400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ С дыбысы және әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

С дыбысы және әрпі

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Сауат ашу және жазу»
Тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі
Мақсаты:
Білімділігі: «С» дыбысы мен және әрпімен таныстыру. «С» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлуді үйрету.
Тәрбиелігі: балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: ойын арқылы сөздік қорларын дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: жұмыс дәптері, АТК

Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар бәріміз ортаға шеңбер құрайық. Бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Сәлем дейміз достарға,
Сәлем дейміз құрдасқа,
Сәлем дейміз ұстазға,
Сәлем дейміз қонаққа.
Айымыз ашық болсын,
Туымыз биік болсын.
Халқымыз тату болсын,
Балалар аман болсын!

Тәрбиеші:
- Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, өткен әріптерімізді қайталап жіберейік. Балалар біз өткен оқу іс – қызметінд қандай дыбыспен таныстық?
Балалар: Ш дыбысы мен әрпі.
Тәрбиеші: Ш дыбысы дауысты ма дауыссыз дыбыспа?
Балалар: Дауыссыз дыбыс.
Тәрбиеші: Қандай текшемен белгілейміз?
Балалар: Көк.
-Жарайсыңдар мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ.


Тәрбиеші: Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл сағат. Сағат адамға не үшін қажет?
Балалар: Уақытты білу үшін.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Сағат сөзін бәріміз бірге айтайықшы?
Балалар: Сағат.
Тәрбиеші: Сағат сөзін айтқанда басында қандай дыбысты естіп тұрсыңдар?
Балалар: «С» дыбысын.
Тәрбиеші: Бүгінгі біздің өтетін оқу іс – қызметіміздің
тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі.
«С» дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан «с» дыбысы қысылып шығады.
- Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астына қойып «С»дыбысын айтайықшы.
Барлығы бірге «С» дыбысын қайталап айтады.
-«С»дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды).
- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Көк текшемен белгілейміз.
-«С» дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.
- Сағат, сәбіз, сырға, сақина, сабын.
- Жарайсыңдар, енді сағат, сәбіз деген сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан, неше дауысты дыбыстан тұрады.
- Са - ғат - екі буынан, екі дауысты дыбыстан тұрады.
Сә - біз – екі буыннан, екі дауысты дыбыстан тұрады.
Топтық жұмыс:
№1 тапсырма. Сан, тас сөздеріне дыбыстық талдау жасап, тиісті текшелермен белгілеу.
№2 тапсырма: Суреттерден «С» дыбысы қай сөздерде кездеседі? Сәйкестендір.
№3 тапсырма: Суреттегі заттарды ата. Сызба бойынша буынға бөл.

Сергіту сәті.
Тіл ұстару жаттығулары:
Са - са - са - ұстап алдым маса.
Се - се - се - сынды неше кесе.
Ес - ес - ес - пышақпен нан кес.

Ойын «Дыбысты анықта».
Ойынның шарты: Балалар орындарын тұрып, тәрбиеші «а» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «с» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.
- Балалар, «С» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі оқу іс -
қызметімізді қорытындылап жіберейік.

Ойын: «Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «С» дыбысынан басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау. Ойынға шыққан бала сырғаны алып «Бұл сырға, сырға сөзі - с дыбысынан басталады. Сырғаны анам тағады» деп сөйлем құрайды.
Ашық оқу іс - қызметіне жақсы қатысқан барлық балаларды мадақтау.
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау - саламат болайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
425
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі