жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Рефлекстік доға. 7 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу |
Мектеп: Ақжал НОМ |
|||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты – жөні: Калабаева А.М |
|||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқан оқушылар саны:13 |
Қатыспағандар:0 |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Рефлекстік доға: рецептор, cезгіш, аралық, қозғалтқыш нейрондар, жұмысшы мүше. Жаңа сабақты түсіндіру. |
|||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: |
7.1.7.5 рефлекторлық доғаны зерттеу. |
|||||||
|
Сабақтың мақсаты : |
|
|||||||
|
Бағалау критерийлері: |
|
|||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Рефлекс – рефлекс – reflex Рефлекстік доға- рефлекторная дуга - Reflex arc Сезімтал нейрон – чувствительный нейрон - Sensitive neuron Аралық нейрон – вставочный нейрон - Intercalary neuron Қозғалтқыш нейрон – двигательный нейрон - Motor neuron Эффектор – эффектор – Effector Жүйке орталығы- нервный центр - nerve center Рецептор – Рецептор – Receptor |
|||||||
|
Құндылықтарды дарыту: |
Р.Декарт, И.М. Сеченов, И.П. Павлов еңбектерін айту. |
|||||||
|
Пәнаралық байланыс: |
Пәнаралық байланыс жүзеге асады: АҚТ- презентация, интербелсенді тақта, ноутбуктар. |
|||||||
|
Алдыңғы білім
|
Жүйке жүйесінің қызметі мен маңызы. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдерінің құрылысы мен қызметі. |
|||||||
|
Сабақтың барысы: |
||||||||
|
Сабақ қезеңдері: |
Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы: 0 – 3 минут 2-4 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен амандасу 3 тілде, сабақтың мақсаты және тақырыбымен таныстыру. Жағымды оқу атмосферасын қалыптастыру). ІІ. Белсендіру сәті: «Мнемоника» әдісі арқылы оқушылардың есте сақтау қабылетін тексеріп, жаңа сабағымызға қатысты терминдермен таныстыру. Жүйке жүйесі, нейрон, рецептор, стимул, эффектор, сенсорлық нейрон, қимыл нейроны, қондырма нейрон, синапс, автономдық жүйке жүйесі, орталық жүйке жүйесі, ми, жұлын, ынталандырғыш, депрессант, жүйке импульсі |
|
||||||
|
Сабақтың ортасы 4 - 9 минут 10 – 20 минут
21 – 30 минут
31-37минут |
Рефлекторлық әрекеттердің мысалдарын келтіру (мысалы: ыстық заттан (свеча) қолды тартып алу арқылы сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу. ІІІ. Бейнефильмдер көріп, талдау: Оқушылар рефлекторлық доғаның стандартты сызбасымен танысады: рецептормен, сезімтал нейронмен, қыстырма/аралық нейронмен, қимыл нейрон және жауап қайтарушы мүше. Бейнефильмнен көргенімізді пысықтау «Даналыққа толы сандық» ІV. Мұғалімнің сабақты түсіндіруі. Жүйке тiтiркенiстерiнiң қабылдағыштан атқарушы ағзаға дейiнгi өтетiн барлық жолы-«рефлекс (рефлекторлық) доғасы» деп аталады.
Презентациямен рефлекстік доғаны қысқаша қорытындылау. Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді: сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді); байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді; қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді. V. Қалыптастырушы бағалау жұмысы VI.зертханалық жұмыс жасау « Тізе рефлексін зерттеу». Мақсаты: тізені бақылап,көру Құрал-жабдықтар: резеңке балға. Жұмыс барысы. Бір оқушы орындыққа аяғын бірінің үстіне бірін қойып, яғни аяғын айқастырып отырады. Екінші оқушы резеңке балғамен немесе алақанның қырымен тізенің төменгі бөлігін жайлап ұрады. Осы кезде сіңір жалғамасында пайда болған қозу санның алдыңғы қабырғасының бұлшық етіне беріледі де, аяқ тізе буынынан бүгіліп, алға жоғары қарай тебіледі. Бүгілу сезімтал және қозғалтқыш нейрондар есебінен болады, сондықтан тізе рефлексі деп аталады. Зертханалық жұмыс орындай отырып, оқушылар рефлекторлық доғаны зерттейді.
Тізе рефлексі бойынша рефлекторлық доғаның компоненттерін анықтайды.
|
Презентация Рефлекстердің маңызы: http://bilimland.kz/kk/home#lesson=12688 Рефлекторлық доға http://bilimland.kz/kk/home#lesson=12688
Қалыптастырушы бағалау жұмысы
|
||||||
|
Сабақтың соңы 37- 40 минут |
VIІ. Рефлексия:Сабақта алған қай білімді өзімен бірге аламын?
Сабақта алған ақпараттың қайсысын әлде де ойлау керекпін?
Сыныпта нені қалдырамын?
Мұғалімнің рефлексиясы.
VIІІ. Үйге тапсырма: Жаңа сөздерді жазып, анықтама беріңдер. |
Стикерлер
|
||||||
|
Қосымша ақпараттар |
||||||||
|
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар ноутбукті пайдаланып рефлекстік доғаны зерттейді. |
Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Қалыптастырушы бағалау әдістері, критерий арқылы бағаланды және рефлексия дескриптор парағы арқылы. |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері
Ғаламтордан алған деректерді пайдалану арқылы дүниетанымдары кеңейді. Сабақта Топпен жұмыс жасау барысында бір-біріне құрметпен қарау, әділдік, ынтымақтастық қалыптасады. |
||||||
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады |
Оқушылардың жеке жауабы. Топтық жұмыс
|
Қауіпсіздік ережелерін сақтау. технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
|
||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
Сабақ мақсаты қолжетімді болды. Оқушылар тақырыпты өз бетінше меңгерді. Оны тапсырмалар орындау барысында көрсетті. Сабақ барысында 7 модулдің ықпалдаса өзара байланысы орын алды, олардың ықпалдасуында басымдық танытқан негізгі модуль «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету». Тапсырмаларды көпшілігі қызығушылықпен, талапқа сай орындады. Жоспарлау барысында уақытты үнемдеу, стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді тиімді таңдауды ескеруді қажет етеді. Негізінде сабақты меңгертудегі құрылған сабақтың жоспарында қолданылатын әдістер мен стратегиялардың бір-бірімен байланысын ескеру. Сондықтан келесі сабақтарды жоспарлағанда тапсырма көлеміне көңіл бөлемін. |
||||||||
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауда оқушылардың сыни ойлап, ұйымшылдықпен жұмыла жұмыс жасауы,өзара ой бөліскені, бірін-бірі бағалауы сәтті, әрі ұтымды болды.
2: Оқушылардың оқылым, тыңдалым және жазылым бойынша сауаттылығы шыңдалды. Пән бойынша танымдық дағдысы мен өмірге әлеметтенудегі өзін -өзі реттеуі орын алды.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылардың тапсырманы өзара орындауы терең, мұғалімнің қатысуынсыз орындалса олардың пән бойынша танымы тереңдей түсер еді.. 2: Оқушы үшін АКТ мүмкіндіктерін қолдану барысында тиімділігін байқадым, ол сабақты жандандырып , оқушылардың қызығушылығын арттырып, ішкі уәжіне әсер етті. Себебі, көрсетілімдерді (кинометафора) тамашалау барысында балалардың терең зейінмен қарағаны байқалды. АКТ модулі бойынша түсінуіндегі өз білімімді жетілдіру.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Сыныптың басым көпшілігі белсенділік танытты. Кейбір оқушылардың ойлары басқа жаққа ауысып кетіп отырды. Бірақ ескерту жасаған соң бәрі орнына келді. |
||||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген