жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Реттік санау туралы өткенді пысықтау. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Реттік санау туралы өткенді пысықтау. Заттың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.
Мақсаты: Мақсаты: Заттың санын цифрмен сәйкестендіруге үйрету. 1-5ке дейін санау өткенді пысықтау, заттың кеңістікте орналасу орнын сөзбен айтып үйрену (сол жақта, оң жақта, жоғары, төмен), айналадағы заттардың геометриялық пішіндерге ұқсастығын табу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық ойын.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, ертегі кейіпкерлерінің бейне жазбалары, Баскововичтің шаршысы, фетрден жасалған пішіндер,
Іс –әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Рефлексиялық-ізденістік |
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де Қуанасың сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге
- Жарайсыңдар. Балалар, мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр. - Қазыр жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінің ерекшелігін атап берші. - Қыс мезгілінде неше ай бар? Атап бере ғойшы. - Өте дұрыс. Сендер сондай ақылды екенсіңдер. - Балалар, тыңдаңдаршы таныс әуен естілгендей. Бұл қандай әуен болды екен? - Ия, бізге бүгін Ертемір қонаққа келіп қалыпты. - Сәлеметсіңдер ме, балалар? - Сәлеметсің бе, Ертемір. Біздің балабақшада қайдан жүрсің? - Ой балалар, мен өзгеғаламшарлық досым Бабатиді қатты сағындым. Менің досымды көргім келіп жүр. Бырақ ол алыста. Білесіңдер ме, ол мені өз үйіне қонаққа шақырды. Бырақ досыма қалай жетерімді бімеймін. (Скайп арқылы Бабати хабарласып, балалардан Ертемірге көмектесуін өтінеді. ) - Балалар, Ертемірдің досына жетуіне көмектесеміз бе? - Ертемірге Бабатидің үйіне жету үшін қайда ұшуы керек? - Бырақ мен ғарышқа немен, қалай ұшу керек екенін білмеймін ғой? - Демек біз зымыран құрастыруымыз керек. Сен қамықпа, біздің балалар саған досыңа жетуіңе көмектеседі. - Балалар, біздің айналамызда геометриялық пішіндерге ұқсас заттар өте көп екен. Кәне, мұқият қарап көрейікші. Қараңдаршы, мынау ненің суреті? - Жер шары қандай геометриялық пішінге ұқсайды? - Балалар, жер шары орыс тілінде - планета земля, ал зымыранды ракета дейді екенбіз. - Ал, жер шарында не өседі? - Міне қызық, суретті қараңдаршы не бейнеленген? - Ол қандай пішінге ұқсайды? - Дұрыс айтасыңдар. Ағаштардан не жасалады? Мына суретте де жиһаздың бірі бейнеленіпті. Бұл қандай жиһаз түрі? - Қандай пішінге ұқсайды? - Балалар, ал, мынау не болды екен? - Қандай пішінге ұқсайды? - Міне керемет, сендер пішіндер туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. 1-тапсырма - Балалар, ғарышқа ұшу үшін денсаулығымыз қандай болу керек? - Айтағойыңдаршы денсаулығымыз мықты болу үшін біз не істеуіміз керек? - Дұрыс айтасыңдар. Сендерге көкөністер мен жемістерді жеген ұнайды ма? - Жарайсыңдар. Ендеше алдымыздағы суретте бейнеленген жемістер мен көкөністерді санап шығайықшы және санына сәйкес асықтарды қойып шығайық. (Тапсырманы бірінші болып орындаған баланы тақтаға шақырып орындату) - Ал, сендер білесіңдер ме, ғарышқа ұшу үшін өте білімді болу керек екенбіз. Олай болса, Ертемірге санауды да үйретейік. (1-5 ке дейін тура және кері санайды) - Балалар орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайықшы. Сергіту сәті Шеңберге біз тұрайық Достарым кел билейік Артқа қадам Алға қадам Орнымызда бұрылып Сен де менен қалыспа Би билейік жарыса 2- тапсырма - Балалар, ғарыш кемесін басқару үшін бізге жоғары, төмен, оң және сол жақ қайсы екенін білу қажет екен. Ал сендер білесіңдер ме осының бәрін? - Ендеше, Ертемірге де үйретейік. Ол үшін алдымызға жасыл түсті үлкен тіктөртбұрышымызды алып, оның оң жақ жоғарғы бұрышына қызыл түсті үшбұрышты орналастырайық. Енді сол жақ төменгі бұрышына көк түсті тіктөртбұрышты орналастырамыз, енді сол жақ жоғарғы бұрышына жасыл түсті шаршымызды орналастырамыз, оң жақ төменгі бұрышына күлгін түсті сопақшаны орналастырамыз, ал ортасына сары түсті шеңберімізді орналастырамыз. 3-тапсырма - Балалар, қараңдаршы бізде мынадай сиқырлы шаршы бар екен. Бұл сиқырлы шаршының көмегімен зымыранның бөліктерін құрастыра алады екенбіз. Ол үшін әрбір керекті пішінді жасап шығаруымыз керек. - Бірінші біз шаршыны екіге бүктеп, тіктөртбұрыш жасап, зымыранның негізгі бөлігін шығарамыз - Екінші зымыранымыз ұшу үшін не қажет? - Дұрыс, қанаттары қажет. Зымыранның қанаттарын үшбұрыштан жасауға болады. - Енді зымыранымыз толық болу үшін не жетіспей тұр? - Міне ғажап, біздің зымыранымыз дайын. - Ал, Ертемір батыр сенің зымыраның дайын, өзіңде алыс сапарға дайын болған сияқтысың. - Ия, рахмет сендерге достарым. Мен енді сендердің көмектеріңмен өзімнің досыма жететін болдым. Сау болыңдар. - Бізден Бабати досыңа сәлем айт.
- Бүгін бізге қонаққа кім келді? - Біз оған көмектесе алдық па? Қалай көмектестік? - Балалар, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
|
Сезімдерін қимыл әрекет және эмоциялары арқылы білдіреді.
- Қазыр жылдың қыс мезгілі - Қар жауады.... - Қыс мезгілінде үш ай бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан. - Ертемір ертегісіндегі әуен ғой. - Сәлеметсіңбе, Ертемір.
- Ия, көмектесеміз. - Ғарышқа ұшу керек. - Зымыранмен ұшады.
- Жер шары.
- Шеңберге. Жер шары-планета земля - ағаштар - шырша.
- Үшбұрышқа - Жиһаздар
- шкаф - Тіктөртбұрышқа - Жастық - Шаршыға
- Денсаулығымыз мықты болу керек. - Көкөністер мен жемістерді жеуіміз керек. - ия ұнайды
- 1,2,3,4,5 - 5,4,3,2,1
Жаттығуды қимыл арқылы көрсетіп жасайды
- ия, білеміз
Сұрақтарға жауап береді
- ия, жасап көрейік
- Қанаттары
- Тұмсығы
- Сау бол!
- Ертемір батыр келді - Ия, пішіндерді, санауды үйреттік - ия, өте қатты ұнады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: затты санымен сәйкестендіре біледі.
Игереді: Заттың кеңістікте орналасуын (оң жақ, сол жақ, жоғары, төмен).
Меңгереді: пішіндердендің көмегімен зымыран жасауды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген