400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: «Рентген сәулелер» 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өткен білімдеріне сүйене отырып,барлық «Рентген сәулелері» туралы оқушыларға түсіндіру. «Рентген сәулелері» жөнінде толығырақ мысалдар мен мағлұматтарды ұсына отырып, білімдерін қалыптастыру; Ә) Оқушылар игерген «Рентген сәулелері» тақырыбына арналған түсініктерін пайдалана отырып, ауызша-жазбаша қарым-қатынас жасауға үйрету. Оқушының күтілетін нәтижеге бағытталған ақыл-ой әрекетін проблема қою және оны педагогикалық технологиялар қолданып шешу арқылы ұйымдастыру, дұрыс шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға дағдыландыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні:

Физика

Сыныбы:

9

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

«Рентген сәулелер»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А)Ақпараттық құзыреттілік

Ә)Коммуникативтік құзыреттілік

Б)Проблеманы шешу құзыреттілігі


А)Оқушылардың өткен білімдеріне сүйене отырып,барлық «Рентген сәулелері» туралы оқушыларға түсіндіру. «Рентген сәулелері» жөнінде толығырақ мысалдар мен мағлұматтарды ұсына отырып, білімдерін қалыптастыру;

Ә) Оқушылар игерген «Рентген сәулелері» тақырыбына арналған түсініктерін пайдалана отырып, ауызша-жазбаша қарым-қатынас жасауға үйрету.

Б) Оқушының күтілетін нәтижеге бағытталған ақыл-ой әрекетін проблема қою және оны педагогикалық технологиялар қолданып шешу арқылы ұйымдастыру, дұрыс шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға дағдыландыру;

Сабақтың типі:

Аралас

Сабақтың әдісі:

Түсіндірме, жазбаша, көрнекілік, ізденіс, проблемалық сұрақ, сұрақ – жауап.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуниативтік технология, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту.

Пән аралық байланыс:,

химия,биология

Оқыту құралдары:

Электрондық оқулық, мультимедиялық проектр, компьютер, слайд, плакаттар. мультимедиа, сызба нұсқа, дәптер.


Сабақтын барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

I.Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу,сыныптың тазалығына назар аудару;

-оқушыларды түгендеу;

-оқу құралдарының дайындығын тексеру;

-сабақтың мақсатын жариялау;

-амандасу;

-кезекшілік қызметтерін атқару;

-оқу құралдарын дайындау;

-жаңа сабақтың мақсатың түсіну;

-оқушымен пен оқытушы арасында өзара түсінік қалыптасады;

-оқушылардың тақырып бойынша негізгі ақпараттарды ұғынуына жағдай жасалады;

II.Үй тапсырмасын тексеру








-Оқушылар білімін тексеріп, қадағалап отыру;

-Оқушылар дәптерін назарда ұстау;

«Қызығушылықты ояту»

Ұяшықтарда жасырылған сұрақтар беріледі:

1. Фотоэффект деген не? Оның ашылуына қандай тәжірибе себепкер болды?

2. Эйнштейн фотоэффект құбылысын түсіндіру үшін қандай жолды таңдап алды?

3. Фотоэффектінің қызыл шекарасы деген не?

4. Электронның шығу жұмысы деген не?

5. Фотоэффект үшін Эйнштейннің формуласы қалай жазылады?

39-жаттығу

2-есеп: Тентал үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы λ=0,2974 мкм. Электронның танталдан шығу жұмысын анықтаңдар.









3-есеп: Фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы 3000 км/с болу үшін платина бетіне қандай жиіліктегі сәуле бағыттау керек? Платина үшін шығу жұмысы 6,3 эВ.



-ұяшықтағы сұрақтарды таңдап жауап береді

Жауабы:

1.Сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын сыртқы фотоэлектрлік эффект (фотоэффект) деп атайды.

2. Эйштейн фотоэффект құбылысын түсіндіру үшін жарықтың бөлшектік әрі кванттық қасиетіне сүйенді.

3. Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немесе оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.

4. Электронның металдан босап шығуы үшін оған берілетін ең аз энергияны электронның шығу жұмысы деп атайды.

5.

2-есеп:

Берілгені: ХБЖ: Талдау:

λ=0,2974 мкм = 0,3*10-6 м Ашығу

h= Дж·с

c= м/с

т/к: Ашығу

Шешуі:

Ашығу =0,66*10-19 Дж

3-есеп:

Берілгені: ХБЖ: Талдау:

υ =3000 км/с = 3*10-6 м/с

Ашығу=6,3 эВ*1,6*10-19 Дж

m =9,1*10-31 кг

h= Дж·с

т/к: ν

Шешуі:


-Оқушылар өткен сабақта игерген аңықтамаларды, заңдылықтарды, формулалары мен тұрақты шаманы біледі;



-Хабарламалар арқылы оқушылардың білімдері молаяуы;



-Сабаққа деген қызығушылық тудыруы;



-оқушылар әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болады;

-өткен білімдеріне сүйене отырып, берілген есепті шығарады;

ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

«Еске түсіру» сайысы. Оқушыларға ребус беріледі;


-Оқушылар берілген ребусты шешеді.

Қайталай отырып,жаңа материалды қабылдауға дайыындау;


-сонымен қатар сұрақтар қою арқылы тақырыпты қалай меңгергенін анықтау;

ІV. Жаңа материалды түсіндіру



























  • Презентация арқылы

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын Вильгелм Рентген тарихына үңіліп өтетін болсақ Рентген 27.03.1845 – 10.02.1923 жылдары өмір сүрген.

1895 жылы неміс физигі  Вильгельм Конрад Рентген катодтық сәулелердің көмегімен пайда болатын люминесценция құбылысын зерттеп, түрлі тәжірибелер өткізді. Әсерді көбейту үшін физик электронды сәулелі түтікшенің ішіне люминесценция тудырушы затты салып, күн сәулесі өтпейтіндей етіп зертханадағы барлық терезелерді жауып тастаған. Электронды сәулелі түтікшені қосқанда, Рентген қызық оқиғаны байқайды. Бөлменің бір бөлігінде жап-жарық сәуле пайда болады. Зейін қойып бәрін зерттей бастағанда, Рентген сәуленің барий платиноцианидпен, яғни люминесценттеуші затпен қапталған қағаздан шығып тұрғанын байқайды. Бұндайды күтпеген ғалым бірден шамды өшіруге асықты. Жарық сәуле өшті. Қайтадан қосқанда, жарық қайта пайда болды. Сонда, ғалым люминесценттеуші затпен қапталған қағазды басқа бөлмеге апарғанда, ол жарық болып, сәулеленіп тұрған. Сонда Рентген сәуленің тек қағаздан ғана емес, басқа да заттардан өте алатынын түсінді. Бұндай құбылысқа түсініктеме таба алмаған физик сәулелерді - Х сәулелері деп атап кеткен. Бұл бағытта Вильгельм Конрад бір жылға жуық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жүздеген теориялық мақалаларды жариялаған. Рентгеннің ізбасарлары да көптеген ғылыми мақалалардың авторлары атанғанымен, бұл жобаға айтарлықтай жаңалық енгізбеді. Кейін Рентгеннің х-сәулелеріне деген қызығушылығы жоғалып, ол бұл бағыттағы жұмыстарын тоқтатады. Кейін Рентгеннің шәкірті Абрама Фёдорович Иоффенің ұсынысымен Х-сәулелерді "Рентген" сәулелері деп атап кеткен.

Электрондардың m энергетикалық деңгейден n энергетикалық деңгейге өтуі кезінде атом энергиясы ∆E=h?mn болатын фотондар ағынын шығарады. Осы фотондар ағыны жиілігі үлкен рентгендік сәулелер болып табылады. Тежелу барысында жылдам электрондра біраз мөлшерде кинетикалық энергияларынан айырылады:

∆E=E1-E2 Бұл энергия рентгендік сәулелер фотонының энергиясына түрленеді: ∆E=h? Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеленуді тежеулік рентгендік сәулелер деп атайды.

Рентген сәулелері өмірдің көптеген салаларында кеңінен қолданылып отыр. Солардың бірнешеуін атап өтейік. Рентген сәулелерінің өтімділігі жоғары, біздің денеміз бұл сәулелер үшін "мөлдір", осыны пайдаланып ішкі органдардың кескінің шығарып алып, ондағы ауытқушылықтарды зерттеуге болады. Міне, осылайша медицинада рентген сәулелері ауруды айқындап, диагноз қоюға мүмкіндік береді.Вильгелм Рентген келіншегінің саусағына жасаған тәжірибесі. Зарядталған бөлшекті бір нүктеден екінші нүктеге дейін қозғалту үшін электр өрісі жұмыс атқарады. Ол жұмыс өріс нүктелері арасындағы кернеу мен бөлшек зарядының көбейтіндісіне тең болады: A=qU1.2

Өрістің істейтін жұмысы есебінен электронның кинетикалық энер
гиясы өседі, яғни жылдамдығы артады

-оқушылар оқулықтағы жаңа мәтінмен танысады.;

-берілген мәтінге көз жүгіртіп, әркім өз бетінше шолу жасайды.

-оқушылар оқулық бойынша қысқаша конспект жасайды:


Рентген сәулелері жайында

Денсаулығымыды қадағалау үшін жылына кем дегенде бір рет "рентгенге" түсетініміз бар. Бірақ, рентген сәулелерінің қаншалықты зиянды екенін көбіміз біле бермейміз...

Рентген түтігінде анод W, Cu, Pt сияқты ауыр металлдардың бірімен жасалады. Шапшаң электрон металлға енгенде оның атомы төменгі энергетикалық күйден жоғарғы күйге өтіп, бұл кезде энергия сәуле түрінде металлдан шығады – осы рентген сәулесі. Тежелген электрондар энергиясының тек 1-3 % -і ғана сәулелену энергиясына, ал қалғаны жылу энергиясына айналады, сондықтан анод тұрақты түрде сумен салқындатылып тұрылады.

-оқушылардың рентген сәулелері білуі;


-тақырыптаң мазмұны бойынша бағдар жасай білуі;






-тақырып бойынша ең негізгісін рентген сәулелері пайдасы мен зиянын ажырата алуы;






-ойлай және елестете алуы;


-өз белсенділіктерін оятуға жағдай жасауы;






-қойылған міндеттерді шешу үшін берілген материалдан ақпараттың белгілі, белгісізін сараптауы;










-түсіндіру, бақылау, түзету міндеттерін дұрыс орындауға көңіл бөлуі;







-өз бетінше мақсат қойып, оны негіздеуі, осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруы;


V. Жаңа білімді бекіту

























- І тапсырма

Сызықтық диктант

“ ^ ” дұрыс “ - ” қате

1.Рентген сәулесін терапияда қолданады.

2Рентген сәулесі адам ағзасына пайдалы.

3.Рентген сәулесін «Рентген түтігі» арқылы алады.

4.Рентген сәулесі 1895 ж ашылды.

5.Рентген сәулесі - Ауру тудыратын бактерияларды жояды.

І І тапсырма.

Есеп шығару

  1. Металлға түсетін жарықтың жиілігін екі есе арттырғанда фотоэлектрондар үшін кідіртуші кернеу үш есе артады. Бастапқы түскен жарықтың жиілігі 1,2*1015 Гц. Осы металл үшін фотоэффектінің «қызыл шекарасына» сәйкес толқын ұзындығын табу керек.


  1. Егер рентген түтігінің рентген спектріндегі ең «қатты» сәулелерінің жиілігі 1019 Гц болса, рентген түтігі қандай кернеумен жұмыс істейді?



  1. Егер кванттың энергиясы электронның 4,1 В потенциалдар айырымын ұшып өткенде алатын энергиясына тең болса, онда квант сәулесінің толқын ұзындығы қандай болады?














Сәйкестендіру тесті (дұрыстығына орай сәйкес жауабын тұсына сандар арқылы көрсету)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
2597
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі

Сұрақтар

Жауап

Дұрыс жауабы

І. Инфрақызыл сәуле қай жылы ашылды?

1. Ауру тудыратын бактерияларды жояды.



ІІ. Ғарыштан келетін жарықтың қанша пайызын ультракүлгін сәуле құрайды?

2. 1800 жылы В.Гершел



ІІІ. Инфрақызыл сәуле -

3. Жүктерді тексеруде қолданылады.


ІV. Ультракүлгін сәуле қай жылы ашылды?

4. Ультракүлгін



V. Рентген сәулесі -

5. 10 %