жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Рим империясының гүлденуі
Авторы: Байсын Маһамадия
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, М. Нәлібаев а/о №196 жалпы орта мектебі
5-сынып Дүниеүі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
4А Рим империясының гүлденуі |
||
|
|
||
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.2.1 Ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау 5.2.2.3 Ежелгі дүниенің мәдениетіне сипаттама беру |
||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Ежелгі Рим қоғамының әлеуметтік ұйымдасуы мен ежелгі Рим мәдениетіне сипаттама береді Көпшілігі: Ежелгі Рим қоғамы қандай топтардан құралғанын анықтайды Кейбір оқушылар: Ежелгі Рим мәдениетінің ескерткіштерін зерттейді. |
||
Бағалау критерийі |
-Рим қоғамының әлеуметтік ұйымдасуын және ежелгі Римді мәдениетін леді -Ежелгі Рим қоғамының қандай топтардан құралғанын айтады. -Ежелгі Рим мәдениетінің ескерткіштерін зерделейді. |
||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар жүзеге асыра алады: ежелгі Рим қоғамы қандай топтардан құралғанын анықтап, жіктей алады. Ежелгі Рим мәдениетінің ескерткіштерін зерттейді. Тілдік лексика мен терминология: империя, республика, принципат, доминат, трибундар, сенат, цезарь,термдер, акведуктар, патрицейлер,плебейлер терминдерінің мағнасын түсінеді Жазылым мен диалогқа пайдалы сөздер: ................. болғандықтан, римдіктер қуатты бола бастады. |
||
Құндылықтарға баулу
|
Өзгенің пікірін тыңдау, сыйлау, қарым-қатынас жасау, өзгенің рухани құндылықтарын құрметтеу дағдыларын қалыптастыру |
||
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану 5-сынып §32 Таулардың түзілуі 108 бет |
||
Алдыңғы білім
|
Рим империясының қалай қалыптасқандығы, ежелгі Римде биліктің қандай болғандығы мемлекетті басқару формаларының: монархия, республика, империя орын алғандығы және рим жауынгерлерінің қарулары туралы мәлімет бар |
||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут
4 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Бұрыңғы дос: оқушылар көп уақыт көріспеген достар сияқты қауышады. Оқушылардың назарын шоғырландыру Өткен тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар 1.Архитектура ескерткіштері Ежелгі Римнің күш-қуатын қалай айқындайды? 2. Рим байрағындағы SPQR әріптері «Сенат және Римнің еркін халқы» деген мағнаны береді. Сендер қалай ойлайсыңдар, римдіктер бұнымен нені білдіргісі келеді? Оқушылардың дұрыс жауабын мадақтау Суреттер («Пантеон-құдайлар ғибадатханасы», «Түркиядағы Цельский кітапханасы», Карл Брюлловтың«Помпейдің ақырғы күні») қиындылары арқылы оқушылар топқа топтастырылады -құрастыру барысында қандай суреттер пайда болды? -суреттердің қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру. (оқу мақсатын оқушымен айқындап аламын, сосын бағалау критерийлерімен таныстырамын) |
Сурет қиындылары |
|||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 мин
5 минут 12 минут
5 минут
5 минут
3 минут
|
Оқулықпен жұмыс Мәтінді жекелей оқу О1- Барлық адамдарды қанағаттандыратын заң жоқ О2- Білім, ғылым және мәдениеттің дамуы О3- Помпейге саяхат О4-Пантеон, форум О5-Акведук,термдер О6-Ежелгі Римнің әлеуметтік топтары Джигсо әдісімен талдау Өз топтарында тұтас талдау Сынақтан өткізу сұрақтары: 1.Көне Римнің сәулет ескерткіштері нені дәлелдейді? Бұл сәулет ескерткіштері римдіктердің талпыныстарының қандай болғанын көрсетеді? Олар бізді несімен таңғалдырды? 2.Римдік құрылыстар неліктен тіпті Ұлыбритания мен Түркиядан табылған? Бас бармақты жоғары немесе төмен (қолдаймын, қолдамаймын) әдісімен бағалаймын
1-тапсырма: «Сауалнаманың АВС техникасы» ойыны (топтық жұмыс) («Барлық адамдарды қанағаттандыратын заң жоқ» (Тит Ливий, рим тарихшысы) топтарға мәтіннен патрицийлер Римнің жергілікті тұрғыны болғандығы туралы ойды табуды және мына сұрақтар жөнінде ойлануды сұраймын. Үш топтан бір-бір оқушыдан таңдап аламын: бірі (А оқушы)сұрақтарға жауап береді, екіншісі (В оқушы) оның жауаптарын толықтыратын болады, үшіншісі (С оқушы) алғашқы екеуінің жауаптарын теріске шығарады) Неліктен басқа жерлердегі еркін адамдар Римге қоныс аударды? Еркін адам қалайша өз еркіндігінен айырылып құлға айналуы мүмкін? Жауаптар: Рим қолайлы орналасуымен, климатымен, даму деңгейімен тартымды болды. Адам егер тұтқынға алынса немесе қарызын қайтара алмаса құлға айналатын болған. Топтық жұмысты «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын (Карточкалар тақырыпты түсінгенін көрсету үшін пайдалануға болады (мысалы, қызыл түс =БАРЛЫҒЫ, сары түс =КӨБІ, жасыл түс=КЕЙБІРІ).)
2-тапсырма: «Жұптас және бөліс» «Помпейдің ақырғы күні» (жұптық жұмыс)
(Оқушылардан жұптасып суретті талқылауды және төменде көрсетілген жайттарды табуды сұраймын) -Лапылдаған, қызыл-қара түсті, жайылып кетеді. Бұл не? -Ер адам қолын көтеріп тұр. Ол не қалайды? -Балаларын құшағына алған ана. Ол нені сұрап дұға оқиды? -Қарт адамды көтеріп тұрған балалары. Олар не істемек? -Анасын көндіруге тырысып жатқан бала. Ол не сұрап тұр? -Қайтып бара жатқан абыз. Неліктен? -Басында сурет салуға қажетті құралдар салынған қорабы бар адам. Қалай ойлайсыңдар ол кім? -Суреттің басты идеясы қандай? Өзара бағалау жүреді 3-тапсырма Кеңейтілген тапсырма Тұжырымдаңдар. (жеке жұмыс) (тұжырымдарды А-жалпы В-әртүрлі санаттары бойынша орналастырыңыз. «Әртүрлі» санатындағы тұжырымдарды елдер бойынша орналастырыңыз) Тұжырымдар: 1.Оқыту үш сатылы болды 2.Медицина, картография, агрономияға қосқан үлестері 3.Бұл халықтың құқық саласындағы жеткен жетістіктері әлем құқығының негізін қалады. 4. Ғылым тәжірибелік нәтижелерге қол жеткіуге бағытталған болатын. 5. Палестрада оқушылар спортпен шұғылданды. 6. Бұл халықтың жазуы көптеген халықтардың әліпбиін құруға негзі болды.
Жауаптары: А)1,2 В) 3,4-Рим 5,6-Грекия
Өзін-өзі бағалау жүреді |
Оқулық, топтар үшін флипчарттар немесе А4 парақтары, үлестірме материалдар, маркерлер, жапсырмалар, |
|||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут
1 минут
|
Рефлексия: Сөйлемді аяқтап жазыңдар: Бұл пәнде мені қызықтырған… Менің жоспарым … Мен қалаймын… Тағы да қосарым бар… Сабақ барысында мен үйрендім… Егер мен… болсам, сонда…
Үйге тапсырма. Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан. Оқып, мамұндау «Рим мәдениеті әлемге не берді?»- тақырыбында Эссе жазу |
|
|||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсіл мен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||
1.Жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушыларға қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады 2.Кеңейтілген тапсырмалар беріледі 3ауызша және жазбаша кері байланыс беру арқылы қосымша көмек көрсетулерді жоспарлаймын |
1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара жетістіктерін айқындау. 3. Кері байланыс (ауызша) 4. Дайын үлгі жауап 5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану 5. Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем» (жазбаша) |
Қауіпсіздік техникасы ережелері Сергіту жаттығулары («Бұрынғы дос» оқушылар бұрыннан көрмеген достар сияқты қауышады)
|
|||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты сабақ тақырыбын негізге ала отырып сабақ мақсаты құрылғандықтан шынайы, қолжетімді болады деп есептеймін.
Сабақ барысында оқушылар сабақ барысында оқу мақсатына жетеді деп ойлаймын. Себебі оқу мақсатына жету үшін сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолданамын.
Саралау дұрыс жүргізіледі деп есептеймін. Себебі тапсырмалар мен бағалауды оқушының жас ерекшелігіне сәйкес дайындадым деп есептеймін
Сабақтың уақыттық кееңдері сақталады деп санаймын. Себебі сабақты жоспарлағанда барлық жұмыстарды уақытқа бөліп қойдым.
Сабақ жоспарынан ауытқулар болады деп есептемеймін. Бұл нәрселерді сабақ өткеннен кейін саралаймын. |
|||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: топпен жұмыс жасалған кезде белсенді оқу жүреді деп ойлаймын 2: Әр тапсырма соңында мадақтап бағалап отыру оқу мен оқытуды жақсартады деп ойлаймын
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Кеңейтілген тапсырма оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады
2: Сабақта АКТ құралдарын пайдалану сабақтың жақсы өтуіне ықпал етеді
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясын негізге ала отырып оқушылардың қаншалықты қиындыққа тап болған тұстарын анықтап, жаңа сабақты жоспарлауда ескеріп, есепке алып отырамын |
|||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Дискрипторлар |
Рим қоғамының әлеуметтік ұйымдасуын және ежелгі Рим мәдениетін біледі |
Римде патрицийлер мен плебейлер үшін қандай құқықтар болғанын біледі |
Ежелгі римдіктердің әлемдік мәдениетке қосқан үлесін түсінеді |
|
Қоғам дамуындағы мәдениеттің рөлін талқылайды |
|
-Ежелгі Рим қоғамының қандай топтардан құралғанын айтады. |
Ежелгі Рим мәдениетінің ескерткіштері негізінде римдік қоғамды сипаттайды |
Плебейлер мен патрициялар арасындағы күрестің себептерін дұрыс анықтайды |
|
Ежелгі Рим мәдениетінің ескерткіштерін зерделейді. |
Суреттерді зерттеп, Ежелгі Римнің сәулет ескерткіштері туралы әңгіме құрады. |
Римдіктер сәулет құрылыстарында нені көрсеткісі келгенін түсінеді |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген