400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сабырлылық пен ұстамдылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін түсіндіре отырып, адамның ішкі тыныштығының маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: • Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылықтың адамның ішкі тыныштығына сезінуіне, әсер ететініне түсінік беру; • Оқушылардың ұстамдылық пен сабырлылық таныта білу дағдыларын дамыту; • Оқушыларды шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: Мерзімі: ________


Тақырып: Сабырлылық пен ұстамдылық

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: сабырлық, мейірімділік, ұстамдылық

Мұғалім: Кенжетаева Ш.С Сынып – 5 сынып


Сабақтың мақсаты: оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін түсіндіре отырып, адамның ішкі тыныштығының маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылықтың адамның ішкі тыныштығына сезінуіне, әсер ететініне түсінік беру;

  • Оқушылардың ұстамдылық пен сабырлылық таныта білу дағдыларын дамыту;

  • Оқушыларды шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.


Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.

Жаймен көзінізді ашуға болады.


Топқа бөлу. Түрлі түсті смайл арқылы екі топқа бөлу.


Ой шақыру


1.
Сабырлылық дегенді қалай түсінесіңдер?
2.
Адамға қандай жағдайларда ұстамдылық керек деп ойлайсыңдар?
3.
Сабырлылық слақтағанда қандай күйде боласыңдар?
4.
Өзің ұстамдылық таныту үшін не істедің?


  1. Үй тапсырмасын тексеру. Мәтінмен жұмыс.

Би

. Сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

  1. Сабырлы болу қиын ба?

  2. Сабырлы, төзімді болу арқылы неге жетуге болады?



  1. Дәйексөз

«Ақыл - адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»

М. Әуезов
- Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?

- Ішкі тыныштықты қалай орнатуға болады
?


Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.


3. Әңгімелеу

 Аңыз әңгіме «Сабыр суы»

Бір адамның басында мынадай оқиға өтіпті. Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады:

  • Маған әрдайым көршілерім тиіседі, біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес , көмек сұрап келіп отырмын. Не амал етсем екен?

Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды.Содан соң бір құты су береді де:

  • Осы су саған көмектесу тиіс. Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек ,- дейді. Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді:

  • Сірә, суға бірдеңе қосып берген болсаңыз керек. Сіз берген судың көмегі тиген еді.Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім.Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді.Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы «жырын» қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды,- деп тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп:

  • Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген кәдімгі су.Оның саған көмегі-көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше өзіңді-өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың,- дейді.


Талдау сұрақтары:

  1. Көршінің тыныштығы неліктен бұзылып, мазасыздана берді?

  2. Сіздер үшін сабырлы адам қандай болу керек?

  3. Сабырлы адамды ең бақытты адам деп айтуға бола ма?



4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


Оқушылар топпен жұмыс жасайды.



Қорытынды.

СDrawObject1 абырлы және басқаның сөзін байыппен тыңдайды

ұDrawObject3 DrawObject2 стамды адам өз ашуын тежей біледі

әр ісін ойлап, ақылмен шешеді.

3.Топтық жұмыс

(Әуен жайлап қосылып тұрады) . Екі топтағы оқушылар өлең құрастырады. Үздік құрастырған топтың өлеңі сабақтың соңында оқылады.

Айгерім Қалаубаеваның өлеңін мұғалім сөзін өзгертіп өлең шығарады.Оқушыларға өз беттерімен ұқсастырып, өлең шығару тапсырылады.

«Көңілді күн»

Мұғалімнің үлгісі

Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол

.................................шыдамды бол.

Сабырлы да ұстамды бола білу

...............................тыныштықты.

Қайырмасы:

...........................сабырлымыз

Шыдамдымыз,төзімдіміз

Жарасымды, тартымды,ұстамдымыз

.......................әрқашан.


  1. Топпен ән айту

«Көңілді күн» А.Қалаубаеваның әні

«Біз үйде де, аулада сабырлымыз» мұғалімнің үлгісі

Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол

Қызбалыққа салынбай шыдамды бол.

Сабырлы да ұстамды бола білу

Сездіреді жүрекке тыныштықты.

Қайырмасы:

Біз үйде де , аулада сабырлымыз

Шыдамдымыз, төзімдіміз.

Жарасымды, тартымды,ұстамдымыз

Ұстамдымыз әрқашан.




6. Үй тапсырмасы

23 сабақ. 81 беттегі «Адал бала» ертегісін оқып, мазмұндау.



  1. Соңғы тыныштық сәті.

Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар.

Баяу әуен орындалып турады.

Бүгінгі сабақтане үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. «Мен сабырлымын,ұстамдымын.Мен үйде де, аулада , мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар.Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңді ашуларыңа болады. Сабағымызда алған әсерлеріңізді жүректерімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!! Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.




























Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.

Жаймен көзінізді ашуға болады.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
911
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі