400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ш дыбысын буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білімді қажет ететін мектеп оқушыларының дыбысты дұрыс айтуға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Ш дыбысын буында,сөзде,сөйлемде машықтандыру.


Сабақтың мақсаты:

«Ш» дыбысының артикуляциясын нақтылау, дыбысты буында, сөзде машықтандыру.

Міндеттері:

1. Білімділік: «Ш» дыбысын дұрыс айтуға үйрету. «Ш» дыбысын сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету.

2. Дамытушылық: Зейінін, ойлауын, ауызша сөйлеу тілін дамыту, естіп қабылдауын дамыту.

3. Тәрбиелік: Түзу отыруға, өз ойын ұялмай жеткізуге тәрбиелеу..

Сабақ түрі: шағын топ.

Көрнекіліктер. Айна, «Ш»дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулардың белгі суреттері;смайликтер; кеспе сөздер, суреттер, карточкалар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең.

Қайырлы күн оқушылар! Бүгінгі тақырыбымызды талқыламас бұрын, бір шумақ өлең жолдарын оқып берейін, сіздер қандай дыбыс туралы айтқанымды шешесіздер!

Шоршиды шортан, шорағай,

Шабақ аулап шағала.

Шегіртке қуып Шорабай,

Шапқылар шилі жағада.

Қандай дыбыс туралы оқушылар дұрыс жауабын айтқан соң, баріміз бір тағыда қайталаймыз. Өлең жолдарында әрине «Ш» дыбысы жиі қайталанып тұрғандықтан бүгінгі тақырыбымыз «Ш» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру.

«Ш» дыбысын буында машықтандыру.

Ш дыбысы бар сөздерді буынға бөліп оқимыз.

ША-ША-ША Шағала,

ШӨ-ШӨ-ШӨ Шөже.

ШЫ-ШЫ-ШЫ Шырша.

ШУ-ШУ-ШУ Шулама


ІІ. Артикуляциялық жаттығулар.

Артикуляциялық жаттығулар,айнаны алып жаттығуларды жасаймыз.

«Ш» дыбысын дыбыстаған кезде, ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы келеді. Тілдің ұшы үстіге қарай көтеріледі. Алақанды ауызға жақындатканында жылы дем сезіледі.

Дыбыстарды нақты және әдемі дыбыстау үшін біз жаттығулар орындаймыз.

Мысалы: «Сағат», «Тіс тазалау», «Алтыбақан», «Тәтті тосап», «Кесе».


ІІІ. «Ш» дыбысын сөзде, сөйлемде машықтандыру.

Балалар тақтада көрсетілген тірек сөздер арқылы сөйлем құрайды.Әрбір құралған сөйлем үшін логопед оқушыларға көңіл-күй білдіретін смайликтерді көрсетеді.

Паша,шар,машина.

Паша,шай,шұжық.

Паша, шарық, қарындаш.

Паша,күртеше,шұлық.


IV.Тыныс алу жаттығулары.

«Допты қақпаға соқ»

* Допты ал.

* Футбол қақпасының алдына қой.

* Допты қақпаға жаймен үрлеп соқ.

* Енді бар деміңмен қатты үрлеп соқ.

* Қанша гол соқтың, сана.

«Жапырақты ұшыр»

Терең тыныс алып, аузыңмен дем шығару арқылы жыпырақты үрлеп ұшыр.

«Қарды үрле»

Қолымызға ақ жұмсақ қағазды (қол сүртуге арналған майлықтар)аламыз, алақанымзға қойып, алақанымызды жұмып,мыжғылаймыз. Домаланған қағазды алақанымыздан алысқа үрлейміз. Бірнеше рет қайталаймыз.


V.Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Ауада «Ш» дыбысын жазып көрсету.

«Орман шулайды»

Жел тұрғанда, ағаштың жапырақтары «Ш-ш-ш»-деп шытырлайды-деп балаларға түсіндіріп, енді қолымызды жоғары көтеріп ағаштың жапырақтары боламыз, жел тұрды-ш-ш-ш дейміз.

Саусақ жаттығуы «Найзағай»

Мақсаты: дыбыстың шығу динамикасының өзгерісіне орай қимылды сәйкестендіру. Логопед ойынның сөздерін оқиды, балалар сол қимылды орындайды.


VІ. Сөздік диктант. Тақтаға суреттер ілінеді, балалар сол суреттегі көрсетілген заттардың атын дәптерлеріне жазады.

Шаңырақ, шаңғы, шаңғышы, шар, шәйнек, шар, шай, шырша, шана, шағала, шеге, шие, шегіртке, шырын, шопыр, шұжық, шұлық,шабдалы.


VII. Қорытындылау.

Логопед: - Жарайсыңдар оқушылар! Барлық тапсырмаларды орындап шықтың. Бүгін біз барлық тапсырмаларды қай дыбысқа арнадық?

Оқушы: - «Ш» дыбысына.

Логопед: - Міне, демек бүгін сен «ш» дыбысын одан әрі жақсы меңгердіңдер деген ойдамын!!! Рахмет сіздерге сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
1949
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі