ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Сабақтың тақырыбы: Сын
есім
Теміртау
2017
2-сынып
Қазақ тілі
пәні
Күні: 20.04.2017 Уақыты: 13:30
Сабақтың
тақырыбы: Сын
есім
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар
орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске
түсіру, кеңейту. Жаңа технология арқылы белсенділіктерін, сабаққа
деген қызығушылығын бақылау.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрістерін
танымдық қабілеттерін, сөздік қорын . Шығармашылық қабілетін
дамыту.
Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, тілді
құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Жаңа
сабақ
Сабақтың
әдісі: ойын
технологиясы,
Пән аралық
байланыс: Әдебиеттік
оқу
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слаид,
суреттер, тапсырмалар. Том және Джеридің
бейнебаяндары.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі.
-Сәлемдесу. Оқушылардың
назарын аудару. Құралдарын түгендеу.
Психологиялық
кезең:
-Балалар бүгін бізге сабаққа
қонақтар келіп отыр. Олар Том және Джери. Біз оларға өз білімімізді
көрсетейік. ( том және джери бейнежазбада сөйлейді. Алдын ала бейне
жазбаға дайындап аламын)
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау.
– Балалар үй тапсырмасына не
берілді? Жарайсыңдар орындадықпа? Үйге берілген 417-жаттығуды
тексеру.
-
Етістік дегеніміз
не?
-
|
Дара
етістік
|
Күрделі
етістік
|
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
|
3
|
3
|
ІІІ Жаңа сабаққа кіріспе:
Ал балалар келесі Том және Джеридің бізге дайындап келген
тапсырманы көрейік. (Слаид 3)
1. Жанды сағат, айқай
салады.
2. Қанаты бар ұшпайды, су
астында қыстайды.
3. Жерде туып көкте
өледі.
4. Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ
қашады.
5. Жылт-жылт еткен, жырадан
өткен.
6. Дегендей ешкім тимесін,
алыпты қадап инесін.
7. Өзі жап-жас мұрты бар, Ет
пен сүтке ұмтылар.

Түсіндіру:
-Қандай сөз шықты? Дұрыс
айтасыңдар сын есім. Балалар қай сөз табы
шықты? Бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы балалар сын есім. Сын есім жайлы, ол жайлы
білуіміз үшін әртүрлі жаттғулар мен тапсырмаларды орындайтын
боламыз.
-Балалар сын есім дегеніміз
заттың сынын, сапасын, түсін, түрін, дәмін білдіреді. Оларға
Қандай? Қай ? деген сұрақ қойылады. Мысалы: әдемі көйлек, ұзын
жігіт, тәтті алма, т.б. (балалармен ережені
қайталау)
Дәптермен
жұмыс.
430-жаттығу. Ауызша орындау. Мына өлең
шумақтарынан сын есімді тауып айтыңдар. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар!
(Слаид 4)
Шыршамызға
тағылған
Қызыл, жасыл
моншақтар
Жер ақ көрпе
жамылған,
Қандай қызық сол
шақтар!
-Балалар Том және Джери
сендерге қызықты ойындар дайындап келіпті. Ойнаймызба? Ендеше
бастадық! Экранға назар аударайық. (Слаид
5)
Ойынның мақсаты сын есім
сөздерді ажырата білуге үйрету.
“Менің бағытым”
ойыны
1. тәтті
жар
2. тік
адам
3. тегіс
қант
4. суық
қоян
5. сұр
су
6. ақылды
жер
432-жаттығу (ауызша). Осы
сөздерден сын есім жасап жазыңдар.
Ақыл, ой, білім,
өнер.
Біл, жүз, тап,
тер.
Сергіту
сәті: Балалар Том және Джеридің
тапсырмаларынан біраз шаршап қалған секілдіміз, ендеше бір серігіп
алайық. (Видеоролик арқылы сергіту сәтін
жасау)
433 – жаттығу. Кестеге сын
есім бола алатын сөздерді жаз. Оларға сөйлем құра. Сөйлем құрап
айту (ауызша).
Ақ көйлегім
бар.
Үлкен сөмке
әкелді.
Алмұрт тәтті
екен.
V Қорыту .
–Балалар Том және Джеридің
бізге арналған ең соңғы тапсырмалары бар екен. Орындаймызба?
Жарайсындар, бастадық
“Бұл не? Бұл кім?” ойыны.
Мақсаты: Сын есім сөздерді дұрыс ажырата білуге, оларға сұрақ қо
білуге үйретеді.
Сипатталған заттарды
тап.
Ақ, тәтті, қатты, ұсақ – бұл
не?
Домалақ, жұмсақ, үрленген –
бұл не?
Ащы, қызыл, жасыл – бұл
не?
Тәтті, нәрлі, қызыл, сары, көк
– бұл не?
Том және
Джери: жарайсындар балалар, сендер
барлық тапсырманы орындап шықтыңдар. Біз сендерге ризамыз.
Өзіміздің мультихикая әлеміне барып сендерді мақтаныш ретінде айтып
жүретін боламыз. Рахмет балақайлар, сау болыңдар келесі
кездескенше!!! (бейне жазбаға алдын ала дайындап
аламын)
ҮІ Үй
тапсырмасы: 433- жаттығу. 132 бет. «Менің
бөлмем» атты тақырыпқа әңгіме құра.
ҮІІ.
Бағалау. Сабақта жаттығуларды
орындаған оқушыларға баға қою