400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Рационал сандарды көбейту және бөлуге арналған жаттығулар" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен 6-сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспары. Жаңартылған білім мазмұны бойынша дайындалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: Таскала ауданы, ЖОББ Шипов мектебі

Күні: 5.12.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Исказиева Лазат Битималиевна

Сынып: 6

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды көбейту және бөлуге арналған жаттығулар

Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Рационал сандарды көбейтуді, бөлуді орындау

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың бәрі: рационал сандарды көбейту,бөлу ережесін біледі және айта алады.

Оқушылардың көпшілігі: рационал сандарды көбейту, бөлу ережесін есептер шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар:рационал сандарды көбейту мен бөлуде тиімді әдістермен жұмыстана алады,өрнекті түрлендіреді.

Бағалау критерийі

  • Рационал сандарды көбейту, бөлу ережесін біледі.

  • Рационал сандарды көбейту,бөлу ережесін қолданады.

  • Көбейтуде,бөлуде тиімді тәсілдерді қолданып, күрделі есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар рационал сандарды көбейту,бөлу алгоритмін жазбаша және ауызша түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Рационал сандарды көбейту және бөлу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Екі теріс санның көбейтіндісі қандай сан?

- Оң сан мен теріс сандардың көбейтіндісі қандай сан?

- Қай кезде көбейтіндінің таңбасы оң болады?

- Екі тері санның бөліндісі қандай сан?

- Оң сан мен теріс сандардың бөліндісі қандай сан?

Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары рухаят. Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы. Құрметтеуге, ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі (тақырыпты талдау үшін)

Бастапқы білім

Рационал сандарды қосу және азайту ережесін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу)

2. Оқушыларды топқа бөлу.

« Бұлт» ойыны арқылы, оқушыларды топқа бөлу

Әр оқушы тақтаға шығып, түрлі түстегі «Бұлт» тамшыларынан өзіне ұнағанын алып, артындағы сұрақтарға жауап бере отырып, бұлт түрлеріне қарай 4 топқа бөлінеді.

Енді ненің суреті шықты?

  • Күннің көзі!

  • Дұрыс , балалар мен сендерге бүгінгі сабақта осы күннің көзіндей көңілдерің жарқырап, барлықтарыңыз белсенді қатысып, жақсы нәтиже көрсетуіңізге шын ниетпен тілектеспін.

І.Өткенді қайталау «Сұрақ – жауап» арқылы

Бұлт тамшыларының артында жазылатын сұрақтар:


1. Рационал сандарды көбейтудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

2. Екі теріс санның көбейтіндісі қандай сан?

3. Оң сан мен теріс сандардың көбейтіндісі қандай сан?

4. Кез-келген санды (-1)-ге көбейткенде қандай сан шығады?

5. Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, көбейтінді неге тең?

6. Қай кезде көбейтіндінің таңбасы оң болады?

7. Екі теріс санның бөліндісі қандай сан?

8.Оң сан мен теріс сандардың бөліндісі қандай сан?

9. Санды қандай рационал санға бөлуге болмайды?

10. Қандай жағдайда екі рационал санның бөліндісі нөлге тең?


Есептеп шығар(ауызша):

11. (-2)* (-15); 12. (-15)*4; 13. 0*(- ); 14. – 4*0,5;

15. - *(-2); 16. 9*(-7); 17. 0:(-3); 18. -0,2: 0,1;


19. -6: (-2) ; 20. -6,3 :3; 21. 45: (-15); 22. (-10) : (-5);

23. - : (- ); 24. 1,2*(-100) .


ҚБ: мұғалімнің мадақтауы арқылы


II. Үй тапсырмасын тексеру


Қ.Б: есептің дұрыс жауабын тақтадан көрсету арқылы тексеремін.


Оқулық

Күн,бұлт бейнеленген суреттер








Сабақтың ортасы


























III. Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.

ІV. «Құпияны ашу» жұптық жұмыс

Теңдік тура болатындай етіп, жұлдызшаның орнына тиісті сандарды қойып жазыңдар:

7 ( * ) = -21; -5 ( * ) = -30; ( * ) ( - 9) = -63;

-15 ( * ) = 60; ( * ) (-4) =36; ( - 25) ( * ) = -100.

Екі адам біріге отырып шығарып, бір қағазға жазады. Барлық топ тапсырманы орындап болған соң, топ ішінде жұптар бір-бірінің жұмысын тексереді

Қ.Б: жұптар бір-бірін тексереді

V. Семантикалық карта(топтық жұмыс)


-

- 4

4,9

- 14

- :






: (- )






:






7 : (- )






-3 : (- )








VІ. Ой қозғау (ауызша)

a мен b –ның қандай мәндерінде келесі теңдіктер орындалады:

1) = 0; 2) = 1; 3) = -1; 4) > 1; 5) < 1 ?

[ 1) a=0, b≠0; 2) a=b; 3) a= -b; 4) a> b>0 немесе a< b<0;

5) 0<a< b және b< a<0. ]

Қ.Б: мұғалімнің мадақтауы арқылы


VII. Есеп шығару

Әдіс: «Ойлан.Бірік.Бөліс»

1-топ. Есептеп шығарыңдар: -2 (-2 ) -7 . [-2]

2-топ. Есептеп шығарыңдар: 6,4 : (- 0,2) + 15. [ -17]

3-топ. Марат ойлаған санын -7-ге көбейтіп, нәтижесіне 15,7 санын қосқанда қосынды -11,6-ға тең болды. Марат қандай сан ойлады? [ 3,9]

4-топ. Қараша айының бір күнінде ауаның температурасы таңертең, түсте, кешке және түнде өлшенді. Өлшеу нәтижелері бойынша сол күнгі ауаның тәуліктік температурасының арифметикалық ортасы -50С болды.

Таңертеңгі ауаның температурасына қарағанда түсте температура +30С –қа өзгерген, ал кешке -30С-қа өзгерген, ал түнде -40С-қа өзгерген. Таңертеңгі ауаның температурасы неше градус болған? [-40С].

Қ.Б: «Басбармақ» әдісі арқылы топтар сағат тілі бағытымен , бір- бірінің жауабын бағалайды



VІIІ. Қосымша тапсырма (Үйден орындауға)

1)Шаршының клеткаларына -1, +2, -3, +4, -5, +6, -7, +8, -9 сандарын көлденеңінен, тігінен және диагональ бойымен көбейткенде теріс сан шығатындай қылып орналастыр.


2) Шаршының клеткаларына -1, +2, -3, -4, +5, -6, -7, +8, -9 сандарын көлденеңінен, тігінен және диагональ бойымен көбейткенде оң сан шығатындай қылып орналастыр.



Оқулық «Математика» Т.А.Алдамұратова 2017ж























































































Сабақ соңы







Қорытындылау.

Оқушылар бүгінгі сабақ туралы пікірлерін білдіреді.

«Білім ағашы» бойынша кері байланыс орындалады.

Түстерді таңдай отырып, ағашты жеміске толтырыңыз.

Қызыл – сабақ өте қызықты өтті. Маған бәрі ұнады.

Сары – маған сабақ ұнады, мәлімет аздау болды.

Жолақ – тапсырманы түсініп отырдым, алайда маған сабақ қызықты болмады.

Жасыл – мен өзіме керек мағлұматты алдым, сабақтан түйгенім көп болды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі