400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Рационал сандарды салыстыру 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің бұл сабағым жаңартылған білім беру аясында өтілген. Әріптестеріме қажет болар деп ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: «Сырдария» шағын жинақты негізгі орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Тұрлыбекова Индира

Сынып: 6

Қатысқандар саны:15

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру;

6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру;

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: Бүтін, рационал сандарды салыстыруды біледі.

Оқушылардың көпшілігі: Рационал сандарды салыстырудың барлық анықтамаларын қолданып, есептер шығарады.

Кейбір оқушылар: Санның модулі бойынша салыстыруға есептер шығарады.


Бағалау критерийі


Бүтін - рационал сандарды салыстырады.

Рационал сандарды салыстырудың барлық анықтамаларын қолданып, есептер шығарады.

Санның модулі бойынша салыстыруға есептер шығарады.

Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Оң сандар, теріс сандар

Салыстыру, теңсіздік белгілері, модульдері бойынша салыстыру.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Координаталық түзу бойында салыстырылатын сандардың үлкені ... кескінделеді.

Кез келген оң сан ... үлкен.

Кез келген теріс сан ... кіші.

Құндылықтарға баулу

Өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту.

Пәнаралық байланыс


Жаратылыстану, геометрия.

Алдыңғы білім

Координаталық сәуледе натурал сандарды салыстыру.

Оң сан, теріс сан. Санның модулі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


3 минут


Сәлемдесу.

Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

«Сәлемдесу» әдісі арқылы сергіту сәтін өткіземін. Оқушыларға түрлі тілдерде сәлемдесу үлгілері жазылған парақшалар тарқатылады. .«Сәлемдесу» арқылы оқушылар бір – бірлерімен сәлемдеседі. Парақшаның келесі бетінде жазылған сұрақтар бойынша үш топқа бөлініп отырады.

Оқушылармен оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау.


Парақша

лар

Сабақ ортасы


7 минут





















5 минут
















10 минут
































7 минут












3 минут

«Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақтар топ ішінде талқыланып, жауап беріледі.

І топ

1.Координаталық түзуде 0-ден оңға қарай бағытта сандар кеми ме, әлде өсе ме?

ІІ топ

2. Координаталық түзуде 0-ден солға қарай бағытта сандар қалай өзгереді?

ІІІ топ

3. Координаталық түзуді пайдаланып, сандарды салыстырыңдар. Жұлдызшаның орнына < немесе > белгісін қойыңдар:

(-5) * (-4); (-4) * (-3); (-3) * (-2); (-2) * (-1); (-1) * (0);

Оқушыларды «координаталық түзуде оң сан 0 санының оң жағында, теріс санның оң жағында орналасады» деген қорытындыға келтіремін.

Жаңа сабақ

Координаталық түзу бойында салыстырылатын сандардың үлкені оң жақта, ал одан кіші сан онаң сол жағында кескінделеді.

Кез келген оң сан 0-ден үлкен және кез-келген теріс саннан үлкен.

Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез келген оң саннан кіші.

Мысалы: С(-3) нүктесі О (0) және D (4,5) нүктелерінің сол жағында. Онда -3<0 ; -3<4,5



Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен.

Мысалы, онда онда

Оқулықпен жұмыс. «Кім жылдам» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар орындайды.

А деңгей

№365. Сандарды 0 санымен салыстырып, теңсіздік түрінде жаз:

1) 4>0; -7<0; 8>0; -1<0;

2)-3/5<0; -1/4<0;

3)8.1>0; -3.7<0;

№366. Сандарды салыстырыңдар:

1) 8,7 >7,8; 2) -4,1 <2; 3) 3/8 >-5/8;

4) -6 >-9,2; 5) -18 <-1,8; 6) 2,9>-9,2;

№367. Температураларды салыстырып, кестені толтырыңдар.

Дескриптор:

- сандарды 0 санымен салыстырады;

- екі теріс санды салыстырады;

- теріс сан мен оң санды салыстырады;

В деңгей

№376. Сандарды салыстырыңдар:

1) -2/5 >-2/3; 2) -25/14 >-3; 3) -3/5 < -3/7;

4) -5/9 >-7/9; 5) -7/12 < -5/12; 6) -3/8 < -3/10.

№377. Теңсіздік тура болатын цифрды тауып, жұлдызшаның орнына қой:

1) -7348 > -7349; 2) -4615 < -4605;

3) -2/7<-1/7; 4) -29,31<-19,31;

5) -58,40 > -58,41; 6) -3/4 < -3/5.

Дескриптор:

- теріс сан мен оң санды салыстырады;

- алымдары (бөлімдері) бірдей бөлшектерді салыстыруды қоданып, екі теріс санды салыстырады;

С деңгей

№378.Салыстырыңдар:

1) |-3,9| бен |9-3|; 2) |-1,4| пен |-14|; 3) |-4/7| пен |4/7|;

4) |-30| бен |50|; 5) |-2/3| мен |1/2|; 6) |-10-11| мен |20|;

Дескриптор:

- берілген амалдарды орындайды;

- санды модулі бойынша салыстырады;

«Сұрақтар қобдишасы» әдісі бойынша әрбір топ тапсырмалар құрастырып қобдишаға салады да келесі топқа береді. Оқушылар есептерді плакаттарға шығарады.


Бағалау критерийі:

-рационал сандардың барлық анықтамаларын қолданып, есептер шығарады

Дескриптор:

- сандарды 0 санымен салыстырады;

- екі теріс санды салыстырады;

- теріс сан мен оң санды салыстырады;

Жауаптарын тексеріп, өзара бағалау жүргізіледі.

«Сөйлемді аяқта» әдісі арқылы оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

1. Координаталық түзу бойында салыстырылатын сандардың үлкені ........

2. Кез келген оң сан 0-ден ..........

3. Кез келген теріс сан 0-ден ........

4.Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан..........

5. Егер «а – оң сан» болса, жалпы түрде былай жазылады:

6. Егер «в – теріс сан» болса, жалпы түрде былай жазылады:

7. Бір таңбалы ең кіші бүтін сан...

8. Бір таңбалы ең үлкен сан...

9. Екі таңбалы ең кіші сан...

10. Үш таңбалы ең кіші сан...

Дескриптор:

- тұжырымдарды аяқтайды;

- оң және теріс санның жалпы түрде белгіленуін жазады;

- сандарды атайды;


2-слайд














смайликтер









3-слайд













Оқулық























4- слайд













Қобдиша

лар, маркер

А3

Сабақ соңы:

5 минут


Кері байланыс «БББ» әдісі бойынша.

Білемін: Білдім: Білгім келеді


БББ кестесі

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасын сақтау

Қорытынды. «Ой қозғау» әдісі арқылы әр топқа бір тапсырмадан беріліп, топтағы әр оқушыәр түрлі қорытынды жасайды.

Қарқын және тапсырма. Оқушылардың қажеттілігіне қарай «Кім жылдам» әдісі арқылы алға ілгерілеп отыратын деңгейлік тапсырмалар беремін.

Қабілетті оқушылар «Сұрақтар қобдишасы» әдісі арқылы ойдан тапсырмалар даярлайды.

Мысалы, таулардың биіктігін, ауа температурасын салыстыруға есептер құрастырады. Арнайы дереккөздер пайдаланылады.

Өзін өзі бағалау. «Түсінбедім», «Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес», «Түсіндім» смайликтерін көрсету арқылы.«БББ» кестесі арқылы кері байланыс береді.

Сұрақтардың жауаптарын тексеріп, өзара бағалайды.

Оқу мақсатына негізделген бағалау критерийлерінің дескрипторлары арқылы кері байланыс беремін.

Сыныпта техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екендігі айтылады.

Рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді

болды ма? Барлық

оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді

ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп

ойлайсыз?Сабақта

саралау дұрыс

жүргізілді ме?Сабақ

кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан

ауытқу болды ма және неліктен?














Жалпы бағамдау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )?

1:

2:

Сабақты бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері,қиыншылықтары туралы не анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
2884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі