400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "С дыбысы мен әрпі" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеу тілінде С дыбысын дұрыс қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. С дыбысын сөзде анық айтқызу,фонематика-фонематикасын және сөздің грамматикалық құрылымын дамыту.

2.Түзетушілік: түрлі дидактикалық тапсырма мен ойындар арқылылы көру,есту, есте сақтау, зейінін тұрақтандыру, ойлау қаблетін дамыту; 3.Тәрбиелік: сабақта тәртіп сақтауға, өзін өзі қадағалауға, өзіне баға беруге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: заттық суреттер, тыныс алуға арналған құралдар, әріптер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушыларды талапқа сай отырғызу


Психологиялық дайындық: Шаттық шеңбері

Қане, қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Көкке қолды созайық

Бір-бірімізден озайық

Құшақтасып әр кезде

Тату-тәтті болайық.

«Бәріміз-біріміз үшін, бәріміз-біріміз үшін»


1.Тыныс алу жаттығулары:

«Алақанымызды жылытамыз»

«Шар үрлейміз»


2.Мимикалық жаттығулары: «Күн күлемдеді», «Жаңбыр жауды»


-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-С дыбысымен.

-Ендеше С дыбысына байланысты артикуляциялық жаттығуларды жасайық.

3.Артикуляциялық жаттығулары:

«Қоршау жасау», «Жымию», «Түтікше», «Күрешке», «Төбешек»




-С дыбысын айтқанда тіліміз бен ерніміз қандай қалыпта болады екен?

-Ерін жымиып тұрады, тістердің арасы 1 мм ашық болады. Тілдің ұшы

төменгі тістерге тіреліп тұрады. Тілдің бүйір жақтары жоғарғы азу

тістерге тиіп тұрады.

4.Дыбыспен жұмыс: «Ысқырғыш шәйнек».

Әжем базардан жаңа шәйнек сатып алды . Ол шәйнек ішіндегі су қайнаған

кезде қатты ысқырады. Қалай ысқырады?

-С-с-с!

-С дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс.

-Қандай түспен белгілейміз?

-Көк түспен.


-Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?

-Дыбысты біз естіміз және айтамыз. Әріпті біз көреміз және жазамыз.

-Олай болса мынау не?

-Сақина және ай.

-Қай әріпке ұқсайды?

-С әрпіне.


5.Жаңа сабақтың тақырыбын қызығушылығық ояту арқылы хабарлау.

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап, шапшаң жауап беріңдер. Кімнің тапқыр екенін анықтайық. «Кім тапқыр?»

Сыртылдайды күнімен, сыртылдайды түнімен, Білгің келсе уақытты көрсетеді тілімен. (Сағат)

-Балалар, бүгін сабаққа қонақ келді, ол кім?

Жаңа сөзбен жұмыс . «Қонжық»

-Балалар, қонжық жәй келген жоқ, сендерден көмек сұрап келді. Конжық үйіне жету үшін , мына тапсырмаларды дұрыс орындасақ , сонда қонжық өз үйіне құана жетеді.

1 тапсырма: Балалар, өз біліммізді көрсетейік, қазір мен әртүрлі дыбыстарды айтамын. Ал сендер С дыбысын естісеңдер алақандарыңды соғыңдар: ж,м,б,вс,т,п,с,р,ш,к,с,с,с.

2 тапсырма: «Дұрыс айт, анық айт» «са» буынын қосып, сөзді аяқта.

Ма –са ; Ала -са; Айт -са;

Буын оқу. Ашық буын : Ас ос у ; Ос ыс ес ; Ұс ос ас ;

Жабық буын : Са со су; со сы си; сы су сұ;

3тапсырма: -Мына сандардың арасынан с дыбысы бар сандарды тап?

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.



4.Сергіту сәті: «Маған қарай жүгіріңдер!» ойыны

Шартты: логопед бір пішінді көрсетеді, «Маған қарай жүгіріңдер!»-дейді.

Балалар сәйкес пішінді алып, мұғалімге қарай жүгіреді.

5.тапсырма: «Көбелекті гүлге қондыр» ойыны

С дыбысы сөздің қай жерінде естіледі?

Сөздің басында : сағат, сиыр, сәбіз, сыпырғы.

Сөздің ортасында: қасық, мысық, асық, кесе.

Сөздің аяғында: жолбарыс, құс, ыдыс, қас.

6. тапсырма: «Сөйлемді толықтырып аяқта»(қарамен жазылған сөздердің орнына сүретпен белгілеу)

Асхат сағат сатып алды.

Самал сыпыртқы еден сыпырды.

Сиыр жусан жеді.

Мақсат тасбақа ұстап алды.

7.Сабақты қорытындылау: -Балалар, біз қонжықтын тапсырмаларын дұрыс орындадық, енді қонжық үйіне көңілді болып барады. –Қане балалар, қонжықпен қоштасамыз «Сау бол, қонжық!»

«Доп ойыны» сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту.

Бағалау: мадақтау, мақтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі