Материалдар / Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Күкірттісутек және сульфидтер 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Күкірттісутек және сульфидтер 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар күкірттісутек пен сульфидтермен танысты. Оларға жалпы сипаттама жасап, алыну, физикалық және химиялық қасиеттерін атап өтті. Зертханада алыну мен өнеркәсіпте алынуының айырмашылықтарын атап өтті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
679
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Күкіртсутек және сульфидтер

Бөлім:

11.3C Азот және күкірт

Педагогтің аты-жөні:

Канатова У.К.

Күні:

28.02.2022

Сыныбы: 11 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Күкіртсутек және сульфидтер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.2.1.15 сульфид ионын тәжірибе жүзінде анықтау

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар үшін:

Сульфид ионын тәжірибе жүзінде анықтайды

Көпшілік оқушылар үшін:

Күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін анықтайды

Кейбір оқушылар үшін:

Күкірттісутектің қолданылуын біледі

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Психологиялық ахуал орнату. «Еркелету» жылулық шеңбері (Оқушылар бір бірінің қолдарын ұстап, оларды отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп, бүгінгі сабақ нәтижелі болу үшін жылы тілектерін бір біріне айтады).

Әр оқушылар Рандом лист арқылы кездейсоқ 3 топқа бірігеді.

І топ: Күкірт

ІІ топ: Күкіртсутек

ІІІ топ: Сульфидтер


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы



(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Алдыңғы білімді еске түсіру:

«WordWall» бағдарламасының «Ғажайып ұяшықтар» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру:

  • Аммиак синтезі процесін кім ашты?

  • Қай жылы алғашқы өндіріс іске қосылды?

  • Аммиак өндіруге қажет шикізат?

  • Реакция кезінде қысым мен температура қандай?

  • Аммиак синтезіне қолданылатын қысым?

  • Қолданылған қысымға байланысты әдістің неше түрі бар?

  • Реакцияны қандай температурады жүргізген қолайлы?

  • Синтез орындалғанда түзілген өнімнің шығымы?

  • Бастапқы газ қоспасын қандай қатынаста алады?

  • Технологиялық процестердің ерекшеліктері?








Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу 31 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Күкіртсутек H2S – ауадан сәл ауырырақ, шіріген жұмыртқа иісті улы газ. Күкіртсутек тыныс жолдарымен организмге енсе, қандағы гемоглобинмен байланысып, оттектің тасымалдануына кедергі жасайды.

Күкіртсутек құрамында күкірт қосылыстары бар түрлі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіру нәтижесінде түзіледі. Сарқынды судың, шұңқырлардың және қоқыстардың жағымсыз иісі бөлінген күкіртсутекпен түсіндіріледі. Сондай-ақ күкіртсутек жанартау газдарының құрамында, мұнай мен газ кен орындарында, минералды сулардың құрамында кездеседі.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Сульфид ионын тәжірибе жүзінде анықтайды

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Тапсырма

Жеке жұмыс

Таратпа қағаздар арқылы тапсырмалар таратылады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Тәжірбие жүргізеді


ДК экраны

11-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2.Тапсырма

Айналымдарды жүзеге асыр

1)S →SO2→SO3→H2SO4

2)S→H2S→S→FeS

3)SO2 → SO3 → H2SO4→ CuSO4

Бекіту тапсырмасы «Kahoot» тест тапсырмасы.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Тапсырманы орындайды


ДК экраны

11-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Бутерброд» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын стикерге жазу арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Бутерброд парағы


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:






Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шәріпхан Д.Е.

Химия пәнінің мұғалімі Анапьянова А.Д.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!