Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Рәміздерім Мақтанышым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітілді:___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты |
«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» ҚР Рәміздеріне 30 жыл Түрлі жарақаттар алған жағдайда алғашқы медициналық көмек |
|
Күні |
05.12.2022 |
|
Класс жетекші: |
Асанбаева Г.Ж |
|
Класс: 6Б |
Қатысушылар саны: 32 |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді». Н.Ә. Назарбаев |
|
Сабақтың мақсаты: |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Жұптық, топтық жұмыстарды орындау арқылы ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, бір-бірін құрметтеуге үйрету, еңбек және шығармашылыққа баулу, сынып сағатына қатысты деректі материалдар арқылы өмір бойы білім алу ұғымын қалыптастыру, бір-бірін бағалау арқылы әділдікке, ашықтыққа тәрбиелеу. |
|
Ресімдеу |
Слайд,презентация |
|
Музыкалық және бейне көркемдеу |
интерактивті тақта, слайд |
|
Үлестірмелі материалдар |
Рәміздер туралы суреттер |
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер |
Презентация |
|
Дайындыққа арналған әдебиет |
Интернет материалдары |
|
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин) |
Мұғалім оқушылармен амандасады, түгендейді. «Жасырын сурет» Суретте не бейнеленгенін тап! (Мұғалім рәміздері бар суретті жасырып, аздап аздап ашып, оқушыларға не бейнеленгенін табуды сұрайды.) Топқа бөліну,суреттер арқылы. (Ту, Елтаңба, Байрақ, Әнұран) |
Оқушылар мұғаліммен амандасады. Рәміздер: елтаңба, ту, әнұран. |
Компьютер |
|||||||||||||||||||||
Кріспе (10мин) |
Бүгінгі сабағымыз, Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Тәрбие сағатымыздың мақсаты– мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, оларды қастерлеп, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не? «Рәміз» – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды. «Ту» – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады. «Елтаңба» – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері. «Гимн»– өлеңге жазылған салтанатты ән7 |
Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, жалпы рәміз, ту, елтаңба, гимн ұғымдары туралы толық мағлұмат алып, түсініктерін кеңейтеді. |
Презентация |
|||||||||||||||||||||
Ортасы (20 мин) |
Ендеше, оқушылар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің мәні мен тарихымен танысу үшін, мына бейнежазбаға қарайық Оқушылар мұқият қарап, тыңдайық, себебі сабақ барысында көптеген сұрақтар келеді. Сабақ барысы: І. «Кім жылдам». ІІ. «Сөз ойла, тез ойла» ІІІ. «Кім зерек?» тапсырмасы. ІV. «Білімдінің көзі ашық» |
Оқушылар мұқият қарап тыңдайды Оқушылар танысады. |
Бейнежазба Слайд |
|||||||||||||||||||||
І. «Кім жылдам». Ережесі: Отан туралы мақалды жалғастыр. 1. топ 1. Отан отбасынан (басталады) 2 Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас). 3. Опасызда .....жоқ. (отан) 2. топ 1. Отан үшін отқа түс, (күймейсің) 2. Туған жер ,(тұғырың) 3. Отансыз адам -Ормансыз (бұлбұл) 3.топ 1. Отанды сүю- (отбасынан басталады) 2. Туған жерге, (туың тік) 3. Отансыздың оты (жанбайды) 4. топ 1. Отан оттан да (ыстық) 2. Туған жердің жуасы да (тәтті) 3. Отан елдің анасы, Ел ердің (анасы) |
Оқушылар «Отан» туралы мақалды жалғастырып, жарысады. Әр дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады. |
Презентация |
|
|||||||||||||||||||||
ІІ. «Сөз ойла, тез ойла» Ережесі: Берілген сөздерден басқа сөздер құрап жазу
|
Оқушылар берілген сөздерден басқа сөздер құрап жарысады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл. |
Тірек сөздер |
|
|||||||||||||||||||||
|
ІІІ. «Кім зерек?» тапсырмасы. Ережесі: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды. Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керек
Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керек.
Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керек.
Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керек.
|
Оқушылар мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды. Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады.
|
Карточкалар |
|
||||||||||||||||||||
ІV. «Білімдінің көзі ашық» Мұны әр кім білуі тиіс? Ережесі: 1 минутта бірнеше сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға тез қысқа да, нұсқа жауап береміз.
|
Оқушылар 1 минутта бірнеше сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға тез қысқа да, нұсқа жауап береміз. Әр дұрыс жауапқа 1 балл. |
|
|
|||||||||||||||||||||
5 мин |
Түрлі жарақаттар алған жағдайда алғашқы медициналық көмек «Алғашқы көмек – адам жарақат алған кезде, адам өміріне, денсаулығына қауіп төнген кезде дәрігер келгенше немесе ауруды ауруханаға жеткізгенше тез арада көрсетілетін көмек.» Жарақат түрлері: Қан кету, сыну, естен тану, улы заттардың әсерінен естен айрылу, күю, электр жарақаты, үсу, газбен улану. Қан кету. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданған кезде міндетті түрде қан тоқтататын жгут немесе сол қызметті атқара алатын заттарды қолдану қажет. Естен тану. 1. Ауру адамды қан басқа құйылу үшін басын төмен қойып, аяғын жоғары көтеру керек. 2. Жылы көрпе жабу немесе керісінше денесін салқындату үшін киімін шешу, омырауын ашу. 3. Терезені ашу. 4. Мүсәтір спиртін иіскету немесе бетіне суық су бүрку. 5. Есінен танған адам ұзақ уақыт өзіне келмеген жағдайда қолдан тыныс алдыру және жабық жүрек массажын жасау. 6. Ауру өз - өзіне келіп ес жинай бастағанда валериан тамшысын беру. Электрожарақат. Қолдан тыныс алдыру – күшпен өкпені желдету, өкпеге ауа жіберіп, өкпеден ауаны шығару. Ең көп тараған «ауыздан - ауызға» әдісі. Сынық. Тұтас сүйектің түгелдей немесе шамалап бұзылуы. Сынықтар екі түрлі болады – ашық және жабық. Зақымдалған сүйекті қозғалмас үшін иммобилизация жолымен қол аяқты шинамен бекіту немесе кез келген соған жарайтын заттармен: таяқты, ағашты пайдалану. Егер ашық сынық кезінде жара болса, оған антисептикалық ширатпа қойылады. <
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Осы аптаның ең үздік материалдары Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |