400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Түспен көңіл-күйді көрсету. Жақын түстер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 2-сынып оқушыларына арналған. Балаларға түспен көңіл- күйді көрсету, жақын түстер жайында түсінік қалыптастыру, пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылығы: есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелігі: Әр түрлі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бойындағы мінез-құлқын, эмоциясын зерттеу, бақылау
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ











Сабақтың тақырыбы:

Түспен көңіл-күйді көрсету. Жақын түстер































Теміртау 2017

2-сынып

Бейнелеу пәні

Күні: 25.04.2017 Уақыты: 14:45

Сабақтың тақырыбы: Түспен көңіл- күйді көрсету. Жақын түстер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балаларға түспен көңіл- күйді көрсету, жақын түстер жайында түсінік қалыптастыру, пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылығы: есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Әр түрлі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бойындағы мінез-құлқын, эмоциясын зерттеу, бақылау;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: дүниетану

Көрнекілігі: Плакаттар, түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, және тағы басқа, түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар, ояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Сәлемдесу. Оқушылардың назарын аудару. Құралдарын түгендеу. Тазалыққа назар аудару;

Психологиялық кезең:

- Балалар бүгін қандай мақсатпен келіңдіңдер?

- Жақсы білім аламын деп келдім

- Жақсы баға аламын деп келдім

- 5 аламын деп келдім

- Жарайсындар балалар алға қойған мақсаттарың өте жақсы екен!

Мақсаттарыңа жетіңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

– Балалар үй тапсырмасын орындадықпа? Ендеше мен тексеріп шығайын.

Жаңа сабаққа кіріспе: (Сабақты оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы бастаймын)

-Балалар сендер қандай түстерді ұнатасыңдар? Сендер білесіңдерме әрбір түсте бір құпия сыр бар екенін? Бүгінгі біздің сабағымыз осы құпия түстер яғни, түспен көңіл- күйді көрсету, жақын түстер жайында білетін боламыз.

ІІІ Жаңа сабақ.

Түсіндіру: - Ал балалар бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық. Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыз түспен көңіл- күйді көрсету, жақын түстер. Мына шығармалардың көңіл - күйін қалай сипаттар едің? Тандап алынған гамма шығарманың көңіл күйіне калай әсер еткен?

I. Жансүгіровтің мына өлең жолдары қай шығармаға дәл келеді?

Жазыла есінеп жапан қыр,
Маужырап сұлап, балбырап.
Даладан, таудан көшті нұр,
Салбырап, сам жамырап.





Мына шығармаларды салыстыр. Мұндағы түстер гаммасы әр түрлі. Тыныштық әсерін туғызатын жүмысты жазарда пайдаланған түстер мен реңктер жақын түстер деп аталады. Ал мерекелі, қарбалас сәтті немесе көтеріңкі көңіл күйді білдіретін шығармалардағы түстерді қарама-қарсы деп атайды .






































Өзіңе таныс түстер шеңберіне назар аудар. Онда қатар орналасқан түстер бір-біріне ұқсайды. Қызыл түс сәл күлгінге және қызғылт сарыға, ал қызғылт сары түс сарыға ұқсас. Бүл кездейсоқ емес, себебі қызғылт сары мен күлгін құрама түстер және олардың құрамында қызыл түс бар. Ал жасыл сарыға да, көкке де ұқсайды. Жасыл түс қандай түстерден құралғанын есіңе түсір. Түстер шеңберінде қатар орналасқан түстер бір-біріне ұқсас болады. Сондықтан оларды жақын түстер дейді. Жақын түстердің байланысын түстер реңкі (нюанс) деп те атайды.

Альбоммен жұмыс. – Балалар бүгін біз кактустың суретін салайық. Өздеріңе ұнайтын түстерді пайдаланып бояйық. Суретті салмас бұрын кактустың бейнесін есімізге түсірейік. Кактус ол қандай гүл? Көргендеріміз бар ма? Үйде бұл өсімдікті өсіресіңдер ме? Жарайсыңдар балалар суретті салып бастайық. (кактустың бейнесін бір рет көрсетемін)

V Қорыту . Балалар суретті болған болсақ, маған жинап беріңіздер. Мен оны тексеріп, бағаларынды қойып беремін. (эксперементтің нәтижесін өңдеу үшін альбомдарын жнап аламын.)

Симантикалық карта арқылы арқылы сабақты қорытындылаймыз.

ҮІ Үй тапсырмасы: Суық және жылы түстерді қолдана отырып шығармашылық жұмыс орындау.

ҮІІ. Бағалау. Үй жұмысын орындап келген оқушыларды бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі