400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сабаннан панно жасау" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбекке баулу пәнінен өтілген ашық сабақ жоспары. Бастауыш сынып ұстаздарына көмегі тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пәні: Еңбекке баулу

Мектеп: №25

Күні: 21.04. 2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Бегалиева Бақытгүл

Сынып: 3

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:


Сабаннан көркем құрастыру. Сабаннан панно жасау.

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Сабаннан панно жасау жолдарын үйрету.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Сабан дайындау жолдарын біледі.


Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Сабаннан панно жасайды.


Кейбір оқушылар істей алады:

Сабаннан өрнек композициясын құрастырып, қобдишаны сәндейді.


Бағалау критерийлері

  1. Сабан дайындау жолдарын біледі.

  2. Сабаннан панно жасайды.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, бейнелеу өнері.


Тілдік мақсат

Оқушылар:

Не істей алады?

Сабаннан панно жасай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):

Панно, өрнек композициясы.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Құрастыру, жасап шығару дегенді қалай түсінесің?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Панно жасау үшін қандай жағдайларды ескеру керек?

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Сабаннан панно жасау.

Алдыңғы оқу

Панно туралы түсініктері бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы















2 мин









3мин















Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді.

I топ – «Панно»

II – «Икебана»

III – «Коллаж»

Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, т.б. жатады. Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебана, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды.

Қызығушылықты ояту.


Сөзжұмбақ шешу.

  1. Иненің серігі (жіп )

  2. Жібек, шыт, атлас ( мата )

  3. Киім тігетін құрал ( машина )

  4. Кесте тігетін жіп ( мулине )

  5. Тігінші құралы ( оймақ )

Қандай сөз шықты ( Панно )

- Панно дегеніміз не?

- Панно қоғамдық мәдени орындарын, үй –ішін көркемдеу үшін жасалған өнер туындысы.


























Ортасы



10 мин









20мин





































3 мин



4 мин










Тапсырма 1. Постермен жұмыс.

1.Сабан деген не? 2. Сабаннан не жасауға болады? 3. Сабанды қалай дайындайды?

(Мәтін таратылады, топта постер толтырылып, тақырып қорғалады )

Бас бармақ арқылы бағалау.

Тапсырма 2. Сарамандық жұмыс. Топпен жұмыс. Сабаннан панно жасау.

Жұмыстың орындалу реті: «Табиғат көрінісі» панносын қағаз бетіне саламыз.Сурет үстіне калька қағазын қойып, суретті айналдыра сызып көшірмесін калька бетіне түсіреміз. Дайын болған сабанның ішкі бетіне ПВА желімін жағып, калька бетіндегі сурет бейнесіне қатарлап жапсырамыз.Суретті сабанмен толық желімдеп шығамыз. Суретті сабанмен толық жапсырмалап болған соң, желімді кептіреміз. Кепкеннен кейін сурет бейнесін калька қағазының екінші бетінде көрініп тұрған сызықтары бойынша қиып аламыз. Қиып алынған бейнені панно негізіне калька қағазы жағына желім жағып, екінші рет желімдеу технологиясын орындаймыз. Нәтижесінде «Табиғат көрінісі» панносы дайын болады.















Сергіту сәті. « Өзіңді теңей біл » жаттығуы.



Тапсырма 3.

Жұппен жұмыс.

Схеманы пайдалана отырып, өрнек композициясын құрастыру.



Соңы


3 мин




















Кері байланыс.

Үйге тапсырма. Сабаннан өз ойыңнан қобдиша құрастыру.




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс



Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі