400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ "С" дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
«С» дыбысы және әрпі Оқу іс әрекетінің мақсаты: «С» дыбысы және әрпімен таныстыру; балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету; ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі:үлгі суреттер, жұмыс дәптері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі

Оқу іс әрекетінің мақсаты: «С» дыбысы және әрпімен таныстыру; балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:үлгі суреттер, жұмыс дәптері

Оқу – іс әркетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: балалардың көңілін сабаққа аудару

Психологиялық жаттығу:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнап шықты күніміз.

-Балалар, әліпбиден бізге қонақ келіпті.

Әуеден сары шар ұшып келеді. Ішінде «с» дыбысының әріп таңбасы бар.

-Балалар, қараңдаршы, мына шардың түсі қандай?

-Шардың түсі сары.

-Сары сөзі қандай дыбыстан басталады?

-«С» дыбысынан басталады.

-Міне, «с» дыбысының әріп таңбасы. Неге ұқсайды?

-Айға, ораққа, білезікке ұқсайды.

-Кәне, бірге «с» деп айтайық. «С» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан «с» дыбысы қысылып шығады. «С» дыбысы - дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз.

Тілді жаттықтыру: Са – са – сана

Се – се – кесе

Со – со – сона

Ес – ес – пышақпен кес.

-Балалар, сендер «с» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы.

-Сиыр, сана, сона, сөз, сегіз, сырға.

Айтылған сөздерді буынға бөлгізу. «С» дыбысының әріп таңбасын тақтаға жазып көрсету және ауада жазу.

Сергіту жаттығуы: Тікірейген құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып, керіліп,

Беті – қолын жуады.

-Балалар, енді, әріп қималарымен сөздер жазайық. Сара, сағат, сан, са, со, сона. Осы сөздердің ішіндегі сан сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

-«С» дыбысы қандай дыбыс?

-С – дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

-«А» қандай дыбыс?

-А – дауыссыз дыбыс, қызыл түспен белгілейміз.

-«Н» дыбысы қандай дыбыс?

-Н – дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

Дидактикалық ойын: «Мен айтайыншы».

Ойын шарты: ауада өткен әріпті жазып көрсету, балалар сол әріпті тауып айтып береді.

Дәптермен жұмыс:жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау. Сөздерді оқып, оларға дыбыстық талдау жасау. Берілген суреттерде «с» дыбысы бар сөздерді сәйкестендіру.

Оқу іс- әрекетін қорыту:

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? «С» дыбысы қандай дыбыс?

Сабақ туралы әр баладан өз ойын сұрау, барлық балалардың сөйлеуіне мүмкіндік жасау.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: сөз ойлап айтуды, буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды.

Түсінеді: «С» дыбысы жайлы мәліметтерді.

Қолданады: «С» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіре білу дағдыларын.























АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ

САРЫБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ МДШО КММ









Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті


Сауат ашу және жазу негіздері

«С» дыбысы және әрпі


Мектепалды даярлық тобы



А.Ж.Жумадилова










2015-2016 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі