400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сабырлы болу қиын ба! 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды сабырлы болуға шақыру.Оқушыларды өз ойларын анық жеткізуге дағдыландыру, өзгелердің пікірін тыңдай білуге үйрету; сөздік қорларын байыту, адамгершілік қасиеттерін бойларына дарыту, өмірде сабырлы болуға шақыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Сабырлы болу қиын ба?
Мақсаты: Оқушыларды берілген тақырып бойыншы сөйлету, өзгелердің пікірін тыңдай білуге үйрету; сөздік қорларын байыту, адамгершілік қасиеттерін бойларына дарыту, сабырлы болуға шақыру.


Міндеттері:

- сабырлы адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

- Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

- сабырлыққа тәрбиелеу


Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, ойтүйін жасау, сұрақ – жауап, топпен жұмыс. 
Түрі: пікірталас - сабақ 
Өтілу барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі :

-оқушылардың назарын сабаққа аударту;

-психологиялық дайындық;

-шаттық шеңбері,сәлемдесу.


1. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім:

-Салеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар!Бүгінгі біздің «Сабырлы болу қиын ба?» тақырыбындағы пікірталасқа қош келдіңіздер.Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Көңіл күйлерің қалай?

Мұғалім оқушыларға шеңбер құрып тұруды ұсынады.

-Осындай сабырлы , ақылды, білімді, қайырымды жандарды көргеніме қуаныштымын. Ендеше біз бір-бірімізге күлімсіреп, мейірімімізді шаша отырып, бүгінгі сабағымыз көңілді , әрі жарасымды аяқталуы үшін бір-бірімізге жақсы көңіл- күй тілейік.

Оқушыларға сабырлық туралы видеоролик көрсету

2. Негізгі бөлім.
Енді өзіміздің негізгі тақырыбымызға көшейік. Алдымен сабырлылық дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушыларды тыңдап көрейік.
Оқушы: Сабырлылық адам бойына екі жолмен дариды. Бірі – туа біткені де, екіншісі адамның өзін - өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Ой - санасы қалыптаса бастаған бала ең алдымен өзіне осы сабырлықты серік еткені жөн деп ойлаймын.
Оқушы: Сабырлылық адамның өз мінез - құлқына ие бола алатындығын көрсетеді. Өзіңе сабыр, сабыр деп жүрсең көптеген ыңғайсыз жағдайлардан құтыласың. Сондықтан да сабырлы бола біліңдер деп айтқым келеді.
Оқушы: Адам болған соң кейде біреудің абайсызда айтқаны көңілді ауыртады. Кейде арты ұрыс - керіске айналып кетеді. Осындайда адамға сабырлылық өте керек деп ойлаймын.


жShape3 Shape2 Shape1 ақсы адам           ақкөңіл           жаны таза          бірлік

 Shape4                                                                           махаббат

 

шShape9 Shape5 Shape7 Shape8 Shape6 ыдамды                   Сабырлы адамнын бойындағы қасиеттер                            рақымшыл


Shape12 Shape11 Shape10  

 

махаббат                                               бауырмалдық



 

жылы жүректі        сүйіспеншілік            қамқорлық         достық.



«Ойланайық, пікірлесейік» бөлімі 
1. Оқушыларға мақал-мәтелдер беріледі «Сабыр түбі – сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» 
 


Шығармашылық әрекет. Тапсырма бойынша оқушылар сабырлық кестесін толтырады. Күннің бейнесін жасайды. 
«Сабырлық» «Мейірімділік».

І топ: ІІ топ:

Сабырлық адам қасиеттері: Сабырлық істер:

Сабырлы ,Адал, Ақылды, Үлкенге көмек,Ізгілік,

Ашық жарқын,Кең пейілдік, Қайырымдылық,Қамқорлық,

Сезімталдық,Дарқандық, Барымен бөлісу,Қол ұшын беру

Жомарттық. Жанашыр болу. 


«Көрініс» Жан жарасы жазылмайды.
«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын екі рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға …. (болады),

Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),

Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),

Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),

Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),

Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),

Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),

Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),

Жаман болуға …. (болмайды),

Сабақты бекіту:

-Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет сабырлық туралы білдіңдер.

Оқушылар тақтада ілінген сабырлы адам және сабырсыз адамның деңгейін анықтау.



Бағалау:

-Балалар сіздер бүгін сабаққа  барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысым көп.



«Жүректен-жүрекке» шеңбері

-Балалар барлығымыз шеңберге тұрып бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар  бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай  жылы сөздер айтады, мысалы «Ғазиза сен ғажайыпсың, Ақжол сен ақкөңілсің т.б».





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
813
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі