15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "С. Ақаев. Қанағат – қарын тойғызар" 4-сынып
Сабақ жоспары
Пәні: әдебиеттік оқу сыныбы: 4
-
Тақырыбы
С. Ақаев. Қанағат – қарын тойғызар
Мақсаты
Жаңа тақырыптың мағынасын аша отырып, негізгі идеясын анықтай білуге үйрету
Күтілетін нәтижесі
Оқушылар мәтін идеясын өмірмен байланыстыра біледі, яғни ең кішкентай мысалдардың өзіне үлкен мән беру қажеттігін аңғарады
Әдісі
Топпен, жұппен, жеке жұмыс, «Ыстық орындық», «Бірге ойлаймыз», «АӘБВ»
Қолданылған модульдер
Оқыту мен ОЖТ , ОБ және көшбасшылық, диалогтық оқыту, АКТ, Оқытуды бағалау және оқуды бағалау, СТОҮ
№
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Дерек көздер
Кіріспе
2-мин
-
Топқа бөлу «Мозайка»
Қиындылар арқылы топқа бөлінеді.
Қиындыларды құрастырып, топқа бөлінеді.
Бейне-
ролик
3-мин
-
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Мақсаты:
жылдамдыққа, сенімділікке, бірлікке тәрбиелеу
Сынып екі қатарға тұрады. Екі қатардағылар берілген резина жіпті басынан бастап киіп, аяғынан шешеді. Бірінші болған топ жеңімпаз саналады.
Музыка фишка-лар
Таныстырылым
Таныстырылым
Негізгі
Негізгі
7-мин
-
Өткенді қорыту «Ыстық орындық»
-
Топтарға 1, 2, 3, 4, 5 цифрларын тарқату.
-
М. Мақатаевтың «О, туған ел» өлеңінің әр шумағын топтағыларға өз рет саны бойынша айтқызу.
Ыстық орындықта отырып, топпен жауап береді.
5-мин
Топтық жұмыс «Бірге ойлаймыз»
«Қанағат» сөзін қалай түсінетіндерін талқылау
1. Топ мүшелеріне 1-ден 5-ке дейін нөмір беріледі.
2. Мұғалім сұрақ қояды, ойлануға уақыт белгілейді және одан кейін “Бірге ойлаймыз” – деп айтады.
3. Оқушылар тұрады және сұрақты ауызша талқылау үшін үстелдің орта тұсында түйісе, еңкейеді.
4. Барлығы жауапты білгеннен кейін, өз орындарына отырады да, сынып дайын деп айтады.
5.Мұғалім 1-ден 5-ке дейін кез келген санды атайды. Әр команданың тиісті оқушысы үстелден постер мен қаламды алып, жауап жазады да, орнынан тұрады. Бұл тыныштықта орындалады.
6. Топтар жауаптарын бір мезетте көрсетуі тиіс. Әрбір дұрыс жауап үшін ұпай беріледі.
Жіп
10-мин
-
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді екі бөлікке бөліп, топтарда оқыту
Оқушылар бөлінген бөліктерді оқиды және түсіндіреді.
Постер, маркер
2-мин
-
Сергіту сәті
Кел, билейік
«Қаражорға» биін билейді.
Негізгі
Қорытынды
7-мин
«АӘБВ» әдісі
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптері жазылған карточкалар тарқатылады.Берілген тест сұрақтарына оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларды көрсетуі керек.Жеке жұмыс болғандықтан өзгенің карточка-жауаптарына қарамауы тиіс (әрбір дұрыс жауап 1 балл)
Жауаптары:
-
А
-
А
-
Ә
-
Ә
-
В
Тапсырманы жеке орындайды.
-
Ел иесі – қария жігіттерді шақырып, өтініш айтқанда, өз сөзінің ішінде қандай нақыл сөз айтты:
А . Ер елі үшін туады, елі үшін өледі.
Ә. Ел басына күн туса, әйел етігімен су кешер
Б. Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер
В. Ел басына күн туса, ер етігімен су кешпес.
2. Жұт – ...
А . мал-жан шығыны болатын, ұзаққа созылған ауыр қыс, қиыншылық.
Ә. мал-жан шығыны болатын, ұзаққа созалмайтын жеңіл қыс, қиыншылық.
Б. қазақтардың ұлттық мейрамы
В. мал-жан көбейетін, ұзаққа созылған ауыр қыс, қиыншылық.
3. Екінші жігіт не себепті келіспеді?
А . Киікті қуып, уақыт өткізгісі келді
Ә. Азға қанағат етпеді
Б. Атын сынап көргісі келді
В. Киіктердің семіздігіне сенбеді
4. Алғашқы жігіт киіктерді қалай оңай олжа қылды?
А . Киікті қуып, жаяу ұстап алды
Ә. Су ішкен киіктер, сол жерде жатып
қалғандықтан
Б. Киіктер жігіттің артынан өздері еріп келді
В. Су ішкен киіктер, сол жерде өздері өліп қалды
5. Осы оқиғадан кейінгі түйінді ой:
А . Қанағат – қарын тойғызбайды, қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызады
Ә. Қанағат – қарын тойғызбайды, қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызбайды
Б. Қанағат – қарын тойғызады, қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызбайды
В. Қанағат – қарын тойғызады, қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызады
Қима тапсыр-малар, слайд
4-мин
-
Бағалау (жиынтық және формативті)
Фишкаларын санайды

-5
ұпай-4 ұпай
-3
ұпай“5”- 21-25 ұпай
“4” - 15-20 ұпай
“3”- 10-14 ұпай
музыка
3-мин
-
Рефлексия
«Не үйрендім? Не үйренгім келеді?» Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сенім ағашына стикерлерге жазып іледі
АКТ
Қорытынды
2-мин
-
Үйге тапсырма
Мәтінді түсініп оқу. «Қанағатшыл бол» эссе.
Бағалау парақ-шаларысмай-ликтер
2-мин
-
Кері байланыс
«2 жұлдыз, 1 тілек»
Стикер-лер
2-мин
-
Үйге тапсырма
Түсініп оқу, өлең.
-

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген