Материалдар / Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: "Жай құрмалас" 4 сынып Қазақ тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: "Жай құрмалас" 4 сынып Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2018
622
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 4

Күні:

Сабақ:№39

Сабақ: қазақ тілі

Cабақтың тақырыбы: Жай сөйлем және құрмалас сөйлем 51-56-жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың сөйлем туралы алған білім-білік дағдыларын кеңейту. Құрмалас сөйлем туралы бастапқы түсініктерін кеңейту. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін дамыту,сөздік қорын молайтып, тіл байлығын,ой қорыту машығын арттыру.

Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа,сауаттылыққа,тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: СТО технологиясының элементтері, ВЕНН диаграммасы, интерактивті тақтамен слаидтар, кесте, суреттер, смаилинг, қоржын, асық

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, нұсқау, үйрету, жаттықтыру, ойын.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 3 минут

III. Үй тапсырмасын бекіту 5 минут

IV. Жаңа сабақ 25 минут

1. Жаттығулармен жұмыс

2. Шығармашылық жұмыс

V. Жаңа сабақты бекіту 5 минут

VI. Үйге тапсырма 2 минут

VI. Бағалау 3 минут

VII. Күтілетін нәтиже


Сабақ барысы:

I  Ұйымдастыру кезеңі:

4 топқа бөлу. (1,2,3,4) Әртүрлі жемістермен


Психологиялық ахуал:

Шаттық шеңберге тұрып

Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!


II  Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:


47-жаттығу.  Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.


Туған жерге туың тік. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Мен өз елімді сүйемін. Бірлік болмай, тірлік болмайды.


Жай, құрмалас сөйлем екенін ажырату.


- Балалар, бәріміз әткеншекке мінгенді жақсы көреміз бе?- Ендеше мен сендерге сұрақтар қоямын, дұрыс жауап беруге ұмтылыңдар.

«Әткеншек» әдісі. ( тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады).

1. Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не?

2. Сөз тіркесі дегеніміз не?

3. Синтаксис нені зерттейді?

4. Сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді?

 III  Жаңа сабақ

   Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ж ж көркем жазу


Оқулықпен жұмыс: «Ой қозғау»

51-жаттығу жұмбақтың шешуін тауып, оны жатқа жазу.

Дәу қара құс көрінді,

Көзінің жасы төгілді.             (бұлт)

« Мағынаны тану»

52-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып жай және құрмалас сөйлемдерді ажырату.


Жай сөйлем:  Құсбегі бүркіт салды.

Құрмалас сөйлем: Абай сәлем беріп үйге кіргенде, кең үйдің іші лық болған кісі екен.

Біз далаға шықсақ, боран басылыпты.    Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы.


Сергіту сәт Орнымыздан тұрайық

Қолды алға созайық.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары- төмен қарайық.

Орнымызды табайық

  • Балалар, қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

Shape1 тілашар

бShape4 Shape3 Shape2

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

есік той құда түсу

Shape5 беташар

тShape7 Shape6 Shape8 ұсау кесер



сүндет той шілдехана



54-жаттығу Суретке қарап,« Тұсау кесу »тақырыбына әңгіме құра







Топтық жұмыс

4 топқа шілдехана, сүйінші сұрау, тұсау кесер, сүндет той сияқты қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып өту.


«Ой толғаныс»


55-жаттығу«Жалғасын тап» ойыны

1. Ол бүгін үйге ерте келіп, бізге ас әзірледі.

2. Лезде аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауа бастады.

3. Жаз ыстық болса, қыс қатты болады.

4. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.

5. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.



56-жаттығу Сызбаға білімімізді түсіру





Shape10 Shape9 Сөйлем құрылымына қарай





Shape12 Shape11 Жай Құрмалас



Жалаң Жайылма



Қорытындылау:

-Балалар, бүгін біз не үйрендік?

-Құрмалас сөйлем деген не?

-Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі неде?

Венн диаграммасы

ЖShape14 Shape13 ай сөйлем Ортақ қасиет Құрмалас сөйлем






Үйге тапсырма:

53-жаттығу. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазу





Бағалау:  4 топ бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі



қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша



 Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Қазақ тілі 4-сынып Алматы «Атамұра» баспасы 2015 ж.

  2. Қазақ тілі оқыту әдістемесі Алматы « Атамұра» баспасы 2015 ж.

  3. Қазақ тілі Алматы Білім 1994 ж.

  4. Әдебиеттік оқу Алматы «Атамұра» 2015 ж.

  5. Қазақ мақал-мәтелдері « Алматы кітап » 2007 ж.

  6. Қазақтың салт-дәстүрлері Алматы 2014 ж.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!