400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: "Қоршаған ортаның заттары мен геометриялық пішіндер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: қоршаған заттардағы геометриялық пішіндерді анықтау дағдысын қалыптастыру; Міндеті: балаларға геометриялық пішіндерге сай келетін заттарды қоршаған әлем мен суреттерден табуды үйрету, оларды қоршаған әлем мен ертегілердегі заттармен салыстыру, геометриялық пішіндердің түсі, формасы білімін бекіту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қоршаған ортаның заттары мен геометриялық пішіндер»

Білім беру саласы: Таным, Әлеумет. Коммуникация

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Қоршаған ортаның заттары мен геометриялық пішіндер»

Мақсаты: қоршаған заттардағы геометриялық пішіндерді анықтау дағдысын қалыптастыру;

Міндеті: балаларға геометриялық пішіндерге сай келетін заттарды қоршаған әлем мен суреттерден табуды үйрету, оларды қоршаған әлем мен ертегілердегі заттармен салыстыру, геометриялық пішіндердің түсі, формасы білімін бекіту;

Билингвалды комонент:

Геометриялық пішіндер – геометрические фигуры

Ертегі – сказка

Заттар – предметы

Әдебиет, құрал – жабдық, оқу ресурстары

«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру», демонстрациялық және үлестірмелі материалдар, геомертриялық пішіндер карточкалары, ертегі кітаптар мен ертегілер иллюстрациялары («Бауырсақ», «Үш аю», «Маша мен аю», «Үйшік», «Шұбар тауық» және т.б.). Заттық суреттер: вагондары бар поезд, ормандағы ағаштар, әуе шары, үйшік. Рефлексияға арналған смайлик белгілер.

І. Мотивациялық қозғаушылық кезеңі

«Ертегілерге қонаққа!»

Тәрбиеші балаларға ертегілерге қонаққа баруды тапсырады, ал қай ертегіге екенін балалар ертегілер мен ертегі кейіпкерін тану және атау тиісті. Жолда балалар ұқыпты, байқампаз, геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды таба білуі тиіс. Балалар келісім береді. Тәрбиеші вагондағы орындықтарға отыруды тапсырады. Поезд жүрді.......

Паровоз гуілдеп,

Жүрісті үдетті:

«Гу, гу, гу-гу гуілде

Алысқа қарай бетте»

Жасыл вагондар жүріп келеді.

Дөңгелектері айналып,

Желдей еседі.

ІІ. Ұйымдастыру – ізденіс кезеңі

  1. «Ойыншықтар қандай пішіндерден құралған?» дидактикалық ойыны



Мақсаты: қоршаған заттардан геометриялық пішіндердің формасын табуды үйрету.

  1. Поезд

Тәрбиеші вагондары бар поездың суретін көрсетеді (балалар ұқсастықтарды табады: дөңгелек – шеңбер, терезе – шаршы және т.б.)

  • Терезелердің шаршымен қай жері ұқсас? (4 қабырғасы, 4 бұрышы)

  1. Орман жиегінде

Тәрбиеші суреттерді көрсетеді, балалар ұқсастықтарды табады (ағаштар – шеңберлер, үшбұрыштар, күн – шеңбер, түбіршік - шаршы). Бауырсақпен кездеседі, ол өзінің өлеңін айтып береді. Балалар ертегі мен ертегі кейіпкерлерін айтады (Бауырсақ - шеңбер)

  1. Орманда

Жол-жөнекей арқадағы қораппен Қонжыққа барады. Балалар ертегіні, кейіакерді атайды. Ұқсастық табады: қорап – шаршы.

  1. Ормандағы үйшік

(Үй – үшбұрыш, шаршы). Үйде – Шұбар тауық жұмыртқа салды. (Жұмыртқа, ұя – шеңбер) және т.б.

  1. Әуе шарында (Шар - шеңбер). Үйге оралу.

Тәрбиеші саяхаттан кейін демалуды, жеңіл жаттығу жасауды тапсырады.

Сергіту сәті «Автокөліктерді – көлікжайға»

Тәрбиеші геометриялық пішіндерді таратады. Балаларға ойын ережелерін атайды.

  • Өздеріңді «көліктерміз» деп ойлаңдар, ал геометриялық пішіндер «көлік нөмерлері», «гараждар» - геометриялық пішіндердің белгілері бар орындықтар. Музыка орындалып тұрғанда «көліктер» топпен жүреді, ал музыка соңында «көліктер» көлікжайға тоқтайды. Көліктің геометриялық пішіні «көлікжайдың» геометриялық пішіні секілді болуы тиіс. Орындықтар орындарымен ауысады. Ойын еркін ойын уақытында қайталанады.

«Геометриялық пішіндерден құрастыр» дидактикалық ойыны

Мақсаты: геометриялық пішіндерді тәжірибелік қолдануға үйрету. Тәрбиеші әрбір балаға 3 геометриялық пішінді таратады. Мысалы, үйді құрастыру;

Ойын – жаттығу

«Тауып, орналастыр»

Тәрбиеші балаларға геометриялық пішіндер трафаретін бір-бірден тұрады және осы пішіндерге сай келетін қоршаған заттарға қоюды тапсырады.

Қосымша.

1.«Не өзгерді?».

Мақсаты: зейін, ес және байқампаздықты дамыту;

Тәрбиеші балаларға геометриялық пішіндерді қарап, олардың орналасу жерін есіне сақтауды тапсырады.

Балаларға көздерін жабуды өтінеді. Бір пішінді алып тастайды. Көздерін ашып, балалар не өзгергенін айтады. Ойын екі рет қайталанады.

2.Карточкалармен жұмыс (қосымша және жеке, логикалық ойлауды дамытуға)

ІІІ. Қорытынды – рефлексиялық кезең

Педагог ҰОҚ-ның ретроспективті бағасын (позитивті, мәндік, эмоционалды) береді. Бүгін қайда саяхаттадыңдар? Жаңадан не білдіңдер? Сендерге не қатты ұнады? Сендерге және ертегі кейіпкерлерін танып, ертегілерді атағандарыңа риза болдым. Сендер қоршаған заттардан геометриялық пішіндерді өте жақсы және жылдам табасыңдар. Жарайсыңдар!!!

Ертегі кейіпкерлері сендерге күн белгілерін сыйлайды. (Күн күліп, күлімдеп немесе мұңайып тұрады). Өз жұмыстарың үшін сендер смайликтер таңдаңдар. Ал сеендерге ертегі кейіпкерлері атынан кішігірім сыйлықтар таратып берейін!!! Балалар қуанады.

Жасайды: геометриялық пішіндер атаулары, олардың түсін ажыратады;

Түсінеді: заттардың геометриялық пішіндермен ұқсастықтары неден тұратынын біледі;

Қолданады: геомеетриялық пішіндермен сай келетін суреттерді және қоршаған әлемдегі заттарды таба алады;

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
1851
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі