«Robo
Team» жобасы
Армысыздар
құрметті: Ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі «Robo Team»
жобасы
тақырыбындағы
сайыс сабағымызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
Робототехника – бұл адам іс- әрекетінің
түрлі зияткерлік автоматтандырылған техникалық жүйелерді іске асыру
үшін пайдаланылатын қолданбалы
ғылым.
Білімді
азамат – ел ертеңі,
Білікті
бірді, білімді мыңды жығар.
Білім мен
даналық – адам көркі.
Білімді адам
еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды, әр уақытта батыл
болады.
-Олай
болса сайысымыздың мақсатымен таныс
болайық.
Қатысушы топтар:
-
1-топ «Make Block»
-
2-топ «Robo Master»
Әділқазылар алқасын сайлап
алу:
Әр кезеңді
әділқазылар бағалап отырады. Әділқазылар құрамына робототехника
саласындағы мамандар, ұстаздар және тәуелсіз сарапшылар
кіреді.
Сайыстың негізгі кезеңдері:
-
Таныстыру –
Suno AI нейрондық желісі арқылы топтардың
таныстырылымы.
-
Толықтырылған шындық
тәжірибелері –
Аr.studio және Quiver - 3D программалары арқылы
жұмыс.
-
Сумо сайысы –
роботтардың шеңбер ішінде шайқасуы.
-
Шығармашылық тур –
топтардың шығармашылық жұмыстарын құрастырып,
таныстырулары.
-
Автоматтандырылған қол кептіргіш
жобасы –
Жұмабаев Рауанның таныстырылымы.
I - кезең «Таныстыру»
Suno
AI нейрондық
желісі арқылы өз топтарын
таныстыру.
II - кезең . Толықтырылған шындық
тәжірибелері
III - кезең «Сумо» сайысы
«Сумо» сайысы 4 раундтық кезеңнен
тұрады
«Сумо» сайысы бойынша роботтар ақ төсенішке қара түспен
жүргізілген аумағы 1 метр болатын шеңберде
шайқасады.
Шеңберден ысырып шығарып жіберген робот жеңіске
жетеді. Роботтар қозғалмай орындарында таласып қалса 1 минуттық
уақыт есептеліп шеңбер ортасына жақын тұрған робот жеңіске
жетеді.
IV - кезең. «Шығармашылық»
тур
Сайыстың ережесі әр топ өз шығармашылық жұмыстарын
құрастырады және оны таныстырады.
|
I топ
|
3 D ручкамен
жұмыс.
|

|
|
II топ
|
Ағашты күйдіруге арналған құрылғымен
жұмыс.
|

|
V – кезең.
Автоматтандырылған қол кептіргіш
жобасы.
Таныстырылым. Жұмабаев
Рауан.
Қорытынды
МАРАПАТТАУ рәсімі. Дипломдармен
мараттасаұ.
Робототехника саласындағы автоматтандырылған
жобалар бойынша өткізілген сайыс сабақ өз мақсатына жетті. Сайыстың
әр кезеңі оқушылардың робототехника саласындағы білімдерін
тереңдетіп, практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
Оқушылардың белсенді қатысуы мен шығармашылық қабілеттерін
көрсетулері олардың робототехникаға деген қызығушылықтарын
арттырды.
Бұл сайыс сабақ оқушылардың робототехника
саласындағы ынта-жігерін арттырумен қатар, олардың шеберліктерін
шыңдауға үлкен үлес қосты. Қатысушылар жаңа білім мен тәжірибе
алып, өз жобаларын сәтті қорғап шықты.
Келешекте осындай іс-шараларды жиі өткізіп,
оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылықтарын одан әрі дамытуға
назар аудару қажет.
Алтын уақыттарыңызды бөліп, осы сайысқа қатысқан
барлық ұстаздар мен оқушыларға үлкен алғысымызды
білдіреміз.Сырғыған сағаттың уақытына үлгеріп,
Брендті киінбесекте, трендті әдіс-тәсілдерді
қолдануға шақырамын.