Тақырыбы: Ретін білдіретін
сан есім
Мақсаты: Оқушыларды сан есімнің
мағыналық түрлерін ажыратуға, өз бетінше жұмыс істеп, білімдерін
толықтыруға үйрету, ауызша, жазбаша тілдерін және ой-өрістерін
дамыту арқылы өзіндік тұжырым жасауға дағдыландыру, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Әдісі: топпен жұмыс, СТО
стратегиялары, тест тапсырмасы, деңгей бойынша
жұмыс
Көрнекілігі: слайдтар, деңгейлік
тапсырма, бағалау парағы
Барысы
І.Ұйымдастыру
кезеңі
«Ақ тілек, әсем күлкі»
тренингі
-Көңіл-күйің
қалай?
-Керемет! (қолдарын
көтереді)
-Сабаққа дайындықтарың
қалай?
-Тамаша! (алақандарын
шапалақтайды)
-Ынталарың
қалай?
-Ғажап! (аяқтарын
тарсылдатады)
-Ендеше сабағымызды
бастайық!
-О-о-о!
Топқа
бөліну
Атом, молекула
ойыны
Топ басшысын сайлау, бағалау
парағын тарату.
ІІ.Үй тапсырмасын
тексеру
«Ыстық
орындық»
А,В,С оқушыларды шығару, басқа
оқушылар оларға сұрақ қояды.
ІІІ. Жаңа
сабақ
Есте сақтау
диктанты (мақалдың мағынасын
түсіндіріп, жатқа жазу)
Білгенің – бір тоғыз,
білмегенің – тоқсан тоғыз.
Көршіңді тексер,
бағала (оқушылар көршілерін тексеріп,
бағалайды.)
«Домино» ойыны
(ауызша)
1-1000 Білекті бірді жеңеді, білімді
мыңды жығады
1-1000 Батыр бір рет өледі, Қорқақ
мың рет өледі.
7-7 Жеті атасын білген ер, Жеті
жұрттың қамын жер.
100-100 Жүз теңгең болғанша, Жүз досың
болсын.
2-2 Екі жақсы қас болмас, Екі
жаман дос болмас.
9-99 Білгенің –бір тоғыз,
білмегенің – тоқсан тоғыз.
1-10 Бір тал кессең, он тал
ек.
1-топ «Ішінде,
сыртында»
Оқушылар ішкі шеңберге ретін
білдіретін сан есімдерді, сыртына санын білдіретін сан есімдерді
жазады.
2-топ Сан есімдерді байланысып
тұрған сөздерімен теріп жаз.
Ақ аюлар сексен градус суыққа
шыдайды. Ит он бес жылға жейін өмір сүреді. Кірпі екі жүз отыз алты
тәулік бойы ас ішпестен ұйықтай алады.
Деңгейлік
тапсырма
1-деңгей Сан есімдерге –ыншы, -інші,
-ншы, -нші жұрнақтарының тиістісін жалғап
жаз.
Бір
қатар-
Үш
орын-
Он тоғыз
мектеп-
Екі
сынып-
Төрт қабат
–
2-деңгей «Сандар
сөйлейді»
12- Бір жылда 12 ай
бар.
30;31- Бір айда 30,31 күн
бар.
4- Бір жылда 4 мезгіл
бар.
7- Бір аптада 7 күн
бар.
365;366- Бір жылда 365,366 күн
бар.
24- Бір тәулікте 24 сағат
бар.
60- Бір сағатта 60 минут
бар.
100- Бір ғасырда 100 жыл
бар
3-деңгей
«Біздің
сынып» тақырыбында құрамында сан
есімі бар әңгіме құра.
.
ІV.
Бекіту
Тест
тапсырмасы
1.Сан есім қандай сұраққа
жауап береді?
А) Қандай? Қанша? Ә) Не?
Нешінші? Б) Қанша? Неше?
2.Сан есімді
көрсетіңдер.
А) белсенді ә) бес Б)
есептік
3.
Екінші, бесеу, қырық
бес. Берілген сөздер қай сөз
табына жатады?
А) сан есім ә) сын есім Б) зат
есім
4.Сан есім дегеніміз
не?
А) Заттың сынын білдіретін
сөз.
Ә) Заттың атын білдіретін
сөз.
Б) Заттың санын, ретін
білдіретін сөз.
5.Артық сөзді
табыңдар.
А) елу сегіз ә) алты адам б)
көркем сурет
Тест
жауабы
1 Б, 2 Ә, 3А, 4 Б, 5
Б
Өзін-өзі
бағалау
Орындаған жұмыстарына өздері
смайликтер жабыстырады.
«Ақылдың алты
қалпағы»
Ақ – деректер
келтіреді
Сары- сәттіліктерді
айтады
Қара- сәтсіз
тұстары
Қызыл –
сезімтал
Жасыл
-шығармашылық
Көк – талдау
жасайды
V.
Қорытынды
Рефлексия «Мұғалімге
хат»
Не білді, не ұнады, қандай
қиындық болғанын, қандай әсер алғанын
жазады.
VІ. Үйге
тапсырма 486-жаттығу
Бағалау
Топ басшыларының
бағалауы
Оқушы
үні