Материалдар / Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар».

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1.Білімділік:Құстардың сыртқы пішіні мінез-құлқы туралы балалардың білімдерін тиянақтау. Қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру. 2.Құстар туралы ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту. 3.Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2020
599
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәрбиеші: Базарбаева А.К

Мекеме орны: №18 «Мирас» бөбекжай-бақшасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану.

Сабақтың тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар».

Мақсаты:

1.Білімділік:Құстардың сыртқы пішіні мінез-құлқы туралы балалардың білімдерін тиянақтау. Қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру.

2.Құстар туралы ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Балалар, Бұгін біздің жаратылыстану  оқу  іс-әрекетіне қатысуға  қонақтар  келіп  отыр. Қане барлығымыз шаттық шеңберді құрып сәлемдесіп алайық.

Шаттық шенбер:

Арайлап таң атты.

Кұн шуағын таратты.

Жарқырайды даламыз.

Жарқырайды қаламыз.

Қайырлы таң балалар.

Қайырлы тан қоңақтар.

Балалар отрыды жақсы көңіл

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабақ тақырыбымыз «Қыстап қалатын құстар» деп аталады.

-Ең алдымен, құстар туралы айтпас бұрын, бір жылда неше мезгіл бар екенің айтып өтсек?

Балалар: Төрт.

-Кім жыл мезгілдерің атап береді?

Балалар: Қыс,көктем,жаз,күз.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз.

Тәрбиеші: Күзде қандай өзгерістер болады?

Балалар:Күн суытады,жаңбыр жауады, адамдар жылы киінеді, жапырақтар сарғайып ағаштардан түседі.құстар жылы жаққа үшып кетеді.

Тәрбиеші:Балалар, сендер көргілерің келедіме қалай құстар жылы жаққа ұшып кететің.

Балалар дөнгеленіп отырады.

Балалар, кұзде бұкіл кустар үшып кетпиді кейбір құстар калады.

Кәне барлығымыз экранға назар аударамыз:

СЛАЙД.

Қысқы құстарға: қарға, көгершін, сауысқан, торғай жатады екен.

-Балалар жылы жаққа ұшпайтын, суыққа төзімді құстарды қысқы құстар деп атаймыз. Қысқа қарай олардың қауырсындарының астындағы мамық жүндері қалыңдайды, сондықтан олар суықта тоңбайды, төзімді болады.

Балалар кейбір ағаштар мен бұталарда қураған жапырақтар сақталып қалады құстар соны азық етеді. Қыста оларға қар астынан дән тауып жеу өте қиын, сондықтан олар үйдің маңайына ұшып келеді.

Адамдар, құстарға жемсауыт жасап, оған нанның қоқымын, жем салып қамқорлық көрсетеді.


































































































Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде  құстар  патшалығы  болыпты. 

Патшалықты  басқаратын  ханзада  және  ханшайымы  болыпты. 

Құстар  патшалығының  ханшайымы  бізге  қонаққа  келеді.

Құстар  патшалығының  ханшайымы

Сәлеметсіздер  ме, қонақтар!

-Сәлеметсіздер  ме,  балалар!

Мен  құстар  патшалығының  ханшайымымын.

Құстар  тақырыбында  ашық  оқу  іс – әрекеті  өтіп  жатыр  деп  естіп  әдейі 

қатысуға  келдім.

Көрдіңдер  ме,  балалар  менің  сиқырлы  3  сандығым  бар.

–   Мынау  жай  сандығым.

–   Мынау  күміс  сандығым.

–    Ал  мынау  алтын  сандығым.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, қандай  әдемі  сандықшалар!

Ханшайым  сандықтарыңызды  алып  көрсетіңізші.

–  Сандықтың  ішінде  не  бар екен?– деп  біздің  балалар  асыға  тосып  отыр.

Ханшайым:  Балалар  менің  тапсырмамды  орындасын,  сонда  сандықтар  ашылады.

Тәрбиеші: Балалар  ханшайымның  тапсырмасын  орындап  сандықтарды  ашып  көрейік.

Ханшайым: Балалар 1 –ші  тапсырмамды  орындасаңдар  жай  сандық  ашылады.

Мұқият  тыңдаңдар!

1 тапсырма: Менің  қысқы  құстарым  туралы  қандай  тақпақтар  білесіңдер?

Арыстан:

Қарға,қарға,қарғалар.

Қар үстінде жорғалар.

Боранды күн жел соқса,

Бұтаға барып қорғандар.

Ерсұлтан:

Тысқа шықсам аппақ қар,

Басып қапты маңайды.

Тал басында қарғалар.

Тамашалап қарайды.

Аружан.Е

Ала қанат саусқан

Құртты көрсе жабысқан

Бір томардан – томарға

Секен-секен ауысқан.

Ханшайым: 

Жарайсыңдар, балалар!

1-ші тапсырманы өте  жақсы  орындадыңдар!

Жай  сандық  ашыл!

Жай  сандық  ашылады.

-Балалар,   шаршаған  боларсыңдар  сергіту  жаттығуларын  жасайық.

СЕРГІТУ СӘТІ:

Ханшайым:  Енді 2- ші  тапсырмамды  орындап  күміс  сандықты  ашуларыңа  болады.

2 – тапсырма:

Менің  құстарымды  қорғау,қамқорлық

жасау  туралы  қандай тақпақтар  білесіңдер.

Ералы:

Біз қамқоршы баламыз

Құстарға ұя саламыз

Жем су беріп қыс бойы,

Балапаның бағамыз.

Айжан:

Торғай, торғай, торғайсың.

Жақын келіп қонғайсын.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязда тоңбайсын.

Жанель:

Құс ұясын бұзбаңдар,

Балапанын алмаңдар.

Құстар біздің досымыз,

Обалына қалмаңдар.

Каусар:

Таспен атып торғайды

Ұя бұзған оңбайды

Құс өкпелеп кетеді

Бақшамызға қонбайды.

Ханшайым:  Балалар,  сендер  2-ші  тапсырмамды  мүлтіксіз  орындаңдар!

Күміс  сандық  ашыл!

Күміс  сандық  ашылады.

Ханшайым:

– Балалар  енді 3 –ші тапсырмамды  орындап  алтын  сандықты  ашуларыңа  болады.

3 тапсырма:

Менің  құстарым  туралы  қандай  тиым  сөздер  білесіңдер?

Балалар:Құстын ұясын бұзба.

Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.

Құсқа тас лақтырма.

Аққуды атпа.

Ханшайым:

-Жарайсыңдар,  балалар!  Сендер 3- ші  тапсырманы да  өте  жақсы 

орындадыңдар!

Алтын  сандық  ашыл!

(Алтын  сандық  ашылады).



Ханшайым:

Жақсы  достар, сендер  менің  құстарым  туралы  көп  тақпақ  тиым 

сөздер  біледі  екенсіңдер.

Сендер менің  құстарыммен  дос  екенсіңдер! 

Құстарды  қорғап,  қамқорлық  көрсетеді  екенсіңдер. 

Мен  сендерге  өте  риза  болдым.

-Балалар  сендерге  әкелген  сыйлығым  бар  еді  соны  тарту  етейін

-Балалар, мен  енді  қайтайын

-Сау  болыңдар.


Ойын «Қыстап қалатың құстарды жемсауытың жанына жина»


-Балалар  барлығың  бүгінгі оқу  іс-әрекетіне  өте  жақсы  қатыстыңдар. 

-Балалар,  сонымен  қыстап  қалатын  құстарға  қандай  құстар  жатады  екен?

-Қыста құстарға қалай камқор жасаймыз?

-Бізге қоңақа қім келді?

Өздеріңнің  білімді,  зерек,  алғыр,  тапқыр  балалар  екендіктеріңді 

көрсете  білдіңдер.

Рефлекция

Құстарды халқымыз ерекше бағалаған.Өз балаларын балапаным деп еркелеткен. Әншімізді «бұлбұлға»

Батырымызды «қыранға», сұлуымызды «аққуға»теңеген халықпыз.

Сондықтан балалар құстарды аялап,қамқор болайық!

Мадақтау. Киндер сюрприз беріп.



Күтілетін нəтиже:

айтады:қыстап қалатын құстардың кейбірінің атауларын біледі;

түсінеді: қыста құстарды тамақтандыру қажеттігін біледі;

қолданады: құстарды сырт келбетіне қарай ажырата алады.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!