Материалдар / Ашық сабақ «Рәміздер күні»

Ашық сабақ «Рәміздер күні»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
682
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «Лада» балабақшасы»

Тәрбиеші: Иксанова Г.О.

«Балдәурен» тобы.














Тақырыбы: «Рәміздер күні» 

























2020-2021ж.

4-маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік



Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

- Әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жақсы балалар.

Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Ән: Отан

Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Біздің Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап
Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!

Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Ән: Көк тудың желбірегені

Тәрбиеші: Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Каусар.

Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем.
Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Амира.

Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім-ұлы Қазақстаным!
Ең бақытты балалардың Отаны.

Ерсұлтан.

Қазақстан - азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да

Алихан.

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Диас.

Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел

Тәрбиеші: Отан оттанда ыстық дегендей, Отан үшін жанын берген аға – әпкелерімізге арнап топ ұлдарының орындауында «Алға Қазағым» биін қабыл алыңыздар!

Би «Алға Қазағым»


Тәрбиеші: Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаң ба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
Балалар рәміздерімізді кім атап береді?

Дұрыс айтасыңдар балалар?

Рамазан.

Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

Айсұлтан.

Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

Зере.

Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам

Әнші қызымыз Мөлдірдің орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

Келесі тақпақтарын айтуға балалар

Самира.

Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.

Айзере.

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Асылназ. 

Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.

Қуаныш.

Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!
                                                                                                 

Тәрбиеші:

Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар–ай - деп

Тәрбиеші:

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

деп Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай ана тілімізді құрметтеп балаларымыз заман талабына сай өзге тілді де меңгеріп жатыр.


Еркеназ.

Қазақстан - азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.

Алина

В День Независимости я
Стране желаю возродиться,
И чтобы каждая семья
Имела шанс к мечте стремиться.

Рамазан.

Родина моя – Казахстан!
Там лазурное небо и снежные горы,
Бескрайних полей золотые просторы.
Закаты как в сказке и звездные ночи,
Рассветы ясны как красавицы очи.

Дамиль.

Там свято хранятся традиции предков,
И люди плохие встречаются редко.
Там радость так радость, беда не беда,
Гостям в каждом доме там рады всегд

Тәрбиеші: Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай.

Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар 2. Туымыз, Елтаңба, Әнұран теңіміз бар. Осы елімізді, жерімізді басқарып отырған ел басымыз бар.

Теңесер көкпен төбесі
Ойының биік өресі
Емендей өзі жігерлі
Қайратты қайсар Ер осы!

Тәрбиеші:

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Атамекен әні топ балаларының орындауында қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға  рахмет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ