1 -2 ):1 =-8,5· +(- )· 10- -10

Дескриптор: Білім алушы

-амалдардың орындалу ретін анықтайды;

-таңбалары бірдей рационал сандарды бөледі;

-таңбалары әр түрлі рационал сандарды бөледі;

-өрнектердің мәнін табады.

ҚБ:

Мұғалім бағалауы "Меннен саған бір жұлдыз" әдісі.

Егер оқушының жұмысының бәрі дұрыс болса, мұғалім бір жұлдыз сыйлайды; тексеріп үлгермесе, жұмыстарын алып кетіп бағалауға болады.

Сергіту сәті: Оң қол мен сол қолды бірге жұмыс жасату арқылы мидың жұмысын жақсарту

Оқушылардың екі қолына бір – бір беттен беріледі. Оң қолдағы бетке «А», сол қолдағы бетке «В» әріпін үзбей жазады. Дәл осылай 1 мен 2 сандарын жазады.

bilimland.kz сайтынан тест тапсырмасын орындау

ҚБ:"Бағдаршам " арқылы бағалау

Жасыл түсті көтерсе, толық түсіндім

Сары түсті көтерсе, жартылай түсіндім

Қызыл түсті көтерсе, әлі де жұмыстануды қажет етеді.

Саралау тәсілі: «Қарқын» /Дарынды балалармен жұмыс/

Саралау. «Қарқын» тәсілі. Белгіленген уақыттан тапсырманы бұрын орындаған оқушылар үшін қосымша бақылау жұмысы жинағынан С тобына

Үшбұрыштың периметрі 24 см.Оның қабырғаларының ұзындықтарының қатынасы 5:4:3 қатынасындай.Үшбұрыштың қабырғаларының әрқайсысының ұзындығын табыңдар.

Шешуі:5х+4х+3х=24 см

12х=24

х=2

Жауабы: 10 см; 8 см; 6 см.


Қалыптастырушы бағалау: «Жарайсың»








Математика, 6 сынып 1-бөлім.

































Сабақтың соңы

3 минут

Бекіту









"Сен қаншалықты білесің" әдісі.

Мұғалім нәтижесі оңай табылатын есептерді айтады. Оқушылар нәтиже оң сан болса қолдарын жоғары көтереді; теріс сан болса қолдарын алдына созады; 0(нөл) болса бүйірін таянады.

Үйге тапсырма: №609. №621(Рационал сандарды бөлу тақырыбын оқу)



Рефлексия

2 минут

Рефлексия. «Мишень» әдісі

Бөліктерін толтырады.

  1. Қызық болды

  2. Жаңалық

  3. Белсене қатыстым

  4. Түсінікті болды

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Барлық оқушылар топта бірлесе отырып жұмыстанады. Яғни бұндай жұмыс нәтижесінде өзара көмек жүзеге асырылады. Олар тақырып бойынша білімдерін толықтырады, өз ойларын айтады, бір-біріне көмектеседі, әрі бәсекелестік орта қалыптасады.

Бұл қабілетті оқушылардың көмегімен жүзеге асырылады. Сабақтың өткізу барысында «Деңгейлік тапсырмалар» жасаймын, қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беремін.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Сабақ бойында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Яғни топтар бір бірін бағалайды. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындағанда оқушыларды жетелеу мақсатында өзім «Ауызша бағалау» жүргіземін. Мақсатым оқушыларды алға қарай жетелеу. Сабақтың басында және соңында ББҮ кестесін толтырып кері байланыс және соңында «Мишень» әдісі бойынша рефлексия аламын.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы:

  • Математика оқу кабинетінде тазалық пен қауіпсіздік ережесін сақтау.

  • Психологиялық ахуал орнату.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Дұрыс қойылған және де мақсат бойынша оқушылармен бірлесіп, сабақтың мақсатына жеттік.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Оқушылармен бірлесіп, тапсырмалармен жұмыстандық. Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау ұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақтың уақыттық кезеңдері өз жүйесімен сақталды.

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Алдыңғы білім бойынша оқушылар біртіндеп сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытуы.

2.Жаңа сабақ барысында берілген әдіс бойынша оқушылардың тақырыпты толық ашуы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Сабақтағы әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар.

2. ҚБ арналған тапсырмалар.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Көбірек логикалық тапсырмалар мен есептерді оқушыларға ұсынып, беру.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1769
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі