400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ С Сейфуллин " Дала" өлеңі 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен бұл ашық сабағымды деңгейлікті оқып келген соң әдіс алмасу мақсатында көрші ауылдағы Ақбұлақ мектебінің 3 сыныбында өттім.Ондағы мақсатым жаңартылған білім мазмұнындағы үйренген ойындарды, әдіс-тәсілдерді, топтық, жұптық, деңгейлік тапсырмаларды,бағалау түрлерін мұғалімдерге үйрету. Сынып оқушылары мені бірінші рет көріп отырса да мені жатырқамай сабағымды өте жоғары дәрежеде алып шықты. 3 сынып оқушылар өздерінің белсенділіктерін, ұйымшылдықтарын көрсетіп өздері топқа бөлінді, топ ережесін құрды, топ басшысын сайлады, бірін-бірі әділ бағалай білді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ 3-сынып.

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім Сейтқасымова. Ш

Сабақтың атауы

С.Сейфуллин «Дала»өлеңі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1.Ақынның өмірі,шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып,өлеңнің тақырыбын идеясын ашу.

2.Оқушының іздемпаздық қасиеттерін дамытып,қалыптастыра отырып,ойлау,

сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Білім,білік дағдыларын арттыру.

3.Отан сүйгіштікке,сыйластыққа ең бастысы адамгершілікке баулу.

Түрі:Жаңа сабақты игеру.

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,баяндау,суреттеу,топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс:Бейнелеу, дүниетану.қазақ тілі.

Психологиялық ахуал
























1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.


1. Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік баршаңызға,

Құрметпенен біз.

2. Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.


3. Топқа түстермен бөліну.

1 - топ: Көктем жасыл түс.

2 - топ: Жаз сары түс.

3 - топ: Күз. қоңыр түс.

Топпен таныстыру


4. Топтың ережесімен таныстыру

1. Уақытты үнемдеу.

2. Бір-бірін тыңдау.

3.Тыныштықты сақтау.

4.Бір-бірінің пікірімен санасу..

5. Топ басшыларын сайлау

Бағалау парақшаларын тарату.

Бағалау түрі

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


6. Топпен жұмыс.

«Қарлы кесек» ойыны. Балалар қағазға сұрақ жазып лақтырады. Қағаздағы сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ қорытылады.

Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы»әңгімесін сұрау

1. Бала таңға жақын неге далаға шықты?

2. Бала шолпан жұлдызын қалай таныды?

3. Таң атарда жұлдыздар қайтеді.?

4. Таңның атуын көргендерің бар ма?


7.Ойын «Жұлдызды сұрақ»

Балалар жұлдыздағы жұмбаққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.


1. Мемлекеттік рәміздерді ата.

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

3. Көктем мезгіліне байланысты мақал-мәтел айт.

4. Шолпан жұлдыздың тағы қандай атауларын білесің?

ДАЛА дегенде көз алдарыңа не елестейді.


8 . слайд. С.Сейфуллин.

Сәкен Сейфуллин «Дала»

Өлеңнің авторымен таныстыру

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894 - 1938)- Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Қазақтың белгілі ақыны, жазушысы, драматургі, және көрнекті қоғам қайраткері. Оның “Көкшетау», «Қызыл ат” поэмалары, “Тар жол, тайғақ кешу” атты романы және “Наурыз», «Туған ел” өлеңдері бар.


3.Жаңа сабақтың мақсаты:С.Сейфуллин өмір жолына тоқтала отырып,

«Дала»өлеңін мәнерлеп оқу,мағынасын ашу.

9. Ой толғау.

С.Сейфуллин кім? «Топтастыру» стратегиясы.

С.Сейфуллин атында нелер бар?

С.Сейфуллин тағы қандай өлеңдерін білесің?


10.Өлеңді талдау:

Өлеңді мәнерлеп оқимын,оқушыларға тізбектей,толығымен оқытамын

Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу

Іштей оқыту

Топпен талдау

Ойланайық, талдайық, пікірлесейік

11. Сергіту сәті. Бейне баян


12. Топпен жұмыс.

1-топ. Көктем

1. Өлеңнің бірінші шумағында ақын жазғы даланы

кімдерге теңейді?

2-топ. Жаз

1. Егерде сіз туған жерден жырақта жүрсең, өз

сағынышыңды қалай басар едіңіз?

3-топ. Күз.

1. Өз ауылыңды көгалдандыруға өз үлесіңді

қалай қосар едің?

Сұрақ тапсырмаларға жауап бергізу.


13.Түртіп алу» стратегиясы..


Сәуірдің оны.

Дала


Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894 - 1938)- Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Қазақтың белгілі ақыны, жазушысы, драматургі, және көрнекті қоғам қайраткері.


14.Топтық шығармашылық жұмыс.

Көктем

Постермен жұмыс. Даланы неге теңейсіңдер?

Жаз

Ойшыл балалар. Венн диаграммасы арқылы Табиғат пен ананы салыстыру.

Күз.

Ақындық өнер. Көктем тақырыбында бір шумақ өлең құрастыру



15.«Пантомимо» ойыны. Балалар қимыл арқылы жануарларды табады.


Топтық жұмыс.

«Мақал-мәтел» сайысы.


16.Сабақты бекіту

Сабақты қорытындылау

С.Сейфуллин кім «Топтастыру» стратегиясы




Қандай өлеңмен таныстық?

С.Сейфуллин қай жылы қайтыс болды.


Қызығушылықты ояту













Мағынаны тану











Жаңа сабақ















Ой толғау.

Үйге тапсырма

17. «ДАЛА» өлеңін жаттау.

Шағын эссе жазу. «Менің далам»тақырыбында 3 немесе 4 сөйлем немесе тақпақ құрастыру.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

18.Топ басшылар алдарындағы бағалау парақшасын толтыру.


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

19.Қолдарындағы смайликті қалаған нұсқаға жапсыру.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
915
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі