400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: «Отбасы –өмір өзегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: «Отбасы – өмір өзегі». Сабақтың мақсаты: балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: -отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру; -отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; -өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, шығармашылық жұмыс. Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, слайд, видео,карточкалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия

мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ











Сабақтың тақырыбы:

«Отбасы –өмір өзегі»







Пән: Өзін-өзі тану

Сынып: 6 «А» сынып

Мерзімі: «23» желтоқсан 2014

Мұғалім: Тайлакова А.Б.











2014-2015 оқу жылы



Пән: Өзін-өзі тану

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы – өмір өзегі».

Сабақтың мақсаты: балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

-отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

-отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, слайд, видео,карточкалар

Жоспары:

1.Шаттық шеңбері.

2. Жаңа ақпарат (слайд-1)

3. Ойланайық пікірлесейік (Өлең айту, әңгімелесу, топтық жұмыс).
4. Жаңа ақпарат.
(слайд-2)

5.”Отбасы құндылықтары ” бейне-сюжет.

6. Шығармашылық жұмыс. Үй тапсырмасымен жұмыс.

7. Топтық жұмыс : жағдаяттарды шешу (сұрақтарға жауап алу)
8.
Ойын. «Айналайын, толғанайын!»
9. Үйге тапсырма.(жеті ата)
10. Назар аударыңдар!Қорытынды бөлім
11. “Менің түйгенім” пікір жазу.Рефлексия
12. Жүректен жүрекке.


Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне мына сөздерді айтады: «Қайырлы күн аспан, қайырлы күн таң, қайырлы күн бәрімізге!».Жақсы көңіл күймен сабақты бастайды.


Жаңа ақпарат (слайд-1)

Сурет бойынша сабақтың тақырыбын анықтау.

Ойланайық, пікірлесейік! (топтық жұмыс)

Әңгімелесу жүргізу:

1.Отбасы, отбасы жарастығы дегенді қалай түсіңесіңдер?
2.Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
3.Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

Сонымен, отбасы дегеніміз - адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын.. адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп,

өмір сүретін орны. Отбасында бір-бірін аялап,кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.



Жаңа ақпарат (слайд-2)


Шығармашық жұмыс. Үй тапсырмасымен жұмыс. «Менің отбасым» эссе оқып, талқылайды.


«Әке естелігі» өсиет әңгіме

Ұлымның ең жақсы көретін ойыншығы құрастырмақ болатын. Бөлшектерімен әртүрлі нәрселерді құрастырғанды ұнататын. Қолым тиген кезде мен де қасына отырып бірге ойнайтынмын. Тағы қандай нәрселер жасауға болатынын үйретуге тырысатынмын. Екеуміз бірге отырып ат, түйе, ракета, робот, т.б нәрселерді құрастыратынбыз. Бір күні осылай ойынның қызығына беріліп отырған сәтте ұлым:

-         Әке, мен сізден ең қатты нені жақсы көремін, білесіз бе? – деді. Ойламаған жерден қойылған сұраққа тосырқап қалғанымды көргенде, балам өз-өзіне сенімді түрде:

-          Менімен бірге ойнаған кездеріңізді! - деген еді.



«Ананың жүрегі» өсиет әңгіме

Ертеде бірін-бірі ессіз сүйген екі ғашық болыпты. Сүйген жігітінің махаббатын сынамақшы болған ерке қыз: «Мені жан-тәніңмен сүйетінің рас болса, бар да, өз анаңның кеудесін қақ жарып, жүрегін маған алып кел!» дейді. Ғашықтықтан басы айналған әумесер, сүйген қызының әмірін екі етпей, анасының жүрегін кеудесінен жарып алып, дереу ғашығына қарай құйындата шауып келе жатқанда астындағы аты сүрініп, өзі құлайды. Сонда, баланың қолынан анадай жерге ұшып түскен ана жүрегі: «Құлыншағым-ай, бір жерің майып болған жоқ па?!» деп ышқына үн шығарыпты!



Жағдаяттарды шешу (сұрақтарға жауап алу)

1-жасылдар тобы.Саят өз ата – анасын басқа балалардың ата – аналарыменкөп салыстырады.Кейде -Саяттың өз ата – анасына көңілі толмай, реніш білдіретін кездері де болады.
- Саяттың іс – әрекетін қалай бағалайсың?
- Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?
2-қызылдар тобы.Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата – анасының жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
- Меруерттің немқұрайлығының себебі неде?
- Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетпейді деп ойлайсыңдар?
3-сарылар тобы. Ербол үйіндегі кәрі әже,атасының мазасыздығына құлағының нашар естейтініне ашуланады. Ол қарттардың да, ашуға қалай бой бергенін сезбей де қалады.
- Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
-Ерболға қандай кеңес бересіңдер?


Ойын. «Айналайын, толғанайын!»

Мұғалім оқушылардың ортаға кезекпен шығып, үлкен адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастырады. Мысалы: «Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің, қадамыңнан айналдым. Күлімдеген бота көзіңнен айналдым! Айналайын, құлыным!».

Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады.


Үйге тапсырма: «Жеті ата» жазу


Назар аударыңдар! Қорытындылау.

Отбасы дегеніміз - адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын.. адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп,

өмір сүретін орны. Отбасында бір-бірін аялап,кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді дәптерлеріңнің пікір жазу парағына толтырыңдар.


Менің сабақтан түйгерім:


Сабақ маған ұнады, себебі:..........................................................................

Сабақ маған ұнамады, себебі:.....................................................................

Сабақтан үйренгенім....................................................................................


Жүректен жүрекке.

Шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, жылы лебіз, тілектерін айтумен сабағымызды аяқтаймыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі