Авторы:
Құралбаева Қарлығаш Наурызбайқызы
Жамбыл
обылысы, Тараз қаласы №3 бөбекжай-бақшасының
логопедті
Тақырыбы:
«Ш» дыбысын ойын-жаттығулар арқылы
дағдыландыру.
Мақсаты:
«Ш» дыбысын жеке, буында, сөзде, сөз
тіркесінде, сөйлемде дағдыландыру.
Міндеттері:
Түзету-дамытушылық:фонематикалық
естуді, зейінді, ойлауды, есті дамытуға
жағдай тудыру; дыбыстық анализ және
синтез дағдыларын дамытуға негіз болу.
Білімділік:дыбысты
дұрыс айтуға негіз болу, «отбасы»
тақырыбы бойынша сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік:Баланың
сабаққа деген жағымды көзқарасын,
ұқыптылығын қалыптастыру.
Көрнекіліктер:
алаша, дидактикалық тапсырмалар, «Шалқан»
ертегісінің кейіпкерлері, «Пойыз»
ойыны.
Лексикалық
материал:дидактикалық
тапсырмалар,жұмбақ.
І.
Ұйымдастырушылық
кезең
Шаттық
шеңбері
Күнің
көзі ашылсын
Көкке
шуақ шашылсын
Құтты
қонақ келіпті
Төрімізге
еніпті
Сәлеметсіздер
ме қонақтар.
-
Біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа
барамыз. Саяхатқа немен барамыз.
Бала:Ұшақпен,
көлікпен......
-
Олай болса бүгін сиқырлы ұшақ кілемен
барамыз.
Ертегілер
еліне саяхат.
Ұшақ-
кілем ұш
Ертегілер
әлеміне түс
Жұмбақ
«Өзі
дөңгелек, сап-сары,
Бақшада
өседі бұрыннан.
Жерден
оңай жұлынбайтын
Ол
қандай көкөніс ...?».
-
Шалқан.
Артикуляциялық
жаттығулар:
«Кәмпит»,
«Тәтті тосап», «Әткеншек», «Тіс тазалау»,
«Алақанымызды жылытайық»
Тыныс
алу жаттығуы:
«Қарды
ұшыру»
-
Шалқан ертегісін білесің бе? Онда қандай
кейіпкерлер бар?
-
Ата, әже ...
-
Олар бір-біріне кім болып келеді?
-
Жақындар, туыстар.
-
Яғни, олар бір отбасы. Сенің отбасында
кімдер бар?
-
Ал енді назараударшы, «шалқан» деген
сөзде бірінші дыбыс қандай? (Ш)
-
Дыбысқа сипаттама берейік.
-
«ш» дыбысы дауыссыз, көк түспен
белгіленеді.
-
Әр кейіпкердің саған деген тапсырмалары
бар. «Ш» дыбысын дұрыс меңгеру үшін
орындаймыз ба?
Бірінші
кейіпкер «Ата».
«Әуе
шары» тапсырмасы
-
Барыс, піл және қасқыр әуеге шарларын
ұшырып жатыр.
Кімнің
әуешары биікке ұшар екенін анықтайық.
Ол үшін, сен буындарды жаңылмай, анық
айтуың қажет. Қай әуешардағы буындарды
қатесіз айтасың, сол әуешардың иесі
жеңіске жетеді. Қателесіп қалма.
Тапсырма:
Екінші
кейіпкер «Әже».
Әженің
тапсырмасы,
«Пойыз» ойыны. Бала суреттегі сөзді
атайды. Сөздегі «ш» дыбысының орнын
анықтап, бастапқы, ортаңғы немесе соңғы
вагонға орналастырады.
Үшінші
кейіпкер «Немересі»
Ұсақ
қол моторикасын дамыту:
«Шар»
жаттығуы
Үрлейміз
біз шарларды,
Бетімізді
томпайтып.
Секіріп,
ұшып, домалап,
Бізбен
бірге ойнайды.
«Шамдар»
жаттығуы
Біз
шамдарды аламыз,
Қыдыруға
шығамыз.
Міне
шамдар жанып тұр,
Бізге
жолды сілтеп тұр.
Төртінші
кейіпкер «Ит».тапсырмасы
«Ойлан-тап».
Суреттерді
сөздерге сәйкестендіріп (маркердің
көмегімен). Суреттегі әрекет сөзімен
қосып және Ш дыбысын анық айт.
Бесінші
кейіпкер «Мысық».тапсырмасы
«Сынына
қарай сөзді тап».
Сыни
сөздерді тыңдап және соған сай келетін
затты ата және жапсыр.
Сергіту
сәті:
Бір,
екі, үш,
Бір,
екі, үш,
Ал,кәнеки,ұш.
Төрт,бес,алты,
жеті,
Төрт,бес,алты,
жеті,
Мынау-ауыл
шеті
Сегіз,тоғыз,он,
Сегіз,тоғыз,он,
Асықпа
да саспа,
Бірден
қайта баста
Алтыншы
кейіпкер «Тышқан».
«Сөйлем
құра»
Қорытынды:
-
Шалқан ертегісінің кейіпкерлерінің
барлық тапсырмаларын орындадық.Тапсырмалырды
орындау арқылы біз шалқанды жұлып алдық.
Енді
біздің бөбекжай-бақшаға қайтар уақытымыз
болды.
Сиқырлы
сөз
Ұшақ-
кілем ұш
Бала-бақшаға
түс
-Жарайсың!
Барлық тапсырмаларды орындап шықтың.
Саған
тапсырмалар орындауға қандай дыбыстар
көмектесті?
-Міне,
демек бүгін сен «ш» дыбысын одан әрі
жақсы менгердің.
Бүгінгі
оқу қызметтіне қатысқанын үшін саған
тәтті алма берем.