|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
-Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
-Апта деген атайдың неше
баласы бар еді?
-Қане, жеті күнді кім атап
береді?
-Сендер балабақшаға қанша күн
келесіңдер?
-Қанша күн
демаласыңдар?
1-ден
5-ке дейін тура және кері санату
Билингвизм: бір-екі-one, екі-два-two,
үш-три-tree, төрт-четыре-four, бес-пять-five.
Дидактикалық ойын:
«Қай
сан жоқ?»
Қызықты сәт.
Жүгіріп қоян кіреді. Қолыңда сыйлығы
бар.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, қоян!
Көңілдісің ғой?!
Қоян: Иә, балалар, бүгін менің
туған күнім, маған қасқыр сыйлық берді.
Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге
көрсетесің бе? Қасқыр саған не сыйлады екен?
Қоян: Білмедім? Ендеше
сыйлықты бірге ашып көрейік.
Қоян: Ой, балалар, мына
қораптың ішінде дым жоқ қой! Сонда мені қасқыр алдағаны
ма?
Қоян, тоқта, реңжіме қораптың
ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік.
Тәрбиеші: Қоян, қасқыр, саған
тапсырмалар беріпті, сол тапсырманы орындасаң, сыйлығыңды табасың
депті.
Қоян: Қандай
тапсырма?
Тәрбиеші: Тапсырма математика оқу
іс-әрекетіне байланысты екен.
Қоян: Ооооой, балалар,
тапсырманы орындауға маған көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар, қоянға
көмектесеміз бе?
1-тапсырма
«Ұқсас қолғаптарды
біріктір»
Балалар қоянның қолы жаурап қалыпты. Оның қолғаптары көп
екен. Ол түс ажырата алмайды екен. Қоянның қолғаптарының сыңарын
тауып берейік.
2-тапсырма
«Қай пішінге ұқсас?»
Берілген геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды табайық,
үлгі бойынша сызықпен қосайық
Сергіту сәті:
1 дегенде
тұрайық,
2,3,4
алақанды соғайық.
Оң жаққа
бұрылып,
Сол жаққа
бұрылып.
Бір
отырып, бір тұрып,
Бір
жүгіріп алайық.
5 дегенде
асықпай,
Орнымызды
табайық.
3-тапсырма
«Санамақ»
Балалар, біз, қаншаға дейін санаймыз? Қоян санауды
білмейді екен. Қоянға санамақ айтып берейік.
4-тапсырма
Логикалық ойлау.
«Сыңарын тап»
5-тапсырма
«Жұмбақ есептер»
Талда
отыр 3 торғай,
Ұшып
кетті 1 торғай.
Талда
қалды неше торғай?
Көлде
жүзді 2 үйрек,
Ұшып
келіп 3 үйрек қонды.
Көлде болды неше
үйрек?
|
-Қыс мезгілі
-7 баласы
бар.
-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,
бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
-5 күн.
-2 күн.
1-2-3-4-5
5-4-3-2-1
Қайталайды:
бір-екі-one, екі-два-two,
үш-три-tree, төрт-четыре-four, бес-пять-five.
-Сәлеметсіз бе,
қоян!
-Иә,
көмектесеміз.
Балалар тапсырманы
орындайды.
Бір дегенім – бала,
Санды дұрыс сана.
Сенің қанша атаң бар?
Сенің қанша апаң бар?
Екі дегенім – ешкі,
Таудан келер ешкі.
Лағы оның қанша?
Ізде келмей қалса.
Үш
дегенім – үйім,
Үйде жақсы күйің.
Бақшадан да қалма,
Тап-тазаболып киін.
Төрт дегенім – түлік,
Жүрегін мұны біліп.
Жылқы, сиыр, түйе, қой
Сана мұны түйіп қой.
5
дегенде – бесік,
Шықтым одан өсіп.
Балалар,
1-1, 2-2, 3-3, 4-4, 5-5
сандардың сыңарын табады.
-2 торғай
-5 үйрек
|
|
Рефлексиялық -
түзетушілік
|
-Балалар, фигураларды
пайдалана отырып, кеңістікті бағдарлап көрейік.
«Кеңістікті бағдарлау»
Пішіндерді тиісті орындарына
орналастыру.
Міне,
балалар, оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Қоянға көп көмек
көрсеттіңдер. Қасқырдың тапсырмаларын орындап, қоянның сыйлығын
тауып бердіңдер. өздеріңнің ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан
қорықпайтыңдарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар,
балалар!
-Сау
болыңдар, балалар!
Балаларды мадақтап, бағалау.
|
Балалар дұрыс орындауға
тырысады.
-Сау бол,
қоян!
|