жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Халқымыздың салт-дәстүрі 4 сынып
Пәні: Әдебиеттік оқу Сынып:4
|
Жаңаөзен қаласы №9 орта мектеп Туркменбаева Дариға |
||||||||||||||
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||
Ортақ тақырып: |
Мәдени мұра |
||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Халқымыздың салт-дәстүрі |
||||||||||||||
Оқу мақсаты: |
4.1.4.1.Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді қолдану. 4.1.5.1.Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру. |
||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары: |
Барлығы:Білім алушылар ауыз әдебиеті және оның түрлерімен таныса алады. Көпшілігі:Шығармаларды өмірде болған оқиғалармен салыстыра алады. Кейбірі: Алған білімін өмірде қолдана біледі. |
||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
-Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді қолданып сөйлеуге үйренеді. -Қазақ халқының салт -дәстүрімен танысады. -Өз ойын тұжырымдап қорытынды шығаруға үйренеді. |
||||||||||||||
Ресурстар |
Интербелсенді тақта, оқулық, жұмыс дәптері, бейнеүзік, суреттер. |
||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Ана-мать-mother Бесік-колыбель-cradle Бала- ребенок- child |
||||||||||||||
Әдіс- тәсілдер |
«Жұбын тап», «Серпілген сауал», «Ой ашар», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Ой толғау» |
||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Анаға деген сүйіспеншілігін,тілге деген құрметтерін арттыру. |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Музыка, қазақ тілі |
||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Халқымыздың салт- дәстүрі, даналық сөздер. |
||||||||||||||
Сабақ барысы: |
|||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы: 6 мин |
1.Психологиялық ахуал: Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз. 2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: 3.Топқа бөлу: 4. 1-тапсырма «Жұбын тап» әдісі Берілген мақалдың, жаңылтпаштың, өтірік өлеңнің жалғасын тауып, өздеріне сипаттама береді. Б.К. Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді қолданып сөйлеуге үйренеді. |
Қима қағаздар |
|||||||||||||
Сабақтың ортасы: Тыңдалым – айтылым 5 мин
Тыңдалым - айтылым-жазылым 8 мин
Оқылым – жазылым 8 мин
Айтылым 5мин |
2-тапсырма Жеке жұмыс «Серпілген сауал» әдісі Ашық сұрақтар арқылы жаңа тақырыпқа түсу. О.М. 4.1.4.1.Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді қолдану. Барлығы:Білім алушылар ауыз әдебиеті және оның түрлерімен таныса алады. Қазақ халқының ауыз әдебиеті қалай тараған? Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіңдер? Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қандай айырмашылығы бар? Халық ауыз әдебиетінің маңызы қандай? Дескриптор: -Халық ауыз әдебиетінің қалай біздің дәуірімізге жеткенін біледі. - Оның түрлерін және маңыздылығын түсінеді. -Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығын анықтайды. ҚБ:«Шапалақ» әдісі арқылы бағалау.
Жұптық жұмыс «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Мейрамбек Бесбаевтің орындауында «Бесік жырын» тыңдау. Тапсырма: І топ: «Ана» сөзіне теңеу сөздер жазу Дескриптор: Ана сөзіне теңеу сөздер жаза алады. ҚБ: Смайлик арқылы бағалау ІІ топ: Суретпен жұмыс Осы дәстүрлерді қайдан көрдіңдер? Отбасыңда қазақ дәстүрлерінің қайсысы орындалады? Дескриптор: «Бесікке салу», «Тұсау кесу» дәстүрлерді тойларда көргенін, отбасында сәбилері бар үйлердің «Бесікке салу» күнде орындалатынын айта алады. ҚБ: Смайликтер арқылы бағалау ІІІ топ: Сұраққа жауап жазу. Неліктен салт-дәстүрді ұмытпай жалғастыру қажет? Дескриптор: Ата-бабадан мұра болған салт- дәстүрді жалғастыру туралы өз ойларын тұжырымдап қорытынды шығарып жауап бере алады. ҚБ; Смайликтер арқылы бағалау
«Шілдехана бесік той әнін тыңдау
Топтық жұмыс «Ой ашар» Сағатбек Медеубекұлының «Бесік жыры» мәнерлеп оқу. І топ: тапсырма: Жырдың мазмұнын қара сөзбен жазу Дескриптор: Өлеңді мәнерлеп оқи алады, жырдың мазмұнын жаза алады. ҚБ:«От шашу» әдісі арқылы бағалау. ІІ топ: тапсырма: Бесіктің суретін салу және оның қандай бөліктен туратынын атау. Дескриптор: Бесіктің суретін салады және оның бөліктерінің атауларын жазады. ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы бағалау. ІІІ топ: тапсырма: Ашық сұрақтарға жауап жазу -Бесік жырын кім айтады? -«Бесік жырында» сәбиге қандай тілек айтылған? Дескриптор: Өлеңді мәнерлеп оқи алады, сұраққа жауап бере алады. ҚБ:«От шашу» әдісі арқылы бағалау.
Ұжымдық жұмыс «Ой толғау» әдісі Тапсырма: Тұрмыс- салт жырларын топтастыру. Кестедегі сөздерді өзгертіп айту.
Дұрыс сөйлеу үлгісін анықтау.
Дескриптор: -Тұрмыс- салт жыр түрлерін топтастырып жаза алады. -Кестедегі сөздерді өзгертіп айтады. -Дұрыс сөйлеу үлгісін анықтайды. ҚБ: Комплименттер айту |
Интербелсенді тақта Суреттер
Бейнеұзік
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы: Кері байланыс Рефлексия 5 мин мин |
Мұғалім сыйы: «Бесікке салу» дәстүрін тамашалау «Кім көп біледі?» әдісі арқылы жүреді.
|
бейнеүзік |
|||||||||||||
Саралау: Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау: Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері? |
|||||||||||||
Саралау үшін жүргізілетін тапсырмаларда ерекше қабілетті білім алушыларға тапсырмаларды күрделендіріліп «Оқушыларды оқыту» әдісін қолданып жүргіземін. Қолдауды қажет ететін білім алушыларға саралап оқытудың «Хормен жауап беру», «Сыбырлау» әдісін қолданамын. |
Білім алушылардың меңгеру деңгейін дескрипторлар бойынша бағалаймын |
Тапсырма орындау барысында парталардың дұрыс орналасуы, білім алушының партаға дұрыс отыру ережесін сақтау, сергіту сәтінде кедергілердің болмауы. |
|||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген